Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби

Подробнее »

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

05.03.2025 ж. «АЛТЫН АДАМНЫҢ МҰРАСЫ» көрмесі, зерттеуші Мағрипа Жылқыбаеваның 80-жылдық мерейтойына арналады

Мағрипа Жылқыбаева2025 жылдың 05 наурызы күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «АЛТЫН АДАМНЫҢ МҰРАСЫ» көрмесі ашылады. Көрме жұмысы кванттық физика арқылы әлемде тұңғыш рет Есік қорғанындағы Алтын адам мұрасы бойынша прото дәуірдегі алғашқы адамзат тілінің расшифровкасын жасап, 25 том кітап жазған жаратылыстанушы ғалым, адамзаттың 50000 жылдық тарихына бойлап, байырғы жаһандықтұлғалар өмірін суреттеп, ежелгі өркениеттердің ғажайып құпиясын бүгінге жеткізген бірегей зерттеуші — Мағрипа Жылқыбаеваның 80-жылдық мерейтойына арналады.

Көрмеде Мағрипа Жылқыбаеваның жеке заттарымен ғылыми еңбектері қойылады. Сонымен катар, көрменің ашылу салтанатында “Үш киян” баспасының директоры Махмут Қосмамбетов жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның Алтын адамның күміс зереншесіндегі 26 таңбасын расшифровкалау нәтижесінде жазып шыккан “Алтын адамның аманаты”, “Алтын адамның мұрасы”, “Құпия күштер кұдіреті” деп аталатын кітаптарының таныстырлымын өткізеді.

Өтетін күні мен уақыты: 05 наурызы 2025 жыл. сағат 11.00.

Көрме 2025 жылдын 05 — 21 наурызы аралығында өтеді.