Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

18.03.2026 ж. «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрме

2026 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Наурызнама» онкүндігінің Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрменің салтанатты

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

07.11.2024 ж. «Asia Doll» авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Asia Doll» Қазақстанның қуыршақ шеберлерінің шығармашылық одағымен бірлесіп авторлық қуыршақтар мен Тедди қонжықтарының халықаралық көрмесін ашты.

Биылғы көрмеге Алматы, Өскемен, Риддер, Көкшетау, Тараз, Павлодар, Астана, Семей, Орал, Алтай (Қазақстан), Бішкек (Қырғызстан), Ташкент (Өзбекстан) қалаларынан 50-ден астам шеберлер қатысты. Шеберлер полимерлі саздан, матадан және киізден жасалған сан алуан авторлық қуыршақтарын көрермен назарына ұсынды. Көрме қуыршақ жасау өнерінің заманауи бағыттары мен ерекшеліктерін көрсетеді, сондай-ақ Қазақстан мен ТМД елдерінің қуыршақ жасайтын шеберлерінің коллекцияларымен және жұмыстарымен таныстырады.Шара ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры орынбасары Рашида Ерімқызының құттықтау сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде мұндай көрмелерді өткізудің мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудағы маңыздылығына тоқталып, көрермендерді Ұлы Жібек жолы бойында өмір сүрген әртүрлі халықтардың кейіпкерлерімен танысуға мүмкіндік беретін «Жібек жолының алтын ғасыры» жобасының бірегейлігін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, суретші, дизайнер-декоратор Всевлад Давидов сөз алып, қуыршақ өнері – мәдениет пен дәстүрлерді жандандыру және көрермендерге өткен дәуірдің ерекше бейнелерін жеткізу тәсілі екенін айтты. Сондықтан әр туындыда шебердің жеткізгісі келген терең ойы ойы бар. Сондай-ақ сөз көрменің ұйымдастырушысы, Қазақстан қуыршақ шеберлері шығармашылық одағының жетекшісі Татьяна Семёнова көрмеге қатысушылар мен қонақтарға алғыс білдіріп, аталмыш шара көрерменнің қуыршақ өнері әлеміне бойлауына мүмкіндік беретінін жеткізді.

Көрме аясында «Жібек жолының алтын ғасыры» ұзақ мерзімді жобасы ұсынылды. Онда Жібек жолы бойындағы елдердің таңғажайып кейіпкерлері, этникалық киімдері, жануарлар әлемі мен адамдарының бейнелерін көрсететін авторлық шығармалар ерекше орын алды.

Көрменің мақсаты – алматылықтарға және қала қонақтарына еліміздегі және Орталық Азиядағы дарынды шеберлерді таныстыру. Олардың туындылары бір ғана данамен жасалып, әрқайсысын дайындауға бірнеше айлар жұмсалады. Осындай ерен еңбектің нәтижесінде жеке коллекцияларда және әлемдік галереяларда лайықты орын алатын бірегей туындылар дүниеге келеді.

«Asia Doll» авторлық қуыршақтары мен Тедди аюлары көрмесінде қуыршақ шеберлерінің әртүрлі техникада орындалған 100-ге жуық жұмысы ұсынылды. Көрменің ашылуына Алматының белгілі суретшілері, галеристері, кәсіпкерлері, аймақтық және республикалық БАҚ өкілдері қатысты.

Көрме 2024 жылдың 18-қарашасына дейін жалғасады.