Соңғы жаңалықтар

05.03.2026 ж. «Балалық шақ пен көктем палитрасы» атты балалар шығармашылығы көрмесі

2026 жылғы 5 наурыз күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «АртУм» балалар студиясының «Балалық шақ пен көктем палитрасы» атты балалар шығармашылығы көрмесінің ашылу

Подробнее »

02.03.2026 ж. «ҚОЛӨНЕР ТАРИХЫ» атты жеке көрмесі

2026 жылдың 2 наурызында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейінде Қазақстанның халық қайраткері, Қазақстан Көркемөнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі

Подробнее »

05.03.2026 ж. «Балалық шақ пен көктем палитрасы» атты балалар шығармашылығы көрмесі

2026 жылғы 5 наурыз күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «АртУм» балалар студиясының «Балалық шақ пен көктем палитрасы» атты балалар шығармашылығы көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

«АртУм» балалар көркемсурет студиясы 2024 жылы «Қазақстанның үздік кәсіпорны» мәртебесіне ие болып, 13 жылдан астам уақыт бойы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін жүйелі түрде дамытып келеді. Студияның көркемдік жетекшісі – «Тұмар-Арт» педагог-суретшілер одағының мүшесі Анара Нуранова. Оқу үдерісінде бейнелеу өнерінің классикалық негіздері заманауи әдіс-тәсілдермен ұштасып, жас суретшілерге пішін, түс және түрлі материалдар арқылы өз қиялын еркін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Көрме экспозициясы балалардың дүниетанымы, көңіл күйі мен көктемгі шабытын бейнелейтін шығармаларды біріктіре отырып, жас авторлардың ішкі әлемін тереңірек тануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кескіндеме және графика арқылы олар көктемнің нәзік сұлулығын, табиғаттың жаңаруын және балалық қиялдың шексіздігін әсерлі түрде суреттейді. Түрлі түстер, материалдар мен техникалардың сан алуандығы әр туындының көркемдік болмысын айқындаса, баланың шынайы көзқарасы шығармаларға жылылық, қуаныш пен арманшыл көңіл күй сыйлап, көрерменді ерекше шығармашылық әлемге жетелейді.

⭐ Көрменің мақсаты — балалардың көркем шығармашылығын қолдау және насихаттау, өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамы мен шығармашылық ойлауын дамыту, сондай-ақ бейнелеу өнері арқылы қоршаған ортаны тануға және жеке тұлғаның өзін-өзі таныту құралы ретінде қызығушылық қалыптастыру.

Көрме экспозициясында ұлттық нақыштағы әйел бейнелері, табиғат көріністері және балалық қиял элементтері көрініс тапқан 40 туынды ұсынылған. Жұмыстар әртүрлі көркемдік техника мен материалдарда орындалған.

 

Көрме 2026 жылғы 17 наурызға дейін жалғасады.

Мекен-жайымыз: Самал-1, 44 үй.

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Техникалық себептерге байланысты 27 ақпан күні музей ерте, сағат 16:30-де жабылатынын хабарлаймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.