Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының бірлесіп, 2026 жылдың 2 шілдесінде Ұлттық домбыра күніне арналған «ҚАСИЕТТІ ДОМБЫРА – ҰЛТ МҰРАСЫ» атты мерекелік фестивалін өткізеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыраны дәріптеу, жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру және рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау.
Фестиваль аясында қатысушылар тәлімгер-ұстаздардың жетекшілігімен Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Динаның күйлерінен құралған попурри орындап, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.
Шараның танымдық бөлімінде балалар мен ересектерге арналған викторина ұйымдастырылып, қатысушылар қазақтың күй өнері, домбыра тарихы және ұлттық аспаптар туралы білімдерін ортаға салады, сонымен қатар, іс-шара барысында ұлттық музыкалық аспаптардың белгілі шебері Мейрбек Дильманов домбыра бойынша шеберлік сабақ өткізіп, домбыра жасау өнерінің қыр-сырымен бөліседі.
Қатысушылар Қазақстанның ұлы тұлғалары пайдаланған ұлттық аспаптардың түпнұсқа көшірмелерінен құралған көрмемен танысып, музей кинозалында «Ақсақ құлан» анимациялық фильмін тамашалауға мүмкіндік алады.
Байланыс телефондары:
264-46-77, 8 747 607 81 47