Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

2026 жылғы 30 наурызда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі (бұдан әрі – ҚР ҰОМ) Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесін ашады.

Көрме Қазақстан археология ғылымның алғашқы академиялық экспедицияларының бірі – Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының (бұдан әрі – ОҚАЭ) 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

1946 жылы көрнекті ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың бастамасымен алғашқы академиялық археологиялық экспедиция құрылды. Экспедицияны атақты қазақстандық ғалым, тарихшы, археолог, этнограф, филолог және фольклортанушы Әлкей Хақанұлы Марғұлан басқарды.

Экспедиция жылдар бойы аймақтың ежелгі тарихы туралы құнды ғылыми деректер жинақтады. Экспедиция құрамында үш негізгі отряд болды: Ә.Х. Марғұлан жетекшілік еткен топ қола дәуірінің соңғы кезеңі мен ерте көшпелілерге өтпелі кезеңді зерттеді; Әбдеш Оразбаев андрон мәдениетінің қоршауларын қазумен айналысты; ал М.Қ. Қадырбаев ерте көшпелілер мәдениетін зерттеді. Сонымен қатар экспедиция жұмыстарына әр жылдары Галина Пацевич, Анна Максимова, Тамара Сенигова, Лев Кызласов, Кемел Ақышев, Ғабдулла Кушаев, Халел Алпысбаев және басқа да ғалымдар еңбек етті.

Бұл кезеңде аймақта индустрияландыру қарқынды жүріп, пайдалы қазбаларға бай өңір елдің маңызды өнеркәсіп орталығына айналды. Экспедиция қызметі Қазақстандағы археология ғылымының қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ Қазақ КСР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтындағы археология бөлімінің құрылуына тікелей ықпал етті (қазіргі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты).

Көрменің мақсаты – Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының Қазақстанда  археология ғылымының қалыптасу маңыздылығын кеңінен таныстыру, оның ежелгі тарихты зерттеуге қосқан үлесін және ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін көрсету.

Көрмеде ОҚАЭ – ның жүргізген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған бірегей материалдар ұсынылады. Музей қорына ең алғашқы болып  1946-1949 жылдары Атасу І, Атасу ІІ, Бұғылы І-ІІ қоныстарындағы қазба жұмыстары барысында табылған материалдарды  1957 жылы  Ә.Х. Марғұлан өткізген.

Экспозиция үш тақырыптық бөлімнен тұрады:

I-бөлім-қола дәуірі. Бұл бөлімде Атасу, Беғазы, Ақшатау, Бұғылы, І-ІІ, Байбала І, Қомағал І, Қанаттас, Айшырақ, Сенгір ІІ, Былқылдақ І-ІІ-ІІІ, Шерубай-Нұра, Ақсу-Аюлы, Мыржық және Ұлытау қорымдары мен қоныстарынан табылған археологиялық жәдігерлер ұсынылады. Келушілер қыш, әшекейлер (оның ішінде жыртқыш аң тісінен жасалған тұмарлар мен қола моншақтар) бұйымдар, қару-жарақ және ат әбзелдерін көре алады.

II-бөлім-ерте темір дәуір. Экспозиция Тасмола мәдениетінің ескерткіштері Ақмұстафа (б.з.д.VIII-VII ғғ.) және Қарамұрын, Толағай қорымдарынан табылған заттарды қамтиды. Бұл жәдігерлер ежелгі көшпелілердің тұрмысын, мәдениетін және әскери ісін айқын көрсетеді.

III бөлім – орта ғасыр. Сырлытам, Болған ана және Жошы хан кесенелерінен алынған сәулеттік қаптама тақташалар және тас мүсіндер, қыш ыдыстар ұсынылады. Бұл экспонаттар ортағасырлық Қазақстандағы өнер мен сәулет өнерінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі

Алматы қ-сы, «Самал-1»,  44 үй.  www.csmrk.kz., е-mail: csmrk1986@mail.ru
Байланыс телефоны: +7 (727) 264 23 90                           ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ