Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

05.12.2024 KAU School — оқушыларының «Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесі

2024 жылы, 5-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Тәуелсіздік күніне орай КAU School оқушыларының «Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесін ашты.

Алғаш рет ҚАУ мектебі 1998 жылы есігін айқара ашқан болатын және бүгінгі күнге дейін өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамытуға зор үлес қосып келеді. КAU School – бұл заманауи инновациялық мектеп ретінде оқушыларға тек академиялық білім беріп қана қоймай, спортта және шығармашылық бағыттарда өз қабілеттерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік жасайды.

Балалардың жұмыстары көрермендерді ертегі мен арман әлеміне саяхат жасап, еркіндік пен тәуелсіздіктің маңызын еске салып қана қоймай, ең кішкентай оқушылардың да өнер арқылы өз ойлары мен сезімдерін білдіруге қабілетті және олардың өнері назар аударуға, құрметтеуге лайық екенін көрсетуге бағытталған.

Экспозицияға майлы кескіндеме, аквакескіндеме және графика негізінде орындалған 32 жұмыс қойылған. Бұл туындылар жас суретшілердің сарқылмас шығармашылық қиялын және әлемді өзіндік қабылдауын көрсетеді. Көрмеге қатысушылардың әрқайсысы жасына қарамастан көркем образдар жасау арқылы өзінің ерекше көзқарасын көрсете білген.

Көрмені ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары Анна Викторовна Кущенко ашып: «КAU School оқушыларының ерекше еңбегі  олардың дарындылығын ғана емес, сонымен қатар тәуелсіздік идеяларын терең түсініп, оны шығармашылық тұрғыда жеткізе алғандарын көрсетеді. Музей мен мектеп арасындағы осындай ынтымақтастық жас буынның мәдени және рухани дамуына үлес қосады» — деді. Сонымен қатар, ашылу салтанатында ҚАУ мектебінің директоры Сабирдинова  Сабина Әділханқызы оқушыларды алғашқы көрмесімен құттықтап: «Бұл көрме – біздің оқушыларымыздың таланты мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз олардың Орталық музейде өз шеберліктерін көрсетуіне мүмкіндік бергені үшін музей ұжымына шын жүректен алғыс білдіреміз» — деді.  Салтанатты шараға оқушылар, олардың ата-аналары, мұғалімдері қатысты.

«Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесі 2024 ж. 20 желтоқсанына дейін жалғасады.