Соңғы жаңалықтар

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстандағы Эстония Елшілігінің қолдауымен Эстонияның Ұлттық музейі (ENM) дайындаған «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрмені ұсынады. Көрме келушілерді

Подробнее »

31.12.2025 ж. Жаңа жылдарыңызбен!

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі жаңа жылдарыңызбен құттықтайды! Сізге мерекелік көңіл-күй, өмірде сәттілік және қызықты оқиғалар тілейді! Сіздерді жаңа 2026 жылы музейде күтеміз! Музей 2026

Подробнее »

17.12.2025 ж. Суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесі

2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Бұл — адамның

Подробнее »

15.12.2025 ж. «УАҚЫТ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты Республикалық есептік көрмесі

2025 жылдың 15 желтоқсанында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде «УАҚЫТ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты Республикалық есептік көрменің ашылуы өтеді. Көрме Қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті тұлғалары

Подробнее »

11.12.2025 ж. Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты көрме-іс шарасы

2025 жылғы 11 желтоқсаны күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығының басқармасымен және Жауынгерлік даңқ музейімен бірлесіп,

Подробнее »

Әкімшілік

Саров Сержан Бараханұлы – Директордың міндетін атқарушы

Саров Сержан Бараханұлы 8 қаңтар 1983 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылында дүниеге келген.

2002-2006 жж. аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Тарих факультеті, тарих, құқық және экономика негіздері мамандығын алып шықты.

2018-2020 жж. аралықтарында Абай атындағы Қазақ Педагогикалық университеті, Тарих және құқық институты. Тарих ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы тарихы музейінің кіші ғылыми қызметкерінен бастады. 2008-2017 жылдар аралығында ғылыми қызметкер және аға ғылыми қызметкер, тарихи-мәдени мұра бөлімінің меңгерушісі, ғылыми-экспозициялық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2018 жылы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының ғылым жөнінен орынбасары және сол жылы директордың міндетін атқарушысы. 18.03.2019 – 13.03.2020 жж. аралықтарында «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры болып тағайындалды.

14.03.2020 – 07.09.2022 жж. «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының ғылым жөніндегі орынбасары.

12.09.2022  – 31.01.2023         Алматы қаласы Мәдениет басқармасы

«Алматы әуендері» КМҚК директорының кеңесшісі

2007 – 2010 жж. Мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасы аясында Ә.Марғұлан атындағы археология институты мен Алматы қаласы тарихы музейі бірлескен қала маңындағы археологиялық ескерткіштерінің зерттеу жұмыстарына қатысқан, Алматы маңындағы апатты деп танылған б.д.д V-III ғғ. ЕТД ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізді..

2014-2018 жылдар аралығында Алматы қаласы Мәдениет басқармасы мен Алматы қаласындағы 140-тан астам тарихи мәдени ескерткіштерге бақылау жұмыстарымен айналысып, ескерткіштерге ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында 10 аса ғылыми мақалалар жарық көрді.

БАҚ өкілдерімен Алматы қаласындағы тарихи ескерткіштер мен мәдени орындардың тарихы жайлы бағдарламаларға қатысты тақырыптық сұқбаттар берді.

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қарасты музейлердің экскпозициялық жұмыстарына ат салысып, қазіргі таңда Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ғылыми-қор, ғылыми-зерттеу, мәдени танымдық жұмыстарын қолға алып, даму жұмыстары жасалды. Қызмет барысында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Д.А. Қонаевтың мемориалдық музейі, Ғ. Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музейі сияқты т.б музейлердің экспозициялық жұмыстарына қатысты.