Соңғы жаңалықтар

13.02.2026 ж. «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» тақырыптық көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі 2026 жылғы 13 ақпанда сағат 16.00-де Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығымен бірлесе отырып, «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде:

Подробнее »

04.02.2026 ж. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш және жылжымалы көрмесі

2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш пен

Подробнее »

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты жас оқырмандарға арналған жинақ кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді.​

Подробнее »

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі

Подробнее »

05.03.2025 ж. “АБАЙ ЖОЛЫМЕН” бірегей көркемөнер туындыларының ұжымдық көрмесі

2025 жылдың 5 наурызы сағ.: 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетімен бірлесіп, «Өнер факультетінің» профессор-оқытушылары, студенттері мен түлектерінің қатысуымен ұлы ойшыл әрі ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған “АБАЙ ЖОЛЫМЕН” бірегей көркемөнер туындыларының ұжымдық көрмесін ашады.

Бұл айтулы мәдени оқиға Абай шығармашылығының сан қырлылығының және ұлы тұлғаның Қазақстанның көркемөнер мәдениетіне өлшеусіз ықпалының жарқын көрінісі, сондай-ақ Абай идеяларын түсіндіруде дәстүрлер мен жаңашылдықты біріктіретін ұрпақтар арасындағы шығармашылық диалог алаңына айналады. Ұсынылған әрбір өнер туындысы – ақынның мұрасы, оның философиясы және мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтары туралы терең ой.

Абай шығармашылығының мәні болып табылатын ұлттық бірегейлік тақырыбына айрықша назар аударылатын болады. Жас суретшілердің, оқытушылардың ұлы ойшылдың жас ұрпақты жігерлендіре шабыттандыратын идеяларын танытатын жұмыстарынан олардың ақын мұрасын қабылдаулары көрінеді.

Көрмеде өнер факультетінің дарынды студенттері, оқытушылары мен түлектерінің 80нен астам өнер туындылары ұсынылады. Экспозиция төмендегідей көркемдік техниканың ауқымды спектрін қамтиды:

  • Кескіндеме (майлы бояу, акрил, акварель): Абайдың портреттері, оның өлеңдері мен поэмаларына иллюстрациялар;
  • Графика( гравюра, линогравюра, ою): ұлы ақын шығармаларының графикалық интерпретациясы;
  • Сәндік-қолданбалы өнер (ұлттық ою-өрнек, тоқыма, киіз, зергерлік өнер): Абай жазған бай мәдени мұрадан шабыт алған туындылар.

Қазақстанның: Темірхан Ордабеков, Нұрлан Қилыбаев, Мәлік Қайдаров, Серғазы Құсайынұлы Жаманқараев, Құрман Қалиұлы Мұратаев, Майра Сыздыққызы Нүрке, Мият Баймекеевич Джанаев және басқа да көрнекті суретшілерінің еңбектеріне айрықша назар аударылады.

Көрме аясында университет оқытушылары мен студенттерінің:

  • Дәстүрлі қазақ кескіндеме және графика өнерінің техникасы;
  • Киіз өңдеу, былғары және кестелеу өнерін қоса алғанда, ұлттық қолөнер түрлерінен шеберлік-сабақтар өткізіледі.

“Абай жолымен” көрмесі — бұл жай ғана экспозициялық көрме емес, бұл тарихқа шолу, қазақ мәдениетінің тұңғиығын сезіну және ұлы Абай Құнанбаевтың мұрасына деген жаңа көзқарас. Біз барлық шығармашылық және өнер сүйер қауымды аталмыш іс-шараға қатысуға және шығармашылық, дәстүр және мәдени мұраны жаңғыртуға куә болуға шақырамыз!