Соңғы жаңалықтар

25.04.2025 ж. «Кәсіптің күші – халықтың игілігі» атты көрмесі

2025 жылғы 23 сәуір күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы кәсіптер жылы» деп жариялауына орай

Подробнее »

17.04.2025 ж. Суретші Жазира Жанабаеваның «Антилабиринт» жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2025 ж. 17 сәуірі сағат 16.00-де суретші Жазира Жанабаеваның «Антилабиринт» жеке көрмесін ашады. Вернисажда «Тау», «Гүлдер», «Аспан денелері» және басқа

Подробнее »

11.04.2025 ж. Музей жұмыс істемейді

Құрметті музей қонақтары! 2025 жылдың 11 сәуірі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі техникалық себептерге байланысты жұмыс істемейді. Қалған күндері музей әдеттегі кесте бойынша өз

Подробнее »

05.04.205 ж. «Қарағым-ай» көркемөнер көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2025 ж. 5 сәуірде сағат 14:00-де «Қарағым-ай» көркемөнер көрмесінің ашылуы өтеді. «Қарағым-ай» – сүйіспеншілікке, қамқорлыққа толы үндеу, қазақтың шексіз мейірімін

Подробнее »

19.03.2025 «ШЫҒЫСТАН БАТЫСҚА ДЕЙІН» коллекциялық қуыршақтар көрмесі

2025 жылдың 19 наурызы күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, «Art Dolls Collection_KZ» шығармашылық одағымен бірлесіп, «ШЫҒЫСТАН БАТЫСҚА ДЕЙІН» коллекциялық қуыршақтар көрмесін ашады.

Подробнее »

Экспозициялық залдар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстанның ежелгі заманынан қазіргі кезеңге дейінгі тарихынан толық мағлұмат беретін алты тұрақты зал жұмыс істейді.

Экпозициялық материалдар музейдің негізгі бағытын, саласын, ерекшелігін көрсетеді. Түрлі мазмұндағы коллекциялар Жер бетінде тіршіліктің пайда болуынан бастап, ежелгі жануарлар мен өсімдіктердің таралуы мен жер бетінен жойылуы, адамдардың алғашқы іздері, тайпалық одақтар мен мемлекеттердің құрылуы, көшпелі және қала мәдениетінің өзара ықпалдастығы, өзара соғыстар мен халықтардың жаппай қоныстануы және ХХ-ХХІ ғ. дейінгі Қазақстанның сан ғасырлық тарихын көрсетеді.

Палеонтология және археология залы — палеонтологиялық және археологиялық деген екі кешеннен тұрады. Мұндай экспозициялық кешенді құру алдымен адамзат тарихының нәсілдік-генетикалық және әлеуметтік дамуындағы табиғи және антропогенді екі іргелі факторларының өзара себеп-салдарының байланысуы мен тәуелділігіне негізделген. Палеонтология бөлімі бай остеологиялық материалдар, тасқа айналған ағаштар, тақтатастардағы жәндіктер, балықтар мен өсімдіктердің таңбаларымен таныстырады. Бұл бөлімдегі экспонаттардың көпшілігінің жасы миллиондаған жылдардан асады. Палеонтологиялық экспонаттар екі орталық витринада 12 геологиялық кезең бойынша хроногиялық тәртіппен орналастырылған.

Археологиялық экспозиция кешені тас ғасыры, қола дәуірі, ерте темір ғасыры, хун-сармат дәуірі, орта ғасырлар және Қазақстан аумағын ежелден XV ғасырға дейін мекендеп келген тайпалардың тарихы, экономикасы, діни көзқарасы, көркем қолөнері, сәулет өнерімен таныстырады. Экспонаттар залдың екі деңгейінде тақырыптық және хронологиялық жүйелілікпен орналасқан. Экпозицияда әртүрлі археологиялық экспедициялардың жұмысының нәтижесінде Қазақстанның аумағында табылған археологиялық заттар бар. Мұнда археологиялық қазбалардың аса құнды көшірмелері қойылған, солардың ішінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», Қарғалы және Жалаулы көмбелерінен табылған бірегей көне алтын бұйымдар, ертедегі жерлеу орнының жаңғыртпасы, ортағасырлық архитектура ескерткіштерінің макеттері мен диорамалар көрсетілген. Сақ кезеңіндегі ерте көшпелілер мәдениетінің жарқын көрсеткіштері ретінде қару-жарақ үлгілерін, ат әбзелдері, қола ыдыстар, қазандар мен ғұрыптық ыдыстарды атап өтуге болады. Оңтүстік Қазақстандағы қаңлы мәдениеті ескерткіштері б.з.д.IV ғ. – б.з.IV ғ. Арыс өзені бойындағы тұрақтар мен обаларды қазу кезінде алынған бірегей артефактілермен көрсетілген. Орта ғасырдағы көшпелі-түркілер өз ұрпақтарына тас мүсіндер, жауынгер атрибуттары: садақ пен жебе, найза, сауыт, қола шытыралары бар белдіктер және т.б. қалдырған.

Қазақстандағы қала мәдениетінің гүлденуі моңғол шапқыншылығы салдарынан тоқырап қалды. 1219 жылы Шыңғыс ханның қалың қолы Жетісуды жағалай, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға басып кірді. Қарсылық көрсеткен қалалар жермен-жексен болды. Бұлардың арасында 6 ай бойы арпалыса қарсыласқан Отырар қаласы да болды. Бұл көрініс «Отырар қаласының қаһармандық қорғанысы» диорамасында бейнеленген.

Қайта жаңғыртпаларда Еуразияның ертедегі көшпелілердің мәдениетін археологиялық қалпына келтіру саласында көпжылдық   ғылыми әзірлемелерді жинақтап, ертедегі көшпелілік өркениеттің негізгі тасымалдаушылары – көшпелілер мәдениетінің, дәстүрлерінің әр түрлі көзқарастары туралы ақпараттық дереккөз ретінде қызмет атқарады. Мәселен, мынаадй ғылыми жаңғыртпалар бойынша археологиялық жобалар табысты түрде жүзеге   асырылды: «Б.з.д. XIV- IX ғ.ғ. андронов мәдениеті әйелінің киімі мен керек-жарақтары» (жаңғыртпаның авторы К. Ақышев), «Б.з.д. IV – III ғғ. «Алтын адам» (Ә. К. Ақышевтың жаңа нұсқасы бойынша Қ. Алтынбеков дайындады), «Б.з.д. II ғ. – б.з. IV ғ. Қаңлы әйелі», «Б.з.д. II ғ. – б.з. IV ғ. атақты жауынгер – сюннудың (ғұнның) қару-жарағы мен киімдері» — авторы және ғылыми-өндірістік топтың жетекшісі т.ғ.д. А.Н. Подушкин.

Қазақстан музей ісінің тарихында алғаш рет ҚР Мемлекеттік орталық музейінде, музей директоры Нұрсан Әлімбайдың бастамасымен және тікелей араласуымен, музейдің мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің жаңа түрі ретінде «Ашық қор» экспозициялық кешені ұйымдастырылды. Осы игі істің нәтижесінде келушілерге қор коллекцияларының бұрын соңды белгісіз болған қазыналарын көру мүмкіндігі туды. «Ашық қор» экспозициясы тақырыптық негізде құрылған және жаңа коллекциялық материалдарды көрсету арқылы мерзімді түрде жаңарып тұрады. Экспозициядағы жетекші орындарды ерте көшпелілер кезеңі мәдениетін көрсететін Жалаулы, Покровка, Қарғалы қазыналары иеленген.

Жалаулы қоймасы. Б.з.д VIII – VII ғғ. Скиф-сібір «аң» стиліндегі жасалған бұйымдардың ішінде ерекше назарды пектораль- жарты ай тәрізді тамақша аударады.   Б.з.д VIII – VII ғғ. Жетісу жерін мекендеген сақтардың зергерлік өнерінің ғажайып үлгісі болып табылатын Жалаулы әшекейлері қиял ұшқырлығымен, түр айқындығымен, жоғары талғамымен ерекшеленеді. Тамақшаның іші тау текенің мүсіндерінің композициясымен толтырылған. Мүсіндерде көгілдір ақық қойылған қуыстар бар, тау текелердің арасындағы бос орын дәнекерлерленген түйір шарлармен толтырылған. Сондай-ақ, қомдана шауып бара жатқан арқарлардың бейнесі бейнеленіп, көгілдір ақықпен безендірілген, олардың арасындағы көптеген ұсақ түйіршіктермен толтырылған бадам дәні түріндегі қапсырмалары да қызғылықты болып берілген.

Шілікті қорғанының қазынасы. Б.з.д. VII –VI ғғ. Зайсан ауданындағы Шілікті биік таулы жазығында б.з.д VIII-III ғғ. Шығыс Қазақстан облысында мекендеген сақтардың «патша обалары» шоғырланған. Сақтардың көне өнерінің озық үлгісі болып саналатын Шілікті алтыны қиял ұшқырлығымен, айқындығымен және биік талғамымен таңдандырады. Жерлеу орнынан 4263 алтын әшекей табылған, олар жоғары сынамалы (90-95 %) сап алтыннан құйма, соқпа, дәнекерлеу, қақтау тәсілдерімен жасалып перузамен безендірілген. Обадан табылған қапсырмалар арасынан скиф-сібір «аң» стилінде дайындалған әшекейлер: грифонның, арқардың, таутекенің және бұғының мүсіндері айрықша ерекшеленеді.

Тарасу алтыны. Б.з.д. VII — VI ғғ. Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданының Тарасу обасынан табылған (1998 ж). Қабірден табылған барлық заттар: жыртқыш аңның құйма мүсіншесі, түйіршікті сырғалар, ілгекті сырғалар, түймелер толықтай музей қорына өткізілген. Қазіргі зерттеушілер Таулы Алтай (Берел, Тарасу, Пазырық, Ақ-Алаха) қорғандарынан табылған заттарды антикалық дереккөздерден белгілі «алтындарды күзеткен грифтер» атты тайпалармен байланыстырады.

Екінші Покровка қорғанының алтыны. Б.з.д. V ғ. Екінші Покровка қорғанынан табылған әшекейлер ежелгі савроматтардың зергерлік өнерінің тамаша үлгісі болып табылады.

Бай әйел жерленген орыннан отызға жуық алтын әшекейлер табылған, олардың ішінен скиф-сібірлік «аң» стилінде жасалған бұйымдар   ерекшеленеді. Әсіресе екі архардың басы бейнеленген төрт ірі белге тағатын, сопақша қапсырмалардың және жолбарыстың басы іспетті қапсырмалардың, қасқырдың басы бейнеленген салпыншақтардың алар орны ерекше. Жергілікті шеберлердің бұйымдарымен қатар обадан сырттан әкелінген заттар да табылды, олардың ішінде қалыптастан ойылған алтын қалпақшалы ахеменидтік мөр ерекше ден қоярлық зат.

Шірікрабад (IV – б.з. бірінші ғғ.) және Қылышжар зиратынан (б.з.д. III-I ғғ.) табылған алтын — Қызылорда облысы аумағындағы Жаңадария өзенінің оң жағасында орналасқан. Шірікрабад кешенінен тапқан дүниелер Арал өңірі сақтарының зергерлік өнерінің үлгісі деуге болады. Жерлеу орнынан барлығы 400-ден астам алтын бұйым табылды. Бұлар қалыптау, шыңдау, кесу, ширатпа тәсілдерімен жасалған киім әшекейлері.

Қарғалы көмбесі. Б.з.д. II — I ғғ. 1939 жылы Алматы қаласының батысындағы Қарғалы шатқалындағы жартас астынан әйел қабірі және 300-ден астам алтын әшекей табылған. Б.з. д II-I ғғ. «аң» стилінен кейін қалыптасқан безендіру стиліндегі қарғалылық әшекейлер ежелгі үйсіндердің зергерлік өнерінің шыңы деуге болады.

Экспозициядағы диадаема – ғұрыптық баскиімнің әшекейі, қос өркешті түйенің мүсінін перуза көзшелермен безендіріп жасаған екі сақина, адамға қарсы атылған қабан бейнеленіп, перуза, ақық, яшма тастардан көз қондырылған сырға және т.б. бірегей заттардың қатарынан тұрады.

Экспозицияда, сондай-ақ, шығыс шеберлерінің зергерлік әшекейлерінің коллекциясы – нефрит сапты дамаскілік   болаттан жасалған қанжар, сыналарында парсы және араб тілдерінде жазбалар түсірілген жазулары бар алмас және лағылдан безендірілген, алтын мен ақ алтыннан   жасалған қынап, үш қырлы кішкентай қанжар, қазақ ақсүйек зиялыларының көгілдір ақық және ақықтан безендірілген, күміс пен алтыннан жасалған ат әбзелдерінің үлгілері қойылған.

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 2007 жылы «Антропология музейі» экспозициялық кешені ашылды. Идеяның авторы және ғылыми жетекшісі – Нұрсан Әлімбай. Музейдің салтанатты ашылуы 2007 жылдың 18 мамыр күні — Халықаралық музейлер күні қарсаңында өтті. Музейдің ашылуына ежелгі адамдардың пайда болуы мен қазақ халқының 40 ғасырлық тарихын көрсететін экспозицияларды дайындауға қаржылай көмектескен барлық демеушілер қатысты. Залдағы экспозициялар көркемдігімен, жаңашылдығымен адамға өте ерекше әсер қалдыруымен ерекшеленеді. Залда Қазақстан тарихының этно-рассогентикалық үрдісін көрсететін антропологиялық, археологиялық экспонаттар қойылған.

Зал экспозициясы үш бөлімнен тұрады:

  • біріншісінде адамның даму эволюциясының сызбанұсқасы, тарихи мекен еткен жері, үлкен үш расаның классификациясы берілген;
  • екінші бөлімде адам эволюциясының даму сатылары мен олардың физикалық типінің қалыптасуы, көне заман адамдарының әлемге таралуы көрсетілген;
  • үшінші бөлімде андронов мәдениетінен бастап қазіргі заманға дейінгі адамдардың антропологиялық мүсіні және қазіргі қазақтардың тіс морфологиясы, алақан және саусақ бедерлері, қан топтары бойынша экспозициялар қойылған. Экспозицияда көрсетілген Еуразияның далалы аймақтары тұрғындарына тән антропологиялық типтер түрлі тарихи кезеңдердегі расалық типтерді сипаттайды.

Залдағы «Алғашқы тұрмыстық қоғам», «Берел патша қорғанына жерленген тұлғалар», «XIX ғасырдағы қазақ тұрмысының этнографиялық ерекшеліктері» диорамалары ерекше назар аударады. Сонымен қатар адамның пайда болуы туралы бейнефильмер экспозицияны жандандыра түседі.

Тарихи этнография залы — зал экспозициясы ХҮ ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі Қазақстан тарихына арналған (музей директоры – Нұрсан Әлімбайдың жетекшілігімен және ғылыми концепциясы бойынша 2008 жылы жаңартылды). Экспозициялық зал қазақтардың дәстүрлі мәдениетіне, яғни тіршілікқамы жүйесіне, шаруашылық және тұрмыстық салтына, рухани мәдениетіне арналған. Қазақ қоғамының негізгі сипаттары көрсетіліп, көшпелілердің  мәдени дәстүрлерінің өзіндік ерекшеліктері бейнелі түрде беріледі. Композициялық жағынан зал кіші және үлкен айналымнан тұрады.

Экспозициялық кешендер Қазақ хандығының құрылуы, мемлекеттіліктің құрылуы мен дамуы, жоңғарларға қарсы күрес, қазақ жерінің Ресей құрамына кіруі сияқты кезеңдерді тарихи көрнектермен баяндайды. Залдан орын алған этнографиялық материалдар қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмысы мен дүниетанымдық көзқарастарынан, бай рухани және материалдық мәдениетінен сыр шертеді. Залдан түпнұсқа фотоматериалдар, сирек кездесетін кітаптар, картографиялық материалдар, тұрмыстық және халық қолданбалы өнері бұйымдарын, сонымен қатар қазақ халқының киім-кешектері мен кілем тоқу өнерін көруге болады. Залдың орталық алаңына қазақ мәдениетінің бірегей символы саналатын — киіз үй орналастырылған

Үшінші «Тарих залының» экспозициясы тұрмыстық заттармен, үй шаруашылықтарымен, киім-кешектермен, қолөнер және сәндік-қолданбалы өнер заттарымен, сондай-ақ Қазақстан халқының тарихы мен мәдениетін бейнелейтін фотоқұжаттармен ұсынылған. Құрылған бейнелі экспозициялық кешендер 16 этностың мәдениетін таныстырады.Корей халқының тарихы мен мәдениетін көрсететін Оңтүстік Кореяның ұлттық этнография музейімен бірлесіп жүзеге асырылған «корейлердің дәстүрлі мәдениеті» экспозициясы ерекше қызығушылық тудырады.

Залда сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда және тылда батырлық көрсеткен қазақстандықтарға арналған экспозиция бар. Мемориалдық заттар мен кешендерде көрнекті тұлғалардың өмірі мен еңбегінің нақты тарихи оқиғалары немесе фрагменттері ашылып көрсетіледі.

«Тыл-Майдан» экспозициясы соғыс жылдары Қазақстан аумағында  экономика, халық шаруашылығы, ғылым және мәдениет салаларында жұмыс жасаған  қызметкерлерге арналған. Витриналарда плакаттар, соғыс жылдарында шығарылған жабдықтар мен өнімдердің үлгілері, фотосуреттер, марапаттар, құжаттар, хаттар және тыл еңбеккерлерінің басқа да жеке заттары көрсетіледі. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның ғылымы мен мәдениеті» тақырыптық кешеніне орталық орын ұсынылған. Кеңес Одағы батырларының алтын әріптермен есімдері жазылған 510 қазақстандық – Жеңіс шеруі туралы ақпараттар  мен Даңқ шеңбері экспозицияны аяқтайды.

«Тәуелсіз Қазақстан» залы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициялық залы Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. Залдың хронологиясы 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Экспозиция Қазақстанның егемендігін бекіткен маңызды тарихи құжаттармен басталады. Онда «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларация», «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы Заң»; Назарбаевты Президент болып сайлау туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы. Экспозиция Қазақстан Республикасының Президенті болып Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланғаннан кейін мемлекет басшысының қазіргі заманғы даму үрдістеріндегі рөлін көрсететін жаңа ақпараттармен толықтырылды. Экспозицияда Президенттің өмірбаяны, саяси қызметі мен стратегиялық басымдықтарын бейнелейтін негізгі материалдар жинақталған. Өмірбаяндық ақпарат Қ.К. Тоқаевтың кәсіби жолын, оның дипломатиялық қызметті дамытуға, мемлекеттік басқаруға және Қазақстанды жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформаларды іске асыруға қосқан үлесін ашады. Президент Жолдауының мәтіндері тұрақты экономикалық өсуді, әлеуметтік дамуды, институционалдық қайта құруларды және ұлттық бірегейлікті нығайтуды қамтитын стратегиялық басымдықтарды көрсетеді. Экспозиция жүргізіліп жатқан саясаттың маңыздылығына баса назар аударады, мемлекеттік даму үрдістерін терең түсінуге ықпал етіп, ел көшбасшысының жаһандық және ұлттық деңгейдегі рөлін жан-жақты қабылдауға мүмкіндік береді.

Экспозицияда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше көңіл бөлінген. Бұл бөлімде Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік ту және Мемлекеттік гимн ұсынылған. Сонымен қатар, гимн авторларының фотосуреттері, олардың құқықтық мәртебесін, пайдалану тәртібі мен маңызын айқындайтын нормативтік-құқықтық актілер және мемлекеттік рәміздердің ел дамуына қосқан үлесін бейнелейтін басқа да материалдар қамтылған.

Мемлекеттік наградаларға арналған бөлім ерекше маңызға ие, өйткені олар азаматтардың мемлекет алдындағы еңбегін танудың жоғарғы нысаны болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградаларға жоғары дәрежелі ерекшелік белгілеріне: «Отан», «Даңқ», «Айбын», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендері, сондай-ақ, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары жатады.

1993 жылғы 15 қарашада өткен ұлттық валюта – теңгенің енгізілуі елдің экономикалық егемендігінің маңызды элементі болды. 1997 жылы бұл күн ресми түрде Ұлттық валюта күні болып жарияланды. Экспозицияда қағаз ақша купюраларының, мерейтойлық монеталардың үлгілері және монета сарайы дайындаған ақпараттық материалдар ұсынылған.

Экспозицияда Қазақстан Республикасының астанасын Ақмола қаласына көшірудің және мемлекеттің жаңа әкімшілік орталығын қалыптастырудың тарихи хроникасы ұсынылған. 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» қаулы қабылдады, бұл астананы көшіру туралы стратегиялық шешімді іске асырудың негізгі кезеңі болды. 1997 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлығы шықты, бұл шешімнің құқықтық мәртебесін бекітті. Жаңа астананың құқықтық мәртебесін қалыптастырудың соңғы қадамы 1998 жылғы 20 мамырда «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы болды. Көрмеде астананы көшіру туралы шешім қабылдау процесін көрсететін фотоқұжаттар, Астана қаласының жаңа мәртебедегі ресми тұсаукесері, сондай-ақ бұл оқиғаның ел тарихындағы маңызын айқындайтын Ақмола қаласының кілті мен паспорты сияқты символдық артефактілер ұсынылған.

Залдың экспозициясында «Ұлан» Ұлттық ұланына арналған бөлім ұсынылып, оның тарихы, құрылымы және негізгі міндеттері баяндалады. Экспозицияда әскери форма үлгілері, жабдықтау элементтері, ерекшелік белгілері, сондай-ақ бөлімшенің даму кезеңдерін көрсететін фотоматериалдар қойылған.

Семей ядролық полигонының жабылуына арналған бөлім маңызды орын алады. Онда сынақтар мен наразылық қозғалыстарын бейнелейтін бірегей фотосуреттер, полигонды жабу туралы жарлықтың көшірмесі, сынақ аймақтары көрсетілген карта, сондай-ақ ядролық сынақтардың экология мен халықтың денсаулығына тигізген зардаптарын көрсететін мұрағаттық құжаттар ұсынылған. Экспозицияға куәгерлердің куәліктері, қирау ауқымы туралы статистика, сондай-ақ полигонның жабылуының халықаралық маңыздылығын ашатын материалдар кіреді.

2013 жылы «Теңізшевройл» ЖШС-нің 20 жылдығына орай компанияның тарихы мен қызметіне арналған экспозиция ашылды. Экспозиция кәсіпорын құрылғаннан бастап және алғашқы барлау жұмыстарынан бастап озық технологиялар мен экологиялық бағдарланған шешімдерді енгізумен сипатталатын қазіргі кезеңдерге дейінгі дамудың негізгі кезеңдерін қамтиды. Экспозиция құрамында фотоқұжаттық материалдар, өндірістік объектілердің макеттері, компанияның Қазақстанның экономикалық дамуына қосқан үлесін көрсететін ақпараттық стендтер, көмірсутектерді өндірудің инновациялық тәсілдері, сондай-ақ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламалары ұсынылған. Қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған технологиялық шешімдерге, сондай-ақ компанияның мұнай-газ саласындағы халықаралық ынтымақтастықтағы рөліне ерекше назар аударылды.

Экспозицияда ғылым мен мәдениеттің дамуына арналған фотоқұжаттық материалдар ұсынылған. Қазақстан спортына байланысты жеке бөлім арналған. Мұнда спортшылардың ел спортына қосқан үлестерін, жетістіктері мен негізгі оқиғаларын көрсететін фотосуреттер мен құжаттар, сондай-ақ спорттық киімдер ұсынылған.

Осылайша, «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициялық залы егеменді мемлекеттің қалыптасу, нығаю және даму кезеңдерін көрсетеді. Ұлттық валютаның енгізілуі, астананың ауысуы, мемлекеттік наградалар жүйесінің құрылуы және ұлттық қауіпсіздік күштерінің қалыптасуы – тәуелсіздікті нығайтудың маңызды кезеңдері. Экспозициялық материалдар ел тарихындағы басты оқиғаларды бейнелеп, ұлттық бірегейлік пен мемлекеттіліктің негізгі құндылықтарын айқындайды.