2026 ж. 10 маусымы сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Павлодар қаласының суретші-педагогы, Халықаралық анималист-суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан мен Ресейдегі ұжымдық көрмелердің белсенді қатысушысы Елена Александровна Каркавинаның «СӘТТЕР» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Елена Каркавинаның шығармашылығы сәндік кескіндеме мен заманауи этно-фэнтези бағыттарының үйлесімді үндестігінен тұрады. Суретші өз туындыларында адамның ішкі жан дүниесін, қоршаған табиғаттың сұлулығын және үнемі өзгеріп отыратындығына қарамастан, өмірдің басты тірегі болып қала беретін рухани құндылықтарды бейнелейді.
Автордың туындыларында табиғат бейнелері, ұлттық нақыштар, әйел нәзіктігінің символы мен балалық шақ көріністері астасып, адамның көңіл күйін, жан дүниесін және өміріндегі маңызды сәттерін бейнелейді. Картиналар қанық түстерге, әсем сызықтарға және ұлттық өрнектер мен ертегідей түстерді еске салатын ою-өрнек элементтеріне толы. Суретші шынайылық пен қиял тоғысқан ерекше көркем әлем қалыптастырып, онда дала сиқырлы әлемге түрленеді, құстар мен жануарлар еркіндіктің және табиғатпен үйлесімділіктіктің нышанына айналса, әйел бейнелері жылулықты, мейірімділік пен жан нұрын бейнелейді.
Елена Каркавинаның шығармашылығындағы басты тақырыптар – әлемнің сұлулығы, ұлттық мәдениет және адамның көңіл күйі. Суретші түс, пішін және сәндік детальдар арқылы жайлылық, жарық, жылу, ішкі тыныштық пен туған жермен рухани байланыс сезімін жеткізеді.
30-дан астам туындыны қамтитын «СӘТТЕР» көрмесі көрермендерді ертегі, арман мен шынайы сезімдер атмосферасына ене отырып, суретшінің өзіндік қолтаңбасымен танысуға және автор шығармаларының терең рухани әсерін сезінуге шақырады.
Көрме 2026 ж. 24 маусымына дейін жалғасады.