Соңғы жаңалықтар

13.02.2026 ж. «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» тақырыптық көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі 2026 жылғы 13 ақпанда сағат 16.00-де Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығымен бірлесе отырып, «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде:

Подробнее »

04.02.2026 ж. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш және жылжымалы көрмесі

2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш пен

Подробнее »

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты жас оқырмандарға арналған жинақ кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді.​

Подробнее »

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі

Подробнее »

31.12.2025 ж. Жаңа жылдарыңызбен!

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі жаңа жылдарыңызбен құттықтайды! Сізге мерекелік көңіл-күй, өмірде сәттілік және қызықты оқиғалар тілейді! Сіздерді жаңа 2026 жылы музейде күтеміз! Музей 2026

Подробнее »

17.05.2025 ж. Халықаралық музейлер күніне орай «МУЗЕЙ ТҮНІ – 2025» дәстүрлі мәдени акциясы

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі 2025 жылы 17 мамыр күні сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін Халықаралық музейлер күніне орай «МУЗЕЙ ТҮНІ – 2025» дәстүрлі мәдени акциясын өткізеді.

Ауқымды мәдени оқиғаға айналған бұл шара елімізде биыл жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан бұл халықаралық акцияға алғаш рет 2006 жылы қосылып, алғашқы мерекелік іс-шара ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің бастамасымен өткен болатын.

Акцияның тақырыбы:

«Музей – тарихты сақтаушы: қазіргі қоғамдағы музей рөлі»
Бұл тақырып музейдің әлеуметтік, технологиялық және экологиялық өзгерістерге бейімделген қоғамдағы орнын айқындауға бағытталған.

Биылғы «Музей түні – 2025» екі негізгі бағытты қамтиды:

  • «Музей – руханият шаңырағы»
  • «Ерлік пен елдік – егіз»

Аталған бағыттар аясында көрмелер мен іс-шаралар:

  • Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына;
  • ЮНЕСКО көлемінде атап өтіліп жатқан Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына;
  • Қазақстанның көрнекті музыкатанушылары Ахмет пен Ғазиза Жұбановтардың шығармашылығына арналады.

Сондай-ақ, Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында ерлік көрсеткен Мәншүк Мәметова мен Боран Нысанбаевтың мемориалдық музейлерінің қатысуымен «Музейлік шеру» өтеді.

«Музей – руханият шаңырағы» бағыты аясында өтетін көрмелер:

  • Шоқан Уәлихановтың мемориалдық музейі (Жетісу облысы, Алтын Емел) ғалымның 190 жылдығына арналған экспозиция ұсынады.
  • «Шабыт жаңғырығы» көрмесі М.Кенбаев пен Х.Наурызбаевтың 100 жылдығына, В.И.Антощенко-Оленевтің 125 жылдығына, Н.Цивчинскийдің 120 жылдығына, Е.Сидоркиннің 95 жылдығына және Е.Сергебаевтың 85 жылдығына арналады.
  • Атыраулық суретші Юлия Проскураның «Көшпелілер рухы» жеке көрмесі өтеді және авторлық экскурсиясын ұсынады.
  • Музей қорындағы сирек хаттар мен жазбалар негізінде дайындалған «Хат жазып тұр…» көрмесінде әр дәуірдегі хат алмасу үлгілері, пошта маркалары, ашықхаттар, конверттер ұсынылады. Морзе аппараты, жазу машинкасы секілді байланыс құралдары да экспозицияны толықтырады. Көрмеде Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, С.Мұқанов сынды зиялы тұлғалардың түпнұсқа және көшірме хаттары, қарапайым халықтың Е.Өмірзақов, И.Есенберлин, М.Ғабдуллинге жазған хаттары да көпшілік назарына ұсынылады.

Кештің басты көрмесі – «Жауһар жәдігерлер»!

Бұл көрмеде музейдің тұрақты экспозициясынан тыс сақталған, ерекше құнды әрі бірегей экспонаттар қойылады. Көрермен назарына тек «Музей түні» аясында ұсынылатын сирек жәдігерлер көрмесі ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Музыкалық бағдарлама мен ерекше жобалар:

  • «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясынан» классикалық музыка концерті өтеді. Гварнери мен Страдивари секілді атақты шеберлердің аспаптарынан шыққан әуендер кештің көркін аша түседі.
  • Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың мемориалдық музей-үйі мен Нұрғиса Тілендиевтің мемориалдық музейі өз жәдігерлерін ұсынады.
  • Музейдің ғылыми кітапханасы әзірлеген «Білім беру жүйесін дамыту» атты кітап көрмесі өтеді.
  • «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының кітап көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
  • Сондай-ақ Халықаралық музейлер күні аясында Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдік «Иранның дәстүрлі мәдениеті мен өнері» көрмесін ұсынады. Қонақтар парсы каллиграфиясы мен бейнелеу өнерінің туындыларын тамашалап, Ираннан арнайы келген шеберлердің (Исфахан қаласынан келген Нафиса Оруджи ханым, Мариям Джаффари және Хоссейн Хушбатен мырза) қатысуымен сол елдің мәдени құндылықтарымен жақынырақ таныса алады.
  • «Happy Place» брендімен бірлесе отырып, музей жәдігерлеріне негізделген заманауи өнер бұйымдары (ашықхаттар, стикерлер, сыйлыққа арналған орау қағаздары) ұсынылады.

Интерактивті және танымдық бағдарламалар:

Кеш аясында:

  • Қолөнер шеберлерінің және музей реставраторларының шеберлік сағаттары;
  • Ғылыми интерактивтер;
  • Квест ойындары;
  • Балалар мен жасөспірімдерге арналған викториналар мен сайыстар өтеді.

Кеш барысында еліміздің танымал тұлғалары шақырылып, өнер саласының майталмандарының қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылады.

«Музей түні – 2025» акциясы – мәдениет пен тарихты тоғыстыра отырып, көрерменге ерекше рухани әсер, жарқын эмоциялар мен ұмытылмас кеш сыйлайтын маңызды мәдени оқиға болмақ.