ҚР Мемлекеттік орталық музейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша жоспарлы түрде тоқсан сайын ұйымдастырылатын түсіндіру және оқыту дәрісі өтті.
Іс-шара барысында музей қызметкерлері келесі тақырыптар аясында ақпарат алды: «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты», «Комплаенс қызметі», «Қаржылық бақылау қызметі», «Аудит-бақылау қызметі» және олардың арасындағы функционалдық айырмашылықтар. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтаудың артықшылықтары жайында да жан-жақты мәлімет берілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – музей қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ, осы бағыттағы мәдениетті қалыптастыру.
Дәрісті музейдегі комплаенс қызметіне жауапты маман А. Б. Алтыбаев жүргізді.



