Соңғы жаңалықтар

02.03.2026 ж. «ҚОЛӨНЕР ТАРИХЫ» атты жеке көрмесі

2026 жылдың 2 наурызында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейінде Қазақстанның халық қайраткері, Қазақстан Көркемөнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі

Подробнее »

16.02.2026 ж. «Шамдар жанған сәтте» атты балалар шығармашылығының көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Шығыс Жаңа жылы мен Шамдар мерекесіне орай ұйымдастырылған «Шамдар жанған сәт» атты балалар шығармашылығы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеге Алматы

Подробнее »

04.03.2026 ж. «Шығыстан Батысқа дейін» атты коллекциялық қуыршақтар көрмесі

2026 жылғы 4 наурыз күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде «Art Dolls Collection_KZ» (Арт Долс Коллекшн KZ) шығармашылық бірлестігінің «Шығыстан Батысқа дейін» атты коллекциялық қуыршақтар көрмесінің ашылуы өтеді.

Қуыршақ өнері жанры еліміз үшін салыстырмалы түрде жас бағыт болғанына қарамастан, «Art Dolls Collection_KZ» шығармашылық бірлестігі қысқа уақыт ішінде кәсіби деңгейдегі көптеген шеберлерді біріктіре білді. Коллекциялық қуыршақтар көрмесінің Ұлттық орталық музейде екінші жыл қатарынан өтуі бұл қуыршақ өнерінің тұрақты дамып келе жатқанын, көрермендер тарапынан қызығушылықтың артып отырғанын және оның Қазақстанның көркемдік кеңістігінде өз орнын тапқанын айғақтайды. Көрмеге қатысушылардың географиясы мен саны да осыны дәлелдей түседі: экспозицияда Алматы, Астана, Риддер, Жаркент және Павлодар қалаларынан келген 21 шебердің 140 жұмысы ұсынылады.

Көрменің тақырыбы — «Шығыстан Батысқа дейін» — әртүрлі өркениеттердің дәстүрлері, мағыналары мен көркем бейнелерінің тоғысуын бейнелейтін философиялық және көркемдік тұжырым ретінде ашылады. Көрме ерекше уақытта — халықтың Көктем мен Жаңару мерекесі, Наурыз мейрамы кезінде өтеді, бұл мереке жаңа өмірлік циклдің басталуын, үйлесімділікті және жаңғыруды бейнелейді. Дәл осы біріктіруші энергия коллекциялық қуыршақтар экспозициясында көрініс тауып, Шығыс пен Батыстың образдары біртұтас көркем кеңістікте бірігіп, мәдениет, эстетика және символика элементтерін нәзік әрі әсерлі түрде жеткізеді.

Көрменің міндеті – алматылықтар мен қала қонақтарына арамызда жүрген көптеген шеберлерді таныстыру. Әрбір жұмыс бір данадан ғана жасалады және оларды жасауға бірнеше аптадан бірнеше айға дейін уақыт кетеді. Шеберлердің тынымсыз қажырлы еңбекпен жасалатын бірегей туындылары жеке коллекцияларда және әлем бойынша өткізілетін галереяларда лайықты өз орындарын тауып жүр.

Аталмыш экспозицияда «Art Dolls Collection_KZ» шығармашылық бірлестігі шеберлердің авторлық жұмыстары арқылы әртүрлі техникалар мен бай материалдар әлемін паш етеді.

Музей сіздерді қуыршақ өнері мен сұлулық әлеміне саяхат жасауға шақырады.

Көрме 2026 ж. 4 – 18 наурыз аралығында өтеді.

Ұйымдастырушы: Фисенко Татьяна +7 747 389 8888

Мекен-жайымыз: ҚР Ұлттық орталық музейі, Самал-1, 44-үй

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Техникалық себептерге байланысты 27 ақпан күні музей ерте, сағат 16:30-де жабылатынын хабарлаймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.