Соңғы жаңалықтар

25.02.2026 ж. «Қаңлы археологиялық деректер негізінде» атты көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты бірлесіп тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Подушкиннің екі томдық «Қаңлы  мемлекеті б.д.д. II

Подробнее »

05.03.2026 ж. «Балалық шақ пен көктем палитрасы» атты балалар шығармашылығы көрмесі

2026 жылғы 5 наурыз күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «АртУм» балалар студиясының «Балалық шақ пен көктем палитрасы» атты балалар шығармашылығы көрмесінің ашылу

Подробнее »

02.03.2026 ж. «ҚОЛӨНЕР ТАРИХЫ» атты жеке көрмесі

2026 жылдың 2 наурызында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейінде Қазақстанның халық қайраткері, Қазақстан Көркемөнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі

Подробнее »

14.11.2024 ж. Студенттер күніне орай ұйымдастырылатын «Жастардың әлеуеті-елдің болашағы» студенттердің шығармашылық инновациялық өзіндік жұмыстарының көрмесінің аясында «Музейдегі сол бір кеш» жобасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында жастарға қатысты: «Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Көп ұзамай мемлекетті басқару ісі, яғни ел тізгіні бүгінгі жастардың қолына өтеді. Сіздер осы жауапкершілікті қазірден бастап сезінулеріңіз қажет. Өздеріңізге жүктелетін тарихи миссияны орындауға қашанда дайын болуларыңыз керек», – деген болатын. Демек, жастар әлеуеті – жарқын болашақ кепілі, мемлекетіміздің тұтқасын ұстайтын да солар. Олай болса, жастардың қоғамдық және мәдени өмірге белсенді атсалысып, мәдениетті де білікті болып қалыптасуына ықпал ету әрбір мәдениет ошағының маңызды қызметі болуы тиіс. Осы орайда, 2024 жылдың 14-қарашасында сағат 15.30-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тікелей қолдауымен Мемлекеттік орталық музейі министрлікке қарасты оқу орындарымен бірлесе отырып, Студенттер күніне арналған «Жастардың әлеуеті-елдің болашағы» студенттердің шығармашылық инновациялық өзіндік жұмыстарының көрмесінің аясында «Музейдегі сол бір кеш» мәдени-танымдық шараны ұйымдастырып отыр.

Шараның мақсаты: студенттерді халқымыздың тарихи-мәдени құндылықтарымен таныстыру, жастардың рухани білімін арттыра отырып шығармашылық қабілеттерін жандандыру және музейдің оқу орындарымен байланысын нығайту. Студенттерді ізденгіштікке, тапқырлыққа баулу, белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.

Шара аясында студенттер түрлі салалардағы өз жұмыстары мен жобаларын таныстырып, өз білімдері мен кәсіби дағдыларын көрсетеді.

Студенттер «Домбыра патиге» қатысып, Абай Құнанбаев, Махамбет Өтемісұлы, Біржан сал домбыраларының көшірмелерінде ойнау мүмкіндігіне ие болады. Жобаға қатысушылар өз білімдерін, тапқырлықтарын «Ойшылдар алаңы» ғылыми-танымдық ойынында көрсете алады. Сонымен қатар шара аясында «Ақылды қоғам құру және зияткерлік орта қалыптастыру» тақырыбында ғылым, мәдениет, өнер және спорт қайраткерлері, әр түрлі маман өкілдерімен кездеседі.

Сондай ақ кеш аясында шеберлік сабақтар және экскурсиялар ұйымдастырылады.

Орталық музей сіздерді ұмытылмас кештің куәсі болуға шақырады! Шараға студенттерге студенттік билетпен кіру ТЕГІН.