Соңғы жаңалықтар

11.12.2025 ж. Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты көрме-іс шарасы

2025 жылғы 11 желтоқсаны күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығының басқармасымен және Жауынгерлік даңқ музейімен бірлесіп,

Подробнее »

29.11.2025 ж. Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық мәдени іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық мәдени іс-шарасын өткізді.   Шара барысында ерекше жандардың құрметіне «Жүректен жүрекке» атты

Подробнее »

26.11.2025 «Батыр бабалар мемориалды» музейінің бірлескен «Түркілердің дәстүрлі қару-жарақ жүйесі: даму тарихы, құрылымы, этномәдени қызметі» халықаралық дөңгелек үстелі өтті

2025 жылдың 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен «Батыр бабалар мемориалды» музейінің бірлескен «Түркілердің дәстүрлі қару-жарақ жүйесі: даму тарихы, құрылымы, этномәдени қызметі» халықаралық

Подробнее »

28.11.2025 ж. Қали Қораласбаевтың «КИЕЛІ МЕКЕН» жеке шығармашылық көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде ҚР Мәдениет саласының үздігі, суретші, мүсінші, карикатурашы Қали Ерғазыұлы Қораласбаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Киелі мекен» жеке шығармашылық көрмесінің ашылу

Подробнее »

19-26.11.2025 «Шығыс  базары» тоғызыншы  пэчворк-фестиваль көрмесі

2025 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде пэчворк пен квилтингтің дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнеріне арналған тоғызыншы «Шығыс базары» пэчворк-фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл

Подробнее »

Халықаралық байланыстар

Қазіргі замандағы музей ісінің даму үдерісінде халықаралық байланыстар ерекше маңызға ие. Музейдің ғылыми және мәдени-танымдық қызметін жетілдіру үшін әлемдік мәдени және ғылыми кеңістікке қосылу жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік музейі – еліміздегі ең ірі және ең көне музейлердің бірі. Ол ұлттық тарих пен мәдениетті, қазақ халқының дәстүрлерін кеңінен насихаттау мақсатында белсенді көрме қызметін жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, музей қызметкерлері халықаралық ғылыми конференциялар мен форумдарға қатысып, еліміздің ғылыми беделін арттыруға үлес қосуда. Халықаралық және өңірлік деңгейдегі конференциялар, симпозиумдар мен семинарларға қатысу, ғылыми мақалалар жариялау – музейдің ғылыми мәртебесін нығайтып қана қоймай, қызметкерлердің кәсіби дамуына және музей ісі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге септігін тигізеді. Орталық музейдің халықаралық ғылыми және мәдени байланыстары жыл сайын артып келеді. Мекеме тек музейлермен ғана емес, архивтермен, кітапханалармен, сондай-ақ алыс және жақын шет елдердің ғылыми-зерттеу мекемелерімен де тығыз ынтымақтастық орнатуда. Музей қызметкерлері Ресейдегі жетекші музейлермен және ғылыми ұйымдармен, атап айтқанда, Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография музейі (Кунсткамера), Ресей этнография музейі, Мемлекеттік Эрмитаж, Мемлекеттік тарихи архив, Шығыстық қолжазбалар институты, Материалдық мәдениет институты және Ресей ғылым академиясының архивімен тығыз ғылыми байланыс орнатқан. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Францияның (Гиме музейі, Париж), Германияның (Таулы іс музейі, Бохум), Венгрияның (Ұлттық музейі, Табиғи тарих және этнография музейлері, «Матрика» археологиялық саябағы), Моңғолияның тарихи музейі, Оңтүстік Кореяның Ұлттық тарихи музейі, Түркияның Түркі және ислам мәдениеті музейі (Стамбул), Қытайдың Сиань және Шанхай қалаларындағы музейлері, Чехияның Ұлттық музейі (Прага), сондай-ақ Қырғызстан (Бішкек), Өзбекстан (Ташкент, Самарқан), Әзірбайжан (Баку) музейлерімен тығыз және тиімді ынтымақтастық орнатып отыр.

2022–2025 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік музейі мәдениет пен музей ісін дамыту бағытында бірнеше халықаралық келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойды. Олардың қатарында Арменияның Тарих музейі, Қытайдың Сиань қаласындағы Тан әулеті кезеңіне арналған музейі, Оңтүстік Кореяның Сеул тарихи музейі, Венгрияның Ұлттық музейі, Өзбекстандағы «Самарқан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Моңғолияның Баян-Өлгий аймақтық музейі және Қытай Халық Республикасының Шаньдун провинциясының Мәдениет және туризм департаменті бар. Сонымен қатар, музей дипломатиялық корпустармен және Жапония, Корея, Қытай, Иран, Түркия, Ресей, Венгрия, Литва, Польша және басқа елдердің елшіліктері мен консулдықтарымен мәдени ынтымақтастықты дамытып отыр. Бірлескен көрмелер мен мәдени-танымдық жобалар сәтті жүзеге асырылды. Орталық музей бұрыннан қалыптасқан халықаралық шығармашылық байланыстарды дамытуға, халықаралық көрмелер ұйымдастыруға, бірлескен зерттеу және мәдени жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударады (қараңыз: «Шетелдегі көрмелер»). Музейдің Ресейдегі әріптестерімен ғылыми және шығармашылық байланыстары ерекше орын алады. Соңғы жылдары Орталық музей мен Кунсткамера (МАЭ РАН) музейімен бірлесіп бірнеше ірі халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асырды:

  • «С.М. Дудин – этнограф-суретші. Гамбург музейі мен Ресей этнография музейлеріндегі Орталық Азия экспедицияларының фотоматериалдары»;
  • «Қазақтардың тарихи этнографиясы: Кунсткамера коллекцияларындағы материалдар»;
  • Ресей этнография музейінің қазақтардың дәстүрлі мәдениеті мен тұрмысына арналған коллекцияларына негізделген ғылыми-қолданбалы жоба және ғылыми каталог (РЭМ, Санкт-Петербург).

Орталық музей Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен (ҚР СІМ), сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасы (ПРООН), ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ, Британ Кеңесі сияқты халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан. Мысалы, 2007 жылдан бері ЮНЕСКО қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі халықаралық мәдени-білім беру кеңістігінде: «Музеолог» электрондық базасын кеңейту» жобасына қатысып келеді. Сондай-ақ ЮНЕСКО, БҰҰ және Британ Кеңесімен бірлесе бірнеше мәдени жобалар іске асты. Олардың қатарында британ дизайнерлері мен заманауи суретшілердің көрмесі, «Теңіз асты мәдени мұрасы» көрмесі және Алматыдағы ЮНЕСКО аймақтық кеңсесімен ұйымдастырылған іс-шаралар бар. 2024–2025 жылдары ТҮРКСОЙ ұйымының қолдауымен «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» халықаралық этнографиялық ғылыми форумы ұйымдастырылды. Музей мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Археология, этнография, Қазақстан тарихын зерттеу  бөлімдерінің ғылыми қызметкерлері, суретші-қалпына келтіруші мамандары, экскурсия жүргізуші мамандары, қор сақтау мамандары мен экспозиционерлер  Лондондағы Британ музейі, Кореяның Ұлттық этнография музейі, Жапония Ұлттық музейі, Мәскеудегі Мемлекеттік тарихи музей, И.Э. Грабарь атындағы ғылыми-қолданбалы реставрациялық орталық (Мәскеу), Топкапы Мемлекеттік музейне қарасты реставрация орталығы (Стамбул), Ресей этнография музейі (Санкт-Петербург), Ресей мемлекеттік Русь музейі, Мәскеудегі мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау академиясы, Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, Қытайдың Сиань музейі сынды мекемелерде тағылымдамадан өтті. Бұл тәжірибелер музей қызметкерлерінің кәсіби білімдерін жетілдіруге елеулі әсер етті.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік музейі халықаралық ғылыми және мәдени байланыстарды жүйелі түрде дамытып, музей ісіндегі жаңа бағыттарды енгізуге, шетелдік әріптестерімен ынтымақтастықты нығайтуға, мәдениаралық диалог пен өзара түсіністікті тереңдетуге бағытталған жұмысты табысты жалғастыруда.