Соңғы жаңалықтар

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

Сирек кітаптар мен қолжазбалар коллекциясы

ҚР МОМ-нің қорындағы сирек кездесетін қолжазбалар мен басылымдар, жазба деректер соншалықты мол болмаса да, жалпы саны 410-нан астам сақтам бірлікті құрайды. Оның тең жартысы Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты жәдігерлер.

Діни мазмұнды сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар

Музей қорындағы Құран қолжазбасының ең көнесі 1643 (1054 һижра жылы) жылы жазылған. Сондай-ақ коллекцияда 1770-1925 жылдар аралығында Қазан, Петербор, Омбы, Орынбор Ташкент, Самарқанд шаһарларында жарық көрген 30-дан астам Құран және көптеген діни мазмұнды кітаптар мен қолжазбалар сақтаулы. Діни кітаптардың арасында Түркия, Үндістан және Мысыр баспаханаларында басылып шыққандары да бар.

Қазақ тіліндегі сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар

Коллекцияда қазақтың тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған тұлғалардың қолжазбалары мен кітаптары сақтаулы. Араб әріптерімен (төте жазу) қазақ тілінде жазылған ұлы ақын Абай (Ибраһим) Құнанбайұлына (1845-1904) қатысты қолжазбалардың мәні зор. Ақынның 1899 жылы жазылған «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» сирек қолжазбасын бірегей жәдігерлер қатарына жатқызуға болады. Ақын шығармашылығы туралы оның ұлы Тұрағұлдың 1925-1927 жылдары жазған және Абай шығармаларының Мүрсейіт Бікеұлы хатқа түсірген қолжазбалары қордың құндылығын арттыра түседі.

Сонымен қатар Мұхамеджан Сералиннің (1872-1929), Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиевтің (1900-1984), Спандияр Көбеевтің (1878-1956), Ғабит Мүсіреповтың (1902-1985) қолжазбалары және Алашорда көсемдерінің мақалалары жарияланған «Абай», «Айқап», «Әйел теңдігі», «Тілші», «Шолпан» журналдары да қор коллекциясынан орын алған.

Мұхамеджан Сералиннің қолжазбасы. "Қожалар шежіресі".

Қолжазба. Қасиетті Құран. XIX ғ. аяғы -XX ғ. басы