Соңғы жаңалықтар

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстандағы Эстония Елшілігінің қолдауымен Эстонияның Ұлттық музейі (ENM) дайындаған «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрмені ұсынады. Көрме келушілерді

Подробнее »

31.12.2025 ж. Жаңа жылдарыңызбен!

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі жаңа жылдарыңызбен құттықтайды! Сізге мерекелік көңіл-күй, өмірде сәттілік және қызықты оқиғалар тілейді! Сіздерді жаңа 2026 жылы музейде күтеміз! Музей 2026

Подробнее »

17.12.2025 ж. Суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесі

2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Бұл — адамның

Подробнее »

15.12.2025 ж. «УАҚЫТ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты Республикалық есептік көрмесі

2025 жылдың 15 желтоқсанында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде «УАҚЫТ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты Республикалық есептік көрменің ашылуы өтеді. Көрме Қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті тұлғалары

Подробнее »

11.12.2025 ж. Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты көрме-іс шарасы

2025 жылғы 11 желтоқсаны күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығының басқармасымен және Жауынгерлік даңқ музейімен бірлесіп,

Подробнее »

05.12.2024 KAU School – оқушыларының «Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесі

2024 жылы, 5-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Тәуелсіздік күніне орай КAU School оқушыларының «Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесін ашты.

Алғаш рет ҚАУ мектебі 1998 жылы есігін айқара ашқан болатын және бүгінгі күнге дейін өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамытуға зор үлес қосып келеді. КAU School – бұл заманауи инновациялық мектеп ретінде оқушыларға тек академиялық білім беріп қана қоймай, спортта және шығармашылық бағыттарда өз қабілеттерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік жасайды.

Балалардың жұмыстары көрермендерді ертегі мен арман әлеміне саяхат жасап, еркіндік пен тәуелсіздіктің маңызын еске салып қана қоймай, ең кішкентай оқушылардың да өнер арқылы өз ойлары мен сезімдерін білдіруге қабілетті және олардың өнері назар аударуға, құрметтеуге лайық екенін көрсетуге бағытталған.

Экспозицияға майлы кескіндеме, аквакескіндеме және графика негізінде орындалған 32 жұмыс қойылған. Бұл туындылар жас суретшілердің сарқылмас шығармашылық қиялын және әлемді өзіндік қабылдауын көрсетеді. Көрмеге қатысушылардың әрқайсысы жасына қарамастан көркем образдар жасау арқылы өзінің ерекше көзқарасын көрсете білген.

Көрмені ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары Анна Викторовна Кущенко ашып: «КAU School оқушыларының ерекше еңбегі  олардың дарындылығын ғана емес, сонымен қатар тәуелсіздік идеяларын терең түсініп, оны шығармашылық тұрғыда жеткізе алғандарын көрсетеді. Музей мен мектеп арасындағы осындай ынтымақтастық жас буынның мәдени және рухани дамуына үлес қосады» – деді. Сонымен қатар, ашылу салтанатында ҚАУ мектебінің директоры Сабирдинова  Сабина Әділханқызы оқушыларды алғашқы көрмесімен құттықтап: «Бұл көрме – біздің оқушыларымыздың таланты мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз олардың Орталық музейде өз шеберліктерін көрсетуіне мүмкіндік бергені үшін музей ұжымына шын жүректен алғыс білдіреміз» – деді.  Салтанатты шараға оқушылар, олардың ата-аналары, мұғалімдері қатысты.

«Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесі 2024 ж. 20 желтоқсанына дейін жалғасады.