Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби

Подробнее »

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

16.10.2025 «Күзгі симфония: балалар мен тәлімгерлер» балалар шығармашылығы көрмесі

2025 жылғы 16 – 30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Тұмар-Арт» оқытушы-суретшілер ассоциациясы және олардың талантты шәкірттерінің қатысуымен Алматы қаласының үздік көркемсурет студияларының жұмыстарынан тұратын көрме өтеді.

«Күзгі симфония: балалар мен тәлімгерлер» — түрлі буындар арасындағы шығармашылық диалог. Мұнда жас таланттардың шынайылығы мен тәжірибелі суретшілердің көркемдік тереңдігі ұштасады. Ассоциация құрамындағы ұстаздар халықаралық және республикалық көрмелерге тұрақты түрде қатысып қана қоймай, жаңа буынды тәрбиелеуге де зор үлес қосуда. Олардың шәкірттерінің басым бөлігі түрлі деңгейдегі өнер байқауларының жүлдегерлері атанған.

«Тұмар-Арт» ассоциациясы өз қызметінде өнер әлемінің байлығын көрсететін көптеген көрнекті жобаларды жүзеге асырды. Олардың қатарында: «Қалалық қызғалдақтар фестивалі», «Арт-Флора», «Бояулар құпиясы», «Ғалам палитрасы», «Сұлулық аумағы», «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең», «Алматы – мың бояулы қала», «Шабыт уақыты», «ART MIX», «Атамекен» және басқа да шаралар бар. Бұл көрмелер мәдени өмірде айрықша орын алып, өнерге деген қызығушылықты арттырып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтты.

«Күзгі симфония: балалар мен тәлімгерлер» көрмесі күз тақырыбындағы түрлі жұмыстарды ұсынады. Аталмыш көрмеде балалардың шығармашылық әлеуеті мен олардың тәлімгерлерінің кәсіби шеберлігі көрініс табады.

Көрменің мақсаты — әр түрлі буын өкілдері өз өнері арқылы күздің ерекше көңіл-күйін, бояуларын және бейнелерін жеткізуі. Күз — табиғаттың өзгерістерге дайындалатын ерекше кезеңі. Бұл көрме шығармашылық ынтымақтастық, идеялар алмасу және шабыт алу алаңы ретінде ұйымдастырылып, әр қатысушы — тәжірибелі шебер ме, жас өнертапқыш па — күз мезгіліне деген жеке көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады.

Экспозицияда табиғаттың сұлулығын, күзгі өнімнің берекесін және күз мезгілінің поэтикалық бейнесін көрсететін, кескіндеме, графика, сулы бояу, пастель және коллаж сияқты түрлі техникада орындалған 100-ден астам жұмыс ұсынылады.

Қаланың тұрғындары мен қонақтарын 2025 жылғы 18 қазанда сағат 12:00-де ашылатын «Күзгі симфония: балалар мен тәлімгерлер» көрмесіне шақырамыз.

Көрме 30 қазан 2025 жылға дейін жалғасады.