2026 жылғы 03 маусымы күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты мәдени іс шарасын өткізеді. «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазына» дейтін Ата заң 11 бөлімнен, 96 баптан тұрады. Бұл тәуелсіз Қазақстан қабылдаған үшінші конституция.
Шараның мақсаты: Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі құқықтық негізін айқындау, Ата заң, мемлекеттік рәміздер жайлы кең көлемде ақпарат беріп, ел ертеңіне деген сенімді арттыру, Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді насихаттау, Заң үстемдігі, әділдік, теңдік қағидаларын дәріптеу, ел бірлігі, азаматтық жауапкершілік туралы түсінікті күшейту болып отыр.
Шараға салтанатты концерттік бағдарламамен Алматы қаласы полиция департаменті қолдау көрсетеді.
Бүкілхалықтық референдум өткізу жолымен қабылданған Конституция – мемлекетіміздің өркендеуіне қол жеткізген, зайырлы және құқықтық ел екенімізді айқындайтын бірден-бір төлқұжат.
Бұл күн бізді рухтандырып, Қазақстанды одан әрі дамытуға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктер сыйлайтын күн. Республиканың көпұлтты халқының достығын нығайту мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде де Конституцияның рөлі зор. Ата заңымыз еліміздегі барлық жетістіктердің бастауы, құқық теңдігі мен барлық қазақстандықтарға бірдей мүмкіндіктер беретін серік.
Байланыс телефондары:
264-55-66, 8 707 598 57 53