Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

Білім беру мекемелерімен ынтымақтастық

ҚР Ұлттық орталық музейінің мәдени-білім беру қызметінің маңызды аспектілерінің бірі Алматы қаласындаға оқу орындарымен, мектептер, гимназиялар, колледждермен қарым-қатынас жасау: балаларды тәрбиелеуге және оқытуға, сондай-ақ Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын дәріптеуге бағытталған білім беру бағдарламаларын жасау болып табылады. Музей мен мектеп арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасын орнату үшін музей маңызды мәдени, ғылыми-білім және ақпарттық-кеңес беретін орталық болып табылады. Музей қызметкерлері оқу орындары мен педагогтарды мәдени-білім қызметі туралы ақпараттандыру, оқытушыларға ортақ жұмыс жүргізу мәселелері бойынша кеңес беру туралы түрлі жұмыстар атқарады.

Музей білім беру Департаментімен және Алматы қаласындағы оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста. ҚР ҰОМ-інде өтетін іс-шаралардың белсенді қатысушылары: студенттер, оқушылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері және Алматы қаласы мен ауданының мамандандырылған оқу орындары.

Жаз мезгілінде (маусым-шілде) музей мектеп жанындағы лагерлермен және туристермен жұмыс жүргізеді.

2014 жылы Алматы қаласындағы 200-ге жуық жеке меншік мектептер мен колледждер оқушылары музейдің іс-шараларына белсенді түрде қатысып, экспозициялық залдарымен танысып, экскурсиялар тыңдады.

Соңғы жылдары музеймен Экономика және құқық колледжі, Ақпараттық технологиялар колледжі, Сервис және технология колледжі, Т. Жүргенов атындағы колледж, О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, Экономика және құқық колледжі, Халықаралық колледж, Құрылыс және менеджмент колледжі, Алматы педагогика колледжімен белсенді түрде тығыз байланыс жасап келеді.

Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарымен жұмыс

Музей қызметкерлері музейге келушілердің санын арттыру, білім деңгейін көтеру және мәдени мұраны насихаттау мақсатында Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы жоғарғы оқу орындарының студенттерін музейде өтетін түрлі іс-шараларға қатыстырып отырады.

Студенттер тақырыптық көрмелердің ашылуына шақырылады, концерттік бағдарламаларға қатысады, мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесіп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесулерге қатысады, сонымен қатар олар қайырымдылық іс-шараларына еріктілер ретінде де қатысады. Музей жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына және студенттерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, музейтану бойынша түрлі сұрақтарға жауап алуға көмектеседі.

Музей 10 жыл бойына директорлар мен мұғалімдердің «Тамыз оқулары» қалалық кеңейтілген мәжілісіне белсенді түрде қатысып келеді. Білім басқармасымен ынтымақтастықта білім қызметкерлерінің «Мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты дамуының факторы ретіндегі білім берудің инновациялық стратегиясы» атты кезекті Тамыз кеңесіне қатысты. «Музей мен мектептің ынтымақтастығы: жұмыстың бағыты мен түрлері» тақырыбына баяндама даярланды.

№ 62 орта мектеп мұғалімдеріне арналған секциялық мәжіліс

Мектеп директорларына арналған отырысқа қатысу ( №148 мектеп)

Музей Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы оқу орындарын ынтымақтастыққа шақырады.