Соңғы жаңалықтар

28.11.2025 ж. Қали Қораласбаевтың «КИЕЛІ МЕКЕН» жеке шығармашылық көрмесі

2025 жылдың 28 қарашасы күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде ҚР мәдениет үздігі, суретші, мүсінші, карикатурашы Қали Қораласбаевтың «КИЕЛІ МЕКЕН» есептік жеке шығармашылық

Подробнее »

19-26.11.2025 «Шығыс  базары» тоғызыншы  пэчворк-фестиваль көрмесі

2025 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде пэчворк пен квилтингтің дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнеріне арналған тоғызыншы «Шығыс базары» пэчворк-фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл

Подробнее »

19.11.2025 ж. «Шығыс  базары» тоғызыншы  пэчворк-фестиваль көрмесі Алматыда тоқыма өнерін сүйетіндер үшін есігін айқара ашады.

Алматы, Қазақстан, 2025 жыл, 19-26 қараша Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде пэчворк пен квилтингтің сәндік-қолданбалы өнеріне арналған «Шығыс базары» тоғызыншы көрме пэчворк-фестивалі өтеді. Бұл маңызды

Подробнее »

17.11.2025 «Ойшылдар алаңы» ғылыми-зияткерлік ойын іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2025 жылғы 17 қараша күні Халықаралық студенттер күніне орай «Ойшылдар алаңы» ғылыми-зияткерлік іс-шарасы өтті. Ұлттық орталық музейдің мәдени-білім беру ошағы

Подробнее »

13.11.2025 «ПАТРИОТТАР УАҚЫТЫ» патриоттық фильмінің көрсетілімі

17 қараша Халықаралық студенттер күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейде 13 қараша күні сағат 14.00-де «ПАТРИОТТАР УАҚЫТЫ» патриоттық фильмінің көрсетілімі өтеді. Көрсетілімге шақырылған қонақтар

Подробнее »

01.11.2024 «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі ашылды.

Көрмені ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Харипова Рашида Ерімқызы ашып, бұл бірегей шара Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы мәдени және стратегиялық байланыстарды нығайтуға бағытталғанын, сондай-ақ көршілес елдерді барлық саладағы серіктестік қарым- қатынастар мен ынтымақтастық байланыстыратынын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Консулы Сорокина Наталия Геннадиевна көрменің ашылуымен құттықтап: «Фотоөнер саласындағы мәдени кәсіби қауымдастықтар арасындағы өзара ынтымақтастық пен байланысты күшейту, сондай-ақ келушілерді үш елдің мәдениетімен, дәстүрлерімен және қазіргі дамуымен таныстыру бүгінгі фотокөрменің басты мақсаты», – деді өз сөзінде.

Мәдени шараның құрметті қонақтарықатарында Кәсіби Фотографтар Лигасының Президенті Ксения Лебедь, «Цифрлық фотосуретшілер мен фотографтар» Одағы қоғамдық қорының Президенті Дарье Дунич те бар.

«Қазақстан, Қытай, Ресей. Қуат палитрасы» көрмесінде үш елдің табиғатының сұлулығы мен мәдени мұрасын, сондай-ақұлттық құндылықтары мен даму жетістіктерін көрсететін 600 фотосурет ұсынылды. Біз бұл көрме мәдени байланыстарды нығайтудағы және елдер арасындағы ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер жасаудағы маңызды қадам болатынына сенімдіміз.

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстанның жетекші мәдени-білім беру орталығы, ол тарихи мұраны, мәдени және білім беру бастамаларын дамытумен танымал етуге белсенді ықпал етеді.

Қытайдың ғылыми-танымдық фильмдер мен телебағдарламалар қауымдастығы – ғылыми және білім беру контентін ілгерілетумен, мәдени байланыс пен ынтымақтастық үшін бар күшін салады.

«Фото және видеотүсірілім» журналы – қытайдың жетекші басылымы, фотография мен фидеотүсірілімнің заманауи жетістіктеріне, сондай-ақ мәдени байланыс пен кәсіби дамуға арналған.

Ресейдің кәсіби фотографтар лигасы – 2014 ж. Ксения Лебед негізін қалаған, фотографтарды біріктіретін алаң болып табылатын бүкілресейлік коммерциялық емес ұйым. «Біз Еуропалық дипломдар мен біліктілік алуға көмектесеміз, көрмелдер, дәрістер ұйымдастырамыз, сауда көрмелеріне қатысамыз. Лиганың басты міндеті – көпшілікке жогары сапалы суреттерді насихаттау».

«Фотографтар мен цифрлық фотосуретшілер одағы» ҚБ-ң президенті Дарья Дунич: «Бірлестік өнерге және жалпы фото мәдениеттің дамуына ұқсас көзқарастары бар кәсіби фотографтар мен фотоәуесқойлар мүддесін білдіреді».