Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай дәстүрлі «Музей түні – 2026» мәдени-танымдық акциясы өтеді. Акция аясында музейлік педагогика бөлімі балаларға арналған арнайы танымдық-ойын-сауық бағдарламасын ұсынады.
🔹 музей залдарына арнайы экскурсиялар;
🔹 танымдық квест-ойындар;
🔹 викторина мен интерактивті тапсырмалар;
🔹 шығармашылық және ойын белсенділігі;
🔹 «Ертегі әлеміне саяхат» бағдарламасы.
Іс-шара балалардың тарих пен мәдениетке қызығушылығын дамытуға, музей кеңістігін дәріптеуге және заманауи интерактивті білім беру ортасын құруға бағытталған.
