Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесіп, 2026 жылы 19 наурыз күні сағат 10:00-де «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесін ашады. «ҮШ ҰРПАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ»

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Наурызнама» онкүндігі аясында «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы мен Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні сағат 11.00-де «Наурызнама» онкүндігі аясында,

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

25.02.2026 ж. «Қаңлы археологиялық деректер негізінде» атты көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты бірлесіп тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Подушкиннің екі томдық «Қаңлы  мемлекеті б.д.д. II

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесіп, 2026 жылы 19 наурыз күні сағат 10:00-де «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесін ашады. «ҮШ ҰРПАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ» көрмесі көпшілік қауымға сәулетшілердің кеңестік кезеңдегі және қазіргі қазақстандық қоғамдағы жетістіктерін таныстыратын маңызды оқиғаға айнала отырып, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі сәулетшілердің кәсіби қауымдастығы өкілдерін біріктіру ісіне жаңа серпін береді деп күтілуде.

Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының тарихы оның кеңестік кезеңдегі құрылған күнінен бастап (1936 жыл), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі жылдарындағы дамуы кезеңдерінен тұрады. Көптеген онжылдықтар бойы бұл ұйым қалалардың бас жоспарларын, тұрғын үй құрылыстарын, әлеуметтік маңызы бар қоғамдық ғимараттарды, сондай-ақ республикадағы маңызды сәулеттік нысандарды жобалаумен айналысқан кәсіби мамандарды біріктіріп келді. Қазақстан Сәулетшілер одағының тарихындағы барлық кезеңдер елеулі жетістіктерімен ерекшеленеді. Соның ішінде 1960–1980 жылдар ауқымды қала құрылыстары жобаларын жүзеге асырумен және бірегей ғимараттардың салынуымен белгілі. 1992 жылы одақ Халықаралық сәулетшілер одағының толыққанды мүшесі болып, қазақстандық сәулет өнерін әлемдік деңгейде таныстыра бастады.

Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы архитектура мен қала құрылысының дамуына ықпал ету, кәсіби сәулетшілер қауымдастығының мүдделерін қорғау, шығармашылық бастамаларға қолдау көрсету және сәулетшілердің кәсіби шеберлігін арттыру бағытындағы міндеттерді жүзеге асырады. Қазіргі уақытта ҚР Сәулетшілер одағы басқармасының президенті – Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі – Садырбаев Ғабит Сұлтанғалиұлы.

Көрменің мақсаты – Қазақстандағы сәулет пен қала құрылысының даму тарихын және негізгі кезеңдерін көрсету, сондай-ақ Қазақстан Сәулетшілер одағының 90 жылдығын мерекелеу аясында Қазақ КСР кезеңі мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезеңіндегі осы саладағы жетістіктерді таныстыру.

Көрме экспозициясы Қазақстан сәулетінің даму тарихын сипаттайтын үш бөлімнен тұрады. Онда үш кезеңнің – үш ұрпақтың (құрылған уақыттан бастап, кеңестік кезең және Тәуелсіздік кезеңі) ең үздік жобалары ұсынылады. Сондай-ақ, онда қазақ сәулет өнерінің негізін қалаушылардың жұмыстары мен ұлттық сәулет өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан танымал заманауи сәулетшілердің жобалары ұсынылған.

1960-1980 жылдары Қазақстан сәулеті бұрынғы КСРО шегінде ғана емес, одан тыс жерлерде кеңінен танылды. Осы кезеңдегі әлеуметтік маңызы бар құрылыстар Қазақстан қалаларының келбетінде маңызды рөл атқарған. Олардың қатарында «Достық» даңғылының кешенді құрылысы (Алматы, 1971 ж.), Республика сарайы (Алматы, 1972 ж.), «Қазақстан» қонақ үйі (Алматы, 1980 ж.), «Медеу» кешені және КСРО мен Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарына ие болған басқа да нысандар бар. Тәуелсіздік кезеңіндегі үздік жобалар кәсіби сәулеттік шешімдер мен заманауи технологиялардың үйлесімімен ерекшеленеді (Алматыдағы Республика алаңы мен Тәуелсіздік монументі, Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайы, Бәйтерек, Хан-Шатыр, Хазірет Сұлтан мешіті және т.б.).

Көрме аясында Қазақстан Республикасы жетекші сәулетшілерінің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Онда Қазақстан сәулетінің тарихы, дамуы мен қалыптасуы ғана емес, сонымен қатар қазіргі құрылыс саласының өзекті мәселелері мен болашақ жобаларды іске асыру мәселелері талқыланады. Сонымен бірге көрмеге қатысушыларды марапаттау рәсімі және Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының жаңа мүшелеріне диплом табыстау салтанаты өтеді.

Көрме Алматы қаласында ашылғаннан кейін Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде де ұйымдастырылады. Бұл көрермендердің кең ауқымын қамтуға және халықты қазақстандық сәулет өнерінің жетістіктерімен, ҚР Сәулетшілер одағының тарихымен таныстыруға мүмкіндік береді.

Көрменің ашылуы: 19 наурызда сағат 10:00-де.

Ғылыми-практикалық конференция: сағат 11:00-де.

Мекенжайы: ҚР Ұлттық орталық музейі, Самал-1, 44.