Соңғы жаңалықтар

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі 2026 жылдың 31 қаңтар күні сағат 11.00-де ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты

Подробнее »

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі

Подробнее »

31.12.2025 ж. Жаңа жылдарыңызбен!

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі жаңа жылдарыңызбен құттықтайды! Сізге мерекелік көңіл-күй, өмірде сәттілік және қызықты оқиғалар тілейді! Сіздерді жаңа 2026 жылы музейде күтеміз! Музей 2026

Подробнее »

17.12.2025 ж. Суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесі

2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Бұл — адамның

Подробнее »

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі 2026 жылдың 31 қаңтар күні сағат 11.00-де ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізеді.

Кітаптың негізгі өзегі – әке тұлғасы, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі мен ұлттық рух.

Мерекелік шара барысында келушілер автордың шығармашылық жолымен танысып, кітапқа енген балалар өлеңдерінен үзінділер оқылады, автордың әндері орындалады, өнер және әдебиет өкілдері өз пікірлерін білдіріп, ақ тілектерін жеткізеді.

«Әкеге сағыныш» жинағы – отбасы институтын, әкенің бала өміріндегі орнын көркем сөз бен саз арқылы насихаттайды. Еңбектің авторы Салтанат Сұлтанова – балалар әдебиеті мен ән жанрында жемісті еңбек етіп жүрген шығармашыл тұлға. Оның туындылары республикалық «Ақ желкен», «Балдырған», «Ұлан» басылымдарында тұрақты жарияланып келеді. Жиырмадан аса әні мектеп оқушылары арасында кеңінен таралып, орындалып жүр. Ол – «Балауса кездер, қайдасың?» кітабының авторы, «Қазақстан авторлар қоғамы» РҚБ-нің мүшесі.

«Әкеге сағыныш» – жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын, үлкендерге ой салатын, қоғам үшін маңызы зор рухани еңбек. Кітап тұсаукесері – әдебиет пен өнерсүйер қауым үшін тағылымды мәдени шара болмақ.

Байланыс телефондары:
264-
55-66,  8 707 598 57 53