Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде комплаенс қызметіне жауапты маман Амангелді Алтыбаев «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және ұйымдағы немесе кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті сақтау шеңберінде қызметкерлердің жұмыс берушінің жауапты қызметкермен өзара іс-қимылы туралы ақпарат айтылды.
Іс-шара бірінші кезекте Орталық музей қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған. Дәріс барысында бейне файлдар көрсетілді.



