Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби

Подробнее »

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

16.02.2026 ж. «Шамдар жанған сәтте» атты балалар шығармашылығының көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Шығыс Жаңа жылы мен Шамдар мерекесіне орай ұйымдастырылған «Шамдар жанған сәт» атты балалар шығармашылығы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Көрмеге Алматы қаласындағы бейнелеу өнері студиялары мен көркемсурет мектептерінің оқушылары қатысып, өз туындыларын ұсынды.

Көрме 5 пен 17 жас аралығындағы алматылық жас суретшілердің басын қосып, кескіндеме мен графиканың түрлі техникасында орындалған 100 үздік жұмысты көпшілік назарына ұсынды. Көрменің негізгі тақырыбы – отбасы – басты құндылық болып саналатын мерекелер.

Салтанатты ашылу рәсімінде көрмені ұйымдастырушы, «Сен суретшісің» кескіндеме мектебінің негізін қалаушы Дина Мертенова сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.

«Шамдар жанған сәт» көрмесі балалар өнерінің мәдениеттер арасын жалғайтын көпірге айналып, жарыққа, шабыт пен өзара түсіністікке толы кеңістік қалыптастыра алатынын айқын көрсетті.