06.12.2024 ж. Тәуелсіздік күніне орай «Тұмар-Арт» суретші-педагогтар қауымдастығы мен олардың дарынды шәкірттерінің бірлесіп ұйымдастырғалы отырған «АТАМЕКЕН» көрмесі

2024 ж. 6 желтоқсанында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Тәуелсіздік күніне орай «Тұмар-Арт» суретші-педагогтар қауымдастығы мен олардың дарынды шәкірттерінің бірлесіп ұйымдастырғалы отырған «АТАМЕКЕН» көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда түрлі жанр мен стильде жұмыс істейтін ұстаздар мен олардың шәкірттерінің туындылары ұсынылады, оларды біріктіретін – сұлулыққа ұмтылыс пен шығармашылыққа деген құштарлық. Қауымдастық ұстаздары халықаралық және республикалық […]

05.12.2024 KAU School — оқушыларының «Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесі

2024 жылы, 5-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Тәуелсіздік күніне орай КAU School оқушыларының «Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесін ашты. Алғаш рет ҚАУ мектебі 1998 жылы есігін айқара ашқан болатын және бүгінгі күнге дейін өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамытуға зор үлес қосып келеді. КAU School – бұл заманауи инновациялық мектеп ретінде оқушыларға тек академиялық […]

21.11.2024 ж. «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесі

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде қазақтың көрнекті ақын-жазушылары – С.Сейфуллин мен І.Жансүгіровтің 130 жылдық, Ә.Нүрпейісовтің 100 жылдық мерейтойлары аясында «ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕРЛЕР» атты көрме ашылды. Көрме музей қорында көптеген жылдар бойы жинақталып, сақталып келген жазушылардың өмірбаянынан, шығармашылықтарынан мағлұмат беретін түпнұсқалы фотосуреттер мен құжаттардың, қолжазбалар мен кітаптардың негізінде ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіндегі «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» […]

20.11.2024 ж. Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде қоғам қайраткері, Қазақстан Өнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі, Қазақстанның көрнекті суретшісі Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Болат Мұхамедиев — көпқырлы талант иесі. Оның шығармашылығы 50 жылдан астам уақытты қамтиды. Ол кітап графикасы, кескіндеме, абстракция, мүсін, дизайн, архитектура және фотографияның ерекше үйлесімін ұштастыра […]

14.11.2024 ж. Студенттер күніне орай ұйымдастырылатын «Жастардың әлеуеті-елдің болашағы» студенттердің шығармашылық инновациялық өзіндік жұмыстарының көрмесінің аясында «Музейдегі сол бір кеш» жобасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында жастарға қатысты: «Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Көп ұзамай мемлекетті басқару ісі, яғни ел тізгіні бүгінгі жастардың қолына өтеді. Сіздер осы жауапкершілікті қазірден бастап сезінулеріңіз қажет. Өздеріңізге жүктелетін тарихи миссияны орындауға қашанда дайын болуларыңыз керек», – деген болатын. Демек, […]

07.11.2024 ж. «Asia Doll» авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Asia Doll» Қазақстанның қуыршақ шеберлерінің шығармашылық одағымен бірлесіп авторлық қуыршақтар мен Тедди қонжықтарының халықаралық көрмесін ашты. Биылғы көрмеге Алматы, Өскемен, Риддер, Көкшетау, Тараз, Павлодар, Астана, Семей, Орал, Алтай (Қазақстан), Бішкек (Қырғызстан), Ташкент (Өзбекстан) қалаларынан 50-ден астам шеберлер қатысты. Шеберлер полимерлі саздан, матадан және киізден жасалған сан алуан авторлық қуыршақтарын көрермен […]

01.11.2024 «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі ашылды. Көрмені ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Харипова Рашида Ерімқызы ашып, бұл бірегей шара Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы мәдени және стратегиялық байланыстарды нығайтуға бағытталғанын, сондай-ақ көршілес елдерді барлық саладағы серіктестік қарым- қатынастар мен ынтымақтастық байланыстыратынын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының […]