Соңғы жаңалықтар

28.06.2025 ж. Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарын қорғайды  және  көрме

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен Әбілхан Қастеев атындағы   өнер және дизайн мектебі  бірлесіп 2025 жылғы 28 маусым күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Ә. Қастеев

Подробнее »

16.06.2025 ж. «ЧЮРЛЁНИС ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ: ӨНЕР МЕН ӘУЕН ҮЙЛЕСІМІ» литвалық суретшінің халықаралық көрмесі

2025 жылғы 16 маусым күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Литва Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының ынтымақтастығымен ұйымдастырылып отырған атақты литвалық суретші

Подробнее »

16.05.2025 ж. Суретші Юлия Проскураның «КӨШПЕЛІ РУХЫ» жеке көрмесі

2025 жылғы 16 мамыр күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын суретші Юлия Проскураның «КӨШПЕЛІЛЕР РУХЫ» жеке көрмесінің ашылуына

Подробнее »

06.03.2025 ж. «Жанұя жылуы – баланың көзімен» көрмесі

ҚР Мемлекеттік орталық музейі 2025 жылдың 6 наурызы күні сағат 15:00-де, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Творим вместе» көркемөнер мектебінің ұйымдастыруымен өтетін «Жанұя жылуы – баланың көзімен» көрмесінің ашылу салтанатына шақырады.

Бұл көрмеде балалар барша әйел затына деген сүйіспеншілігі мен құрметін жеткізуге тырысады.

Балалар өздерінің ең қымбат жандары – аналарына, әжелеріне, әпкелеріне деген махаббаттарын өнер арқылы бейнелейді. Олардың туындылары жай ғана суреттер емес, өмірлерінде ерекше орын алатын жандардың өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктерін көрсететін бірегей образдар.

Көрменің ең әсерлі сәті – балалардың өз шығармаларын жүректен шыққан жылы лебіздері жазылған хаттарымен бірге ардақты жандарға табыс етуі. Бұл хаттарда олардың сүйіспеншілікке, мейірімге толы жан дүниесі жазылған болады. Осылайша, өнер шығармашылық шеңберінен шығып, ұрпақтар арасындағы махаббат пен жылулыққа толы шынайы диалогқа айналады.

Осы күні музей балалардың сүйікті жандарын көркемөнер арқылы бейнелеген шығармашылығын тамашалағысы келетін барлық қонақтарға өз есігін айқара ашады.

Көрменің ашылуында балалардың тек сурет өнеріндегі емес, музыкалық таланттарын да паш ететін концерттік бағдарлама ұсынылады. Көрермендер жас музыканттардың көңілді көктем мерекесі мен қуаныш сезіміне толы әсем әндерін тыңдай алады.

«Жанұя жылуы – баланың көзімен» көрмесінде 80-нен астам туынды ұсынылады. Бұл көрме – тек мақтаныш қана емес, сонымен қатар маңызды оқиға. Себебі ол балаларға жақын жандарына деген алғысы мен сүйіспеншілігін өнер арқылы білдіруге мүмкіндік береді.

Көрермендер жас суретшілердің өздеріне қымбат жандардың қамқорлығы мен ықыласын бағалай отырып, әйел жанының жылуы мен нәзіктігін бейнелегенін тамашалай алады. Бұл көрме – шынайы сезім мен шабытқа толы балалар әлеміне саяхат.