Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесіп, 2026 жылы 19 наурыз күні сағат 10:00-де «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесін ашады. «ҮШ ҰРПАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ»

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы мен Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні сағат 11.00-де «Наурызнама» онкүндігі аясында,

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

25.02.2026 ж. «Қаңлы археологиялық деректер негізінде» атты көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты бірлесіп тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Подушкиннің екі томдық «Қаңлы  мемлекеті б.д.д. II

Подробнее »

16.06.2025 ж. «ЧЮРЛЁНИС ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ: ӨНЕР МЕН ӘУЕН ҮЙЛЕСІМІ» литвалық суретшінің халықаралық көрмесі

2025 жылғы 16 маусым күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Литва Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының ынтымақтастығымен ұйымдастырылып отырған атақты литвалық суретші және композитор Микалоюс Константинас Чюрлёнистің шығармаларына арналған  «ЧЮРЛЁНИС ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ: ӨНЕР МЕН  ӘУЕН ҮЙЛЕСІМІ»   халықаралық репродукциялар көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Көрменің мақсаты — қазақстандық көрерменді Чюрлёнистің шығармашылығымен таныстыру, кескіндеме мен музыканың арасындағы өзара байланысын көрсету, сондай-ақ өз туындылары арқылы Ғаламның үйлесімін жеткізуге ұмтылған суретшінің философиялық ойлары мен дүниетанымын жеткізу.

Суретші туралы және оның Литва үшін маңызы

Микалоюс Константинас Чюрлёнис (1875–1911) — Литва тарихындағы ең көрнекті суретшілер мен композиторлардың бірі. Оның шығармашылығы символизм, модерн және романтизм бағыттарын үйлестіре отырып, терең философиялық мазмұнмен, бай қиялмен және көркемдік-музыкалық сезімталдықпен ерекшеленеді. Чюрлёнис өз кескіндемелерінде ішкі ырғақ пен әуенді жеткізуге ұмтылды, бұл оның өнерін әлемдік көркем кеңістікте бірегей құбылысқа айналдырды.

Чюрлёнис Литваның мәдени мұрасында ерекше орын алады. Ол ұлттық жаңғырудың және елдің рухани байлығының символына айналған тұлға. Қысқа ғұмыр кешкеніне қарамастан, ол Литва өнерінің дамуына айрықша үлес қосып, тек алғашқы кәсіби литвалық суретшілердің бірі ғана емес, сонымен қатар ұлттық болмысты қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Чюрлёнис шамамен 300-ге жуық кескіндеме және графикалық туындыларды дүниеге әкелді. Оның туындыларының түпнұсқалары Литва ұлттық өнер музейінде, Каунас өнер галереясында және жекеменшік коллекцияларда сақталған. Сонымен қатар ол 200-ден астам музыкалық шығарма жазып қалдырған, олардың қатарында симфониялық поэмалар, фортепианолық пьесалар мен хорға арналған композициялар бар. Чюрлёнистің шығармалары бүгінгі таңда да жаңа ұрпаққа шабыт беріп, литвалық халықтың табиғатпен, мифологиямен және ғаламмен терең байланысын танытады.

«Чюрлёнис әлеміне саяхат: Өнер мен  әуен үйлесімі»   көрмесіне Чюрлёнистің символистік және мистикалық дүниетанымын бейнелейтін ең маңызды 20 туындысы енген. Олардың қатарында «Әлемнің жаратылысы», «Теңіз сонатасы» топтамалары және автордың рухани-философиялық көзқарасын көрсететін жекелеген шығармалар бар. Әрбір туынды көрерменге суретшінің идеясы мен көркемдік тәсілдерін түсіндіретін мазмұнды мәтінмен сүйемелденеді.

Көрме көрерменге суретшінің бірегей әлемін ашуға, оның философиясын сезінуге және көркемдік танымының тереңдігін түйсінуге мүмкіндік береді. Бұл — Литва мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды ұлы өнер арқылы нығайтатын маңызды мәдени оқиға болмақ.

Көрменің ресми ашылу салтанатының бағдарламасы:

  • ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының м.а. СЕРЖАН БАРАХАНҰЛЫ САРОВ-тың құттықтау сөзі.
  • Алматы қаласындағы Литва Республикасының Бас консулы, Гвидас КЕРУШАУСКАСТЫҢ құттықтау сөзі.
  • Алматыдағы қ. Литва Республикасының Бас консулдығының кеңесшісі, мырза АНТАНАС ШАТАС ұсынатын Чюрлёнис өнеріне арналған презентация.

Фондық музыка ретінде М.К. Чюрлёнистің шығармалары орындалады, бұл қонақтарға суретші әрі композитордың ішкі әлеміне терең бойлауға мүмкіндік береді.

Көрменің жұмыс уақыты: 2025 жылғы 17–26 маусым аралығында, күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сейсенбі – демалыс күні.