Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі 2025 жылғы 29 қараша күні сағат 11.00-де Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық мәдени іс-шарасын өткізеді.
Шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне толыққанды араласуына жағдай жасау, олардың рухани және мәдени әлеуетін көтеру, сондай-ақ қоғамда мейірім мен өзара қолдау сезімін қалыптастыру.
Шара барысында ерекше жандардың құрметіне «Жүректен жүрекке» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, демеушілер тарапынан сый-сияпаттар табысталады.
Бұл мейірім мен қамқорлық мерекесі ғана емес, адамгершілік пен бейбіт өмірдің мәнін ұғындыратын бастама.
ҚР Ұлттық орталық музей ұжымы мұндай игі істерді алдағы уақытта да жалғастырып, қоғамның әрбір мүшесіне тең мүмкіндік беруге бағытталған шараларды қолдай бермек.
Бізге демеушілік көрсеткен «Das sauda» ЖШС, «CEZARO» ЖШС, «Бостан» ЖШС, «Фирдаус» ЖК, «JLC Cүт» ЖШС, «Dolce» фармацевтикалық компаниясы, «Аққұс» АҚ, «Жан әжем» компаниясы, «SULTAN» маркетинг компаниясы, «Аламәт» продюсерлік орталығы, «Shabnam» ұйғырдың креатив әйелдер республикалық қоғамдық бірлестігі, Алматы қаласы Жигит Беши одағына алғыс білдіреміз.
Анықтама телефондары:
264-55-66
8 707 598 57 53