Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби

Подробнее »

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

18.04.2026 ж. «ТАЙЛАҚ ТАБАН: дала өрнектері» мерейтойлық көрмесі

2026 жылы 18 сәуір күні сағат 12:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі «СИНЯЯ ЧЕРЕПАХА» бейнелеу және қолданбалы өнер студиясының 20 жылдығына арналған «ТАЙЛАҚ ТАБАН: дала өрнектері» мерейтойлық көрмесін ұсынады.

Бұл көрменің негізгі мазмұндық бағыты – қазақ ою-өрнегі мен дәстүрлі киіз басу техникасы.

Қазақ ою-өрнектерінің інішде «Тайлақ табан» деп аталатын дәстүрлі өрнек ерекше орын алады. Ол зергерлік өнерде, киіз бұйымдарында, кілем тоқуда, сондай-ақ күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады. Қазіргі заманғы шеберлер мен суретшілер өз туындыларында осы өрнектерді жаңаша сипатта жеткізеді. «Тайлақ табан» (түйенің ізі) сабақтастықты, өмірлік күшті, байлық пен берекені білдіреді, өйткені түйе көшпелі халық үшін ежелден қасиетті жануар саналған.

Көрмеге қатысушылар (7 мен 16 жас аралығындағы балалар) берілген тақырып бойынша жаңа жұмыстарын дайындап, экспозицияға ұсынады.

Көпшілік қатысушылар үшін бұл – алғаш рет өз жұмыстарын кәсіби көрме алаңында көпшілікке таныстыру тәжірибесі. Ал студияның кейбір шәкірттері бұған дейін Орталық көрме залында, Суретшілер одағының галереясында, Алматы қалалық музейінде және басқа да орындардағы көрмелерге қатысқан.

Суретші – көргеніне сүйсініп, сол әсерін көрерменмен бөлісе алатын адам. Сондықтан студияның Ұлттық орталық музейінде жыл сайын өткізетін көрмелері оқу бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады. Баланы тек сурет салуға үйрету ғана емес, оның еңбегін көпшілік алдында ұсынуға дайындау да маңызды.

«СИНЯЯ ЧЕРЕПАХА» – Алматыдағы ең алғашқы студиялардың бірі ретінде 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді және 2003 жылдан бастап жыл сайын өз тәрбиеленушілерінің көрмелерін өткізіп отыр. Студия түлектері халықаралық және республикалық байқауларда жеңіске жетіп жүр. Кейбір түлектер бейнелеу өнерін болашақ мамандығы ретінде таңдап, Қазақстан мен әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білімін жалғастырды.

Студия түлектерінің бірі Лааль Авгамбаева 17 жасында «ТМД кеңістігіндегі кәсіби подиумдағы ең жас дизайнер» атанды, ал 2023 жылдың қыркүйегінде Лондон сән апталығына қатысты. Өткен жылы ол 5 кәсіби және студенттік байқауда жеңіске жетіп, Ұлыбританияның ең үздік 20 тігіншісінің қатарына енді.

Экспозицияда 50-ге жуық жұмыс ұсынылған. Олар кескіндеме, графика, жібекке сурет салу және киіз өнері сияқты әртүрлі техникада орындалған.

Студия жетекшісі – Еуразиялық шығармашылық гильдиясының (Лондон) мүшесі, тәжірибелі суретші, халықаралық кәсіби байқаулардың жүлдегері, ұстаз Жазира Джанабаева.

Көрме 2026 жылдың 4 мамырына дейін жалғасады.