Соңғы жаңалықтар

13.02.2026 ж. «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» тақырыптық көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі 2026 жылғы 13 ақпанда сағат 16.00-де Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығымен бірлесе отырып, «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде:

Подробнее »

04.02.2026 ж. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш және жылжымалы көрмесі

2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш пен

Подробнее »

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты жас оқырмандарға арналған жинақ кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді.​

Подробнее »

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі

Подробнее »

14.03.2025 ж. «ІІІ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ» Халықаралық ғылыми форумы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет Комитеті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы Сіздерді 2025 жылдың 14-15 наурызында «НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ» ұлттық мерекесіне орай өтетін дәстүрлі «ІІІ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ» Халықаралық ғылыми форумына шақырады.

Форум жұмысының мақсаты: түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау.

Форум жұмысының міндеттері:  түркітілдес халықтардың тарихи этногенезін, мәдениеті мен өнерін зерделеу мәселелерін өзектендіру; түркітілдес халықтардың тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеу: материалдық және материалдық емес (рухани) мұрасын зерттеу, зерделеу; «Наурыз»: сақтау және насихаттаудың жаңа нысандары мен тәсілдерін анықтау және зерделеу; мәдениет пен ғылым ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты жандандыру, ғылыми және мәдени-білім беру қызметі саласындағы дәстүрлі және инновациялық бағыттарды дамыту перспективаларын талқылау үшін бірыңғай алаң құру; Қазақстандық және шетелдік мамандардың күшімен түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерделеу бойынша бірлескен кешенді пәнаралық зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін айқындау; музей экспозициясы мен қор материалдары негізінде мәдени туризмді дамыту; музейлер арасындағы іскерлік байланысты қалыптастыру.

Форумның тақырыптық бағыттары:

  • Түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті: материалдық және материалдық емес мұраларды зерттеу және насихаттау;
  • Наурыз мерекесінің тарихын зерттеу, зерделеу;
  • Түркі халықтарының этномәдени дәстүрлерін насихаттау;
  • Тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен насихаттаудағы мәдениет мекемелері – музейлер, архив және кітапханалардың рөлі мен орны;
  • Замануи инновациялық нысандардың музей саласындағы маңызы.

Форум аясында «Түркі дәстүрлері: этномәдени ерекшеліктер» тақырыптық секциясы мен музейлер қауымдастығы өкілдерінің, шығармашылық пен ғылым саласындағы жастардың, өнер қайраткерлерінің, тарих, мәдениет, туризм, білім беру, БАҚ мамандарының қатысуымен OPEN SPACE – «Ұлттық мәдениетті насихаттаудың заманауи бағыттары» әлеуметтік-мәдени ынтымақтастығы, сондай-ақ Қазақстан қолөнершілер одағының «Шеберлер алаңы» көрмесі өтеді.

Форумға ғылыми мекеме қызметкерлері, оқу орындарының оқытушылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, музей, архив, кітапхана мамандары, жалпы түркі әлемінің тарихын, мәдениеті мен өнерін зерттеумен айналысатын жас ғалымдар, бакалавр, магистрлер, докторанттар  және өзге де қызығушылық танытатын тұлғалар қатысады.

Өтетін орны: Алматы қ., Самал – 1, 44 үй.  ||  Форумның басталу уақыты: 2025 жыл, 14 наурыз, сағ.: 10.00.

Тақырыптық секция: 14 наурыз, сағ.: 14.00. 

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Техникалық себептерге байланысты 21 ақпан күні музей 1 сағатқа ерте, сағат 17:00-де жабылатынын хабарлаймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.