17.04.2026 ж. «БІР АСПАН АСТЫНДА» халықаралық заманауи өнер көрмесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен Britrise Ltd (Лондон, Ұлыбритания) компаниясының ұйымдастыруымен 2026 жылы 17 сәуір күні сағат 16:00-де «БІР АСПАН АСТЫНДА» халықаралық заманауи өнер көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге Шейх Рашид Аль Халифа және оның RAK (Бахрейн Корольдігі) қорының өкіл ретінде қатысуы біз үшін зор мәртебе. Ашылу салтанатына өзі келе алмаса да, оның жобаға атсалысуы […]
03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды ұсынылып, әрбір шығарма ішкі әуенге, уақыт динамикасына және образдың эмоциялық қуатына толы бірегей кеңістік қалыптастырды. Автор туындыларында натюрморт жанрына ерекше мән берілген. Суретшінің интерпретациясында бұл жанр жаңа сипатқа ие болып, […]
02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби суретшілер мен жас авторлардың шығармашылық ізденістерін тоғыстырған маңызды мәдени оқиға. Экспозиция аясында Қазақстанның әр өңірінен келген қылқалам шеберлерінің 150-ге жуық туындысы ұсынылған. Көрмеде станоктық графиканың әртүрлі бағыттары мен техникалары қамтылып, […]
30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесін ашты. Көрме Қазақстан археология ғылымның алғашқы академиялық экспедицияларының бірі – Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының (бұдан әрі – ОҚАЭ) 80 жылдығына орай ұйымдастырылды. 1946 жылы көрнекті […]
20.03.2026 ж. «Анам менің бояуларымда» көрмесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Genius» даму орталығының ұйымдастыруымен «Анамның көркем келбеті» атты балалар көркемөнер көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Аталған көрме әрбір баланың өміріндегі ең жақын әрі қымбат жан — анаға арналған. «Анамның көркем келбеті» көрмесі баланың жан-жақты дамуына көркем білімнің маңызын, отбасыға деген құрметті қалыптастырудағы және рухани, отбасылық құндылықтарды нығайтудағы рөлін айқын көрсетеді. «Genius» […]
19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды. «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген сәулетшілер қауымдастығының барлық өкілдерін біріктіріп, келушілерге отандық сәулет өнерінің өткен тарихын және қазіргі даму барысындағы жетістіктерін кеңінен таныстырды. Көрмеде 1936 жылдан бергі Қазақстан […]
18.03.2026 «Наурыз. Ұрпақтар диалогы» атты көркемөнер көрмесі
🌿2026 жылғы 18 наурыз күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде қазақ мәдениетіндегі ең жарқын әрі мағыналы мерекелердің бірі — көктемгі жаңару, татулық пен дәстүр сабақтастығының символы саналатын Наурыз мейрамына арналған «Наурыз. Ұрпақтар диалогы» атты көркемөнер көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда ұстаздар мен олардың шәкірттерінің туындылары тоғысып, ұрпақтар арасындағы шынайы көркем диалогты қалыптастырады. Бұл диалогта […]
18.03.2026 ж. «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрме
2026 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Наурызнама» онкүндігінің Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Дәстүрлі киім – кез келген халықтың мәдени коды мен тарихи жадының айқын көрінісі. Ол арқылы ұлттың дүниетанымы, шаруашылық-тұрмыстық ерекшелігі, табиғи ортаға бейімделуі, әлеуметтік құрылымы мен эстетикалық талғамы танылады. […]
16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және ғылыми-практикалық конференциясы
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай, Алматы қаласында алғаш рет «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. 2024 жылдан Президент тапсырмасымен бастау алған Наурызнама онкүндігіндегі 16 наурыз – […]
04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара аясында «Мәдениетте мәңгілік із қалдырған тұлға» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылып, онда ҚР Ұлттық орталық музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар және Арқалық […]