Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби

Подробнее »

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

18.10.2025 «Достығымыз жарасқан» мәдени-танымдық іс-шарасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен Алматы қаласындағы Түркімен қоғамдық-мәдени орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен Алматы қаласының Түркімен қоғамдық-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Меморандум аясында түркімен халқының бай мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға арналған «Достығымыз жарасқан»  мәдени-танымдық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — түркімен халқының тарихын, дәстүрін, өнерін және ұлттық құндылықтарын кеңінен таныстыра отырып, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық пен мәдени ынтымақтастықты тереңдету.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі директорының музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары Арайлы Бақытқызы ашып, қос ел арасындағы мәдени қарым-қатынастардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, Алматы қаласындағы Түркімен қоғамдық-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Абдулкарим Огузхан мен Гүлнар Атайқызы жиналған қауымды мәдени шараның ашылуымен құттықтады.

Шара барысында қонақтар түркімен халқының ұлттық биі мен әндерін тамашалап, ұлттық қолөнер туындылары мен тұрмыстық бұйымдардан құралған көрмені тамашалады. Сонымен қатар, ұлттық тағамдар ұсынылып, түркімен ұлттық киімдерінің көрсетілімі өтті.

Мұндай мәдени іс-шаралар бауырлас халықтар арасындағы достықты нығайтып, өзара түсіністік пен құрметке негізделген ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді деп сенеміз.