Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби

Подробнее »

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

Ғылыми-өндірістік бөлім

Редакциялық-баспа орталығы төмендегідей бағыттарда ақпараттық және баспа қызметін жүзеге асырады:

  • Жетекші және жолдама мәтіндер және музейдің мәдени білім қызметі аясында өткізілетін түрлі сипаттағы көрмелер мен іс шаралардың баспасөз баяндары, этикеткалар, сондай — ақ, жоспарлар, келісімшарттар, хаттар, бұйрықтар, актілер, хаттамалар және т.б;
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын баспаға дайындау, ҚР МОМ қызметі жайлы материалдарды редакциялау және БАҚ-да жариялау;
  • Жарнамалық және баспа өнімдерін құрастыру және жасау (шақыру билеттері, құттықтау ашықхаттары, жарнамалық хабарландырулар, лифлеттер, буклеттер, баннерлердің дизайнын жасау);
  • Фотоқұжаттарды экспонаттауға дайындау (сканерлеу және компьютерлік өңдеу);
  • ІТ-қолдау және Веб-сайтты жаңарту.

Кино-фотоқұжаттар лабораториясы

2004 жылдан бері кино-фотоқұжаттар лабораториясы музей құрылымының жеке бөлімі ретінде құрылды. Бұл уақытта фотомұрағатта фотолаборатория қызметкерлері жасаған мыңдаған фотосуреттер, негативтер мен үлдірлер сақталды. 2006 жылы фотосуреттерді ескі химиялық тәсілмен өңдеу мен үлдірмен жұмыс атқарудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Фотолаборатория толықтай жаңа сандық техникаға көшті. Жаңа техника толық көлемде әрі сапалы жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Фотолаборатория қызметкерлері «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында орындалып жатқан жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуда, экспедицияларға шығып, музей заттарының фототүсірілімі, музей қорын каталогтау бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді.