Соңғы жаңалықтар

28.11.2025 ж. Қали Қораласбаевтың «КИЕЛІ МЕКЕН» жеке шығармашылық көрмесі

2025 жылдың 28 қарашасы күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде ҚР мәдениет үздігі, суретші, мүсінші, карикатурашы Қали Қораласбаевтың «КИЕЛІ МЕКЕН» есептік жеке шығармашылық

Подробнее »

19.11.2025 ж. «Шығыс  базары» тоғызыншы  пэчворк-фестиваль көрмесі Алматыда тоқыма өнерін сүйетіндер үшін есігін айқара ашады.

Алматы, Қазақстан, 2025 жыл, 19-26 қараша Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде пэчворк пен квилтингтің сәндік-қолданбалы өнеріне арналған «Шығыс базары» тоғызыншы көрме пэчворк-фестивалі өтеді. Бұл маңызды

Подробнее »

13.11.2025 «ПАТРИОТТАР УАҚЫТЫ» патриоттық фильмінің көрсетілімі

17 қараша Халықаралық студенттер күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейде 13 қараша күні сағат 14.00-де «ПАТРИОТТАР УАҚЫТЫ» патриоттық фильмінің көрсетілімі өтеді. Көрсетілімге шақырылған қонақтар

Подробнее »

07.11.2025 «Қазақ даласындағы Кобзарь: тарих пен тағдыр тоғысы» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2025 жылдың 7 қарашасы күні Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Түпқараған аудандық Тарас Шевченко мемориалдық музейі қоры негізінде «Қазақ

Подробнее »

20.02.2025 ж. «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі 2025 жылдың 20 ақпанында сағат 10.00 де «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесін ашады.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Атырау қаласында 2024 жылдың 15 наурызында өткен Ұлттық құрылтайда «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында Жошы ұлысының негізі қаланғанына 800 жыл толғанына, еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы оның тарихи мұрасымен тығыз астасып жатқанына тоқталған болатын.

Көрме мақсаты – Қазақстанды Алтын Орда (Жошы ұлысы) империясының мұрагері ретінде және сол кезеңнің бай тарихи-мәдени мұрасын сақтап отырған мемлекет ретінде өз елімізде және халықаралық аренада таныту, Қазақстан тарихи-мәдени мұрасының маңыздылығын дәріптеу.

Көрмеге Орталық музей, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының археологиялық коллекцияларынан – бірегей артефактілер үш ақпараттық кешенге жіктеліп қойылады:

І. ҚР Мемлекеттік орталық музейінің археология қорында ең бай ортағасырлық коллекция қалыптасты. Орталық музей коллекциясында Алтын Орда кезеңінің мәдениеті мен тұрмысын көрсететін XIII-XIV ғғ. артефактілері көшпелі және қалалық мәдениеттің мәдени дәстүрлерінің әртүрлі жақтары мен аспектілерін бейнелейтін қалашықтардан экспедициялар нәтижесінде немесе кездейсоқ табылған жәдігерлер.

Академик Ә.Х. Марғұлан Қазақстанның ежелгі қалалық мәдениетінің іздерін тауып, Отырар, Тараз, Сайрам, Сығанақ, Сарайшықта (1950 ж.) археологиялық қазба жұмыстарын да жүргізген. Сондай ақ, Сырлытам, Болған Ана және Жошы хан кесенелерін (1947 ж.) кешенді зерттеген ғалым.

Көрмеге қойылатын материалдар жоғарыда аталған ескерткіштерден табылған  және белгілі археолог, т.ғ.д., З.Самашевтің жетекшілігімен Сарайшық қалашығында (2000 ж.) зерттеу жұмыстары негізінде табылған артефактлер, сондай ақ, архитектуралық қаптамалар және кесенелердің кішірейтілген макеттері қойылады

ІІ. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы коллекциялары  Ә.Х. Марғұлан (1946 ж.), жылдары археология институтының Жезқазған археологиялық экспедициясының жетекшісі Ж.Смаилов (1991, 1997-1998 жж.) жүргізген археологиялық экспедициясы зерттеулерінің нәтижесінде жинақталған.

 Жошы хан, Болған ана кесенелерінің маңынан табылған бірегей жәдігерлер, олар – Жошыхан мазарының кіреберіс босағасының табалдырығы, кесене күмбезінің сәндік бұйымы – «құбба», кесененің сыртқы қабырғасын безендіруге арналған сырланған және араб жазулы тақтайшалар, Жошы ұлысы мемлекеті кезіндегі хандардың күміс дирхемдерімен мыс монеталары және т.б.

               ІІІ. Жошы Ұлысының Кіші Сарайы – экономикалық, діни және рухани орталық.  Ұлы Жібек жолының ықпалымен қолөнері, архитектуралық сәулет құрылысы дамыған қалашық. Көрмеде Сарайшық қалашығынан табылған алуан түрлы шыңылтырлы қыш ыдыстар, металл және әшекей бұйымдар, тұрмыстық заттар және т.б. жәдігерлерді «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы коллекциясы негізінде танысуға болады. Аталмыш артефактлер археолог т.ғ.д. З.Самашевтің (1999-2000, 2003-2005 ж.), музейдің археолог-маманы А.Тұрарұлы жетекшілігімен 2019-жылдан бастап қәзіргі таңда жүргізілген археологиялық зерттеулері нәтижесінде табылған.

Бізге белгілі, XIІІ ғ. аяғы – XІV ғ. басында Сарайшықта тиындар (пұл) соғылған. Қалашықтағы қазба жұмыстары кезінде Алтын Орда, Хорезм, Самарқанд, Иран және т.б. мемлекетте соғылған күміс дирхемдерімен көптеген мыс монеталар табылды. Сонымен қатар, көрмеге Орталық музейі және «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығынан нумизматикалық материалдар қойылады.

Сондай ақ, көрме аясында «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұралары: қорғау, қайта қалпына келтіру және зерттеу мәселелері» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырады.

Осыған орай дөңгелек үстел жұмысына ортағасырлық қалалар тарихын зерттеушілері, еліміздің белгілі ғалымдары, мәдениеттанушылар, реставраторлар, архитекторлар, музей мен музей-қорық қызметкерлер, тағы басқа ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлер қатысып, баяндамалар жасалады.