Соңғы жаңалықтар

13.02.2026 ж. «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» тақырыптық көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі 2026 жылғы 13 ақпанда сағат 16.00-де Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығымен бірлесе отырып, «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде:

Подробнее »

04.02.2026 ж. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш және жылжымалы көрмесі

2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш пен

Подробнее »

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты жас оқырмандарға арналған жинақ кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді.​

Подробнее »

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі

Подробнее »

03.10.2025 ж. Кожин Нұрбазар Төлеуұлының шығармашылығына арналған «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ШЕЖІРЕСІ» атты еске алу көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде дарынды суретші, Қазақ өнерінің қайраткері, халықаралық көрмелердің лауреаты Нұрбазар Төлеуұлы Қожинның шығармашылығына арналған «Ұлы даланың шежіресі» атты еске алу көрмесі ашылды.

Көрмеде көрермендер қазақ руханиятын терең сезіммен бейнелеген суретшінің 50-ге жуық туындылары мен жеке заттарымен танысты. Оның шығармалары – ұлттық болмыстың үнсіз жыршысы, тарих пен тағдырды, туған жерге деген махаббатты қылқаламмен өрген туындылар.

Көрменің ресми бөлімінде ҚР Мемлекеттік орталық музейінің ғалым хатшысы Ерсін Жайнақов көрменің маңыздылығын атап өтсе, ҚР Суретшілер одағының төрағасы, суретші Өмірбек Орынбасарұлы Жұбаниязов Қожинның бейнелеу өнеріне қосқан үлесіне тоқталды. Өнертанушы Ләйлә Абдығаниқызы Кенжебаева, шығармашылық тұлға Ерсаин Жапақ, бауыры Нұрлыбай Қожин Төлеуұлы және жары Бақытгүл Әбдібаева суретшінің мұрасы мен рухани әлемі жайлы жүрекжарды пікірлерін білдірді.

Көрме 2025 жылғы 17 қазанға дейін жалғасады.

Уважаемые гости и жители города! Уведомляем Вас, что 21 февраля 2026 г. по техническим причинам музей будет закрыт в 17.00. Приносим свои извинения за причиненные неудобства.