Соңғы жаңалықтар

29.11.2025 ж. Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық мәдени іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі 2025 жылғы 29 қараша күні сағат 11.00-де Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық мәдени іс-шарасын өткізеді. Шараның

Подробнее »

26.11.2025 «Батыр бабалар мемориалды» музейінің бірлескен «Түркілердің дәстүрлі қару-жарақ жүйесі: даму тарихы, құрылымы, этномәдени қызметі» халықаралық дөңгелек үстелі өтті

2025 жылдың 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен «Батыр бабалар мемориалды» музейінің бірлескен «Түркілердің дәстүрлі қару-жарақ жүйесі: даму тарихы, құрылымы, этномәдени қызметі» халықаралық

Подробнее »

28.11.2025 ж. Қали Қораласбаевтың «КИЕЛІ МЕКЕН» жеке шығармашылық көрмесі

2025 жылдың 28 қарашасы күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде ҚР мәдениет үздігі, суретші, мүсінші, карикатурашы Қали Қораласбаевтың «КИЕЛІ МЕКЕН» есептік жеке шығармашылық

Подробнее »

19-26.11.2025 «Шығыс  базары» тоғызыншы  пэчворк-фестиваль көрмесі

2025 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде пэчворк пен квилтингтің дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнеріне арналған тоғызыншы «Шығыс базары» пэчворк-фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл

Подробнее »

19.11.2025 ж. «Шығыс  базары» тоғызыншы  пэчворк-фестиваль көрмесі Алматыда тоқыма өнерін сүйетіндер үшін есігін айқара ашады.

Алматы, Қазақстан, 2025 жыл, 19-26 қараша Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде пэчворк пен квилтингтің сәндік-қолданбалы өнеріне арналған «Шығыс базары» тоғызыншы көрме пэчворк-фестивалі өтеді. Бұл маңызды

Подробнее »

Өзге айрықша коллекциялар

Бонистика.

Музейдің бонистика коллекциясын Қазақстан азаматтары тарапынан сыйға тартылған қағаз ақшалар (29000 мың шамасында) құрайды. Оның құрамында патшалық Ресей, КСРО, қазіргі Ресей және тәуелсіз Қазақстанның қағаз ақшалары бар. Көне қағаз ақшалардың ішінен Ресей империясының мемлекеттік кредиттік билеттерін (1898 жылғы 1 рубль, 1899 жылғы 50 рубль, 1909 жылғы 5 рубль, 1910 жылғы 100 рубль және 1912 жылғы 500 рубль) ерекше атап өтуге болады. 1899 жылғы 50 рубльдің артқы жағындағы дөңгелек медальонда патша Николай І портреті, 1910 жылғы 100 рубльде патшайым Екатерина ІІ, 1912 жылғы 500 рубльде Петр І бейнелері берілген. Сонымен қатар 1917 жылғы 250 рубль мемлекеттік кредиттік билетінде Уақытша үкіметтің екібасты бүркіті бейнеленген.

1993 жылы қолданысқа енген Тәуелсіз Қазақстанның ақшалары да қорда сақтаулы. Ол ақшаларға Қазақстан тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған Абылай мен Әбілқайыр хандардың, шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби, ақын-ойшыл Абай Құнанбайұлының, айтыскер ақын Сүйінбайдың, ғалым-ағартушы Шоқан Уәлихановтың және т.б. суреттері бейнеленген.

І Петр бейнеленген 500 рубл. 1912 ж.

Сфрагистика.

Коллекцияда сфрагистика саласына қатысты 98 мөр сақталынып отыр. Коллекциядағы мөрлерді шартты түрде әкімшіліктік-құқықтық, жеке тұлғалық және әртүрлі мөрлер деп топтастыруға болады. Мөрлер коллекциясының негізін XIX ғасырдың 60-90 жылдарында патшалық Ресейдің қазақ жерінде жүргізген әкімшіліктік-құқықтық реформасына байланысты пайда болған халық соттарының, билердің, болыстар мен ауыл старшындарының мөрлері құрайды.

Сондай-ақ осы коллекцияда «Алаш» партиясының белсенді мүшесі, дәрігер, ғалым Халел Досмұхамедовтың (1883-1939), Торғай губерниясының әскери комиссары Әліби Жангелдиннің (1884-1953), ең алғаш Қазақстан топырағын зерттеген профессор А.И. Безсоновтың, Ұлы Отан соғысы кезінде әскери емханаларда қызмет атқарған Е.А. Садуақасованың, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі А.Нүсіпбековтың (1909-1983) жеке тұлғалық мөрлерін ерекше атап өтуге болады.

Әртүрлі мөрлер қатарына 1815 жылы император болған II Напалеонның суреті салынған француз мөрін, Шығыс Бұқара төтенше қаржы комитетінің нұсқаушы инспекторының мөрін жатқызуға болады.

Верный қаласы халық сотының (1919-1921) мөрі

Фалеристика.

Коллекцияда фалеристика саласына қатысты XIX-XX ғасырларға жататын 12 мыңға жуық орден, медаль, белгілер бар. Олардың ішінде XIX ғ. ортасындағы қазақ би-болыстарының лауазымдық белгілері, Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіне (1939-1945) қатысты «Совет Одағының Батыры», «Ленин», «Қызыл Ту», «Еңбек Қызыл Ту», I, II дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз», I, II, III дәрежелі «Даңқ» ордендері, сонымен қоса, «Тың игеру», «Социалистік Еңбек Ері», «Ардақты ана» және тағы басқа жәдігерлер ерекше тарихи мәнге ие.

Сондай-ақ Қазақстанның тарихы мен мәдениетінде елеулі мұра қалдырған Б.Момышұлы, К.Бәйсейітова, Ә.Қастеев, С.Қожамқұлов, І.Есенберлин, Ғ.Мұстафин және басқа да жеке тұлғаларға тиесілі ордендер мен медальдар да сақтаулы.

 Филателия.

Коллекцияда кеңестік және Тәуелсіз Қазақстан кезеңіне тиесілі 11000-нан астам марка, 1000 пошта конверттері сақтаулы. Алғашында маркалар жеке коллекционерлер мен «Союзпечать» баспасынан алынса, кейіннен «Қазпошта» АҚ тарапынан өткізілді.

Тәуелсіз Қазақстан маркаларының негізін ҚР-ның Туы, Елтаңбасы, ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал спортшылар, әртістер, жазушылар, ғалымдар бейнеленген жәдігерлер құрайды. Сондай-ақ елімізде халықаралық дәрежеде өткізілген симпозиумдар, саммиттер, конференциялар мен жекелеген мерейтойларға арналған маркалар да бар.

Қазақтың хандары Абылай мен Әбілқайырға арналған маркалар

Филокартия.

Филокартия коллекциясын (пошта ашықхаттары) 1000-нан астам сақтам бірлік құрайды. Қорға аталмыш жәдігерлер негізінен коллекционер Подгорныйдан сатып алынған және «Эдельвейс» баспа үйі сыйға тартқан. Коллекция тақырыбы Қазақстанның көрнекті қалалары, құттықтау хаттар және әртүрлі шақыру билеттерінен тұрады.

Открытка с изображением гербов городов Казахстана.