Соңғы жаңалықтар

28.11.2025 ж. Қали Қораласбаевтың «КИЕЛІ МЕКЕН» жеке шығармашылық көрмесі

2025 жылдың 28 қарашасы күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде ҚР мәдениет үздігі, суретші, мүсінші, карикатурашы Қали Қораласбаевтың «КИЕЛІ МЕКЕН» есептік жеке шығармашылық

Подробнее »

19.11.2025 ж. «Шығыс  базары» тоғызыншы  пэчворк-фестиваль көрмесі Алматыда тоқыма өнерін сүйетіндер үшін есігін айқара ашады.

Алматы, Қазақстан, 2025 жыл, 19-26 қараша Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде пэчворк пен квилтингтің сәндік-қолданбалы өнеріне арналған «Шығыс базары» тоғызыншы көрме пэчворк-фестивалі өтеді. Бұл маңызды

Подробнее »

13.11.2025 «ПАТРИОТТАР УАҚЫТЫ» патриоттық фильмінің көрсетілімі

17 қараша Халықаралық студенттер күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейде 13 қараша күні сағат 14.00-де «ПАТРИОТТАР УАҚЫТЫ» патриоттық фильмінің көрсетілімі өтеді. Көрсетілімге шақырылған қонақтар

Подробнее »

07.11.2025 «Қазақ даласындағы Кобзарь: тарих пен тағдыр тоғысы» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2025 жылдың 7 қарашасы күні Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Түпқараған аудандық Тарас Шевченко мемориалдық музейі қоры негізінде «Қазақ

Подробнее »

15.03.2025 ж. «Наурыз нақыштары» көрмесі

2025 жылғы 15 наурыз, сағат 14:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған республикалық «Наурыз нақыштары» бейнелеу өнер туындылары көрмесінің ашылатынын қуана хабарлайды.

Наурыз – бұл табиғаттың жаңаруы мен өмірдің қайта түлеуінің белгісі, бірліктің, молшылық пен жақсылықтың символы. Көктемгі шуақты күн, жанды жадырататын таза ауа мен көктемнің мың құбылған бояулары суретшілерге осы ғажайып мезгілдің сұлулығын бейнелеуге шабыт береді.

«Наурыз нақыштары» көрмесінде заманауи қазақстандық суретшілердің туындылары ұсынылады. Кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер арқылы олар көктемнің көркемдігін, Наурыздың рухын, қазақ халқының мәдени мұрасын жеткізеді. Көрмедегі шығармаларда гүлденген дала, ұлттық өрнектер мен жаңарудың айшықты белгілері бейнеленіп, көрермендерге үйлесім мен шаттық сыйлайды.

Көрмеде 50 суретшінің 100-ден астам жұмысы ұсынылады. Олардың қатарында Айя Сәрсембаева, Әсел Түзелбекова, Данагүл Рымқұлова, Abtu Anet, Толқын Қайранбай, Гүлжан Ауғанбаева, Қанат Садуахасов, Әліма Амангелді, Елена Панина, Диана Шайхеслямова, Алпамыс Кенбаев, Лаура Сатпаева, Альфия Сафи, Ирина Уразбекова, Элина Гуляева, Галина Шепелева, Әсем Мырзахмет, Аружан Маликова, Анель Абеова, Зарина Нұрғалиева, Анна Мусанап, Елена Кан, Айкерім Табетова, Жанна Сергеева, Мұрат Маскеев, Майра Узбаева, Вера Малышева, Мадина Сүндетова, Диана Каплун, Динара Закарадзе, Нагорова Сабина, Елена Семенова, Арина Зырянова, Салтанат Садубекова, Райхан Әділжанова, Ольга Жанабаева, Екатерина Прохорова, Жамиля Акибаева, Александр Колодин, Жарас Мамырбаев, Александр Матвеенко, Вероника Мерзлякова, Елена Дума, Ғалия Төремуратова, Светлана Келлер, Мұрат Байжанов, Гүлнара Тлеулина, Дильназ Ізтілеу, Гүлмира Агибаева, Толқын Канкелді-Калимова, Галина Пащенко, Елена Фурса бар. Бұл дарынды шеберлер өз шығармалары арқылы  әлемге деген ерекше көзқарастарын ұлттық дәстүрлер мен заманауи интерпретациялар негізінде жеткізді.

Бұл көктем мен жаңару мерекесі адамдарды біріктіріп, әр адамның жүрегінде жарыққа, жақсылыққа және шығармашылыққа деген ұмтылысты оятады. Баршаңызды Наурыздың шуақты көңіл-күйін сезініп, өнерден шабыт алуға және бояулардың ғажайып мерекесінен ләззат алуға шақырамыз.