2026 жылдың 24 сәуір күні ҚР Ұлттық орталық музейі мен Алматы қаласы ББ «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» бірлесіп, қазақтың даңқты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына арналған «Күш атасы – Қажымұқан» атты мәдени-танымдық іс-шара өткізеді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлғаның өмір жолы мен теңдессіз ерлігін кеңінен насихаттау, оның бай мұрасын жас ұрпаққа дәріптеу. Сонымен қатар, жастарды отансүйгіштікке, батырлыққа, қайсарлық пен табандылыққа тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды ұлықтау іс-шараның басты бағыттарының бірі болып табылады.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — тек алып күштің иесі ғана емес, қазақ спорты тарихындағы ең жарқын тұлғалардың бірі, ұлттық мақтаныш. Ол әлемдік ареналарда қазақ халқының абыройын асқақтатып, кәсіби күрес өнерінде теңдессіз жетістіктерге жеткен. Оның өмір жолы – қайсарлықтың, еңбекқорлықтың және туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Жауырны жерге тимеген даңқты палуан ретінде ол халық жадында мәңгі сақталады.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақ спортының қалыптасу тарихымен танысып, Қажымұқанның өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректерге қаныға алады. Сондай-ақ, келушілерге ұлттық спорттың бүгінгі дамуы мен болашағы туралы кеңінен ақпарат беріледі.
Бағдарлама аясында:
- Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы деректі фильм;
- Спорт шеберлерімен кездесу;
- Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Еркін Базарғалиұлы Қайшыбектің Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арналған баяндамасы;
- Қажымұқан Мұңайтпасұлының өсиеті. (Жасанды интеллект көмегімен бейнеролик ).
Байланыс телефондары:
264-46-77, 8 747 607 81 47