2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шара аясында «Мәдениетте мәңгілік із қалдырған тұлға» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылып, онда ҚР Ұлттық орталық музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар және Арқалық қаласының «Дала өлкесі тарихы» музейі қорларынан алынған бірегей заттар көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде қайраткердің өмір жолы, ғылыми еңбектері мен рухани мұрасын танытатын құнды материалдар қойылды.
Конференция барысында ғалымдар мен зерттеушілер Өзбекәлі Жәнібековтің ұлттық мәдениетті жаңғыртудағы, қазақ этнографиясы мен музей ісін дамытудағы тарихи рөлі туралы ой бөлісіп, ғылыми пікір алмасты.