22.06.2026 ж. «Тәртіп сақшыларына тағзым» атты мерекелік іс-шарасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі 2026 жылдың 22 маусымы күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Полиция күніне орай Алматы қаласы Полиция Департаменті Медеу ауданының полиция басқармасымен бірлесіп «Тәртіп сақшыларына тағзым» атты мерекелік іс-шарасын өткізеді. Іс-шараның мақсаты: Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерінің еңбегін дәріптеу, олардың кәсіби қызметіне құрмет көрсету, […]
18.06.2026 ж. «Designers Go Outside» атты көрме
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде De Montfort University Kazakhstan университетінің BA Graphic Design & Illustration бағдарламасы түлектерінің дипломдық жобалары ұсынылған «Designers Go Outside» көрмесінің ашылуы өтті. Көрменің атауы – «Designers Go Outside» – білім беру ортасынан кәсіби қызметке қадам басу идеясын білдіреді. DMUK қабырғасында алған білімдері, тәжірибелік дағдылары, өзіне деген сенімі мен кәсіби байланыстарының арқасында […]
17.06.2026 ж. Ермек Сансызбайұлы Абдрамановты еске алу кеші
2026 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Қазақстанның азаматтық авиациясының көрнекті қайраткері Ермек Сансызбайұлы Абдрамановтың өмірі мен кәсіби мұрасына арналған еске алу кеші өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын дамытуға, ұлттық авиациялық кадрларды даярлауға және отандық авиация саласының қалыптасуына елеулі үлес қосқан тұлғаның тарихи жадын сақтау мақсатында ұйымдастырылды. Кешке өздерінің ыстық естеліктерін ала […]
15.06.2026 ж. «MUSEUM FOR KIDS» музейлік балалар лагері
Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі биылғы жазғы маусымда мектеп оқушыларына арналған дәстүрлі «MUSEUM FOR KIDS» музейлік балалар лагерін ұйымдастырады. Лагерь өз жұмысын 15 маусымнан бастайды. Жобаның негізгі мақсаты – балалардың мәдени-танымдық көкжиегін кеңейту, тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру. Лагерь бағдарламасы аясында қатысушыларды музей […]
10.06.2026 ж. Елена Каркавинаның жеке көрмесі «СӘТТЕР»
2026 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Павлодар қаласының суретші-педагогы, Халықаралық анималист-суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан мен Ресейде өткен көптеген ұжымдық көрмелердің белсенді қатысушысы Елена Каркавинаның «СӘТТЕР» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Елена Каркавинаның шығармашылығы сәндік кескіндеме мен заманауи этно-фэнтези бағыттарының үйлесімді тоғысуымен ерекшеленеді. Суретші түс, пішін және сәндік элементтер арқылы жылылықты, жан […]
04.06.2026 ж. «ЭКОART: Планетаға қамқорлық өнері»
Эколог күніне арналған «ЭКОART: Планетаға қамқорлық өнері» экологиялық сабағы мен шығармашылық шеберлік сабағына шақырамыз! ♻️ Іс-шара барысында табиғатты қорғаудың маңызы, қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қоршаған ортаны сақтауға көмектесетін экологиялық әдеттер туралы әңгімелесеміз. 🌍 Қатысушыларды: 🔹 танымдық экологиялық сабақ; 🔹 қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау туралы қызықты мәліметтер; 🔹 интерактивті ойындар мен талқылаулар; 🔹 қайта өңделетін […]
03.06.2026 ж. «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты мәдени іс шарасы
2026 жылғы 03 маусымы күні Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты мәдени іс шарасын өткізді. Шараның мақсаты: Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі құқықтық негізін айқындау, Ата заң, мемлекеттік рәміздер жайлы кең көлемде ақпарат беріп, ел ертеңіне деген сенімді […]
05.06.2026 ж. «ЖАНЫМНЫҢ БАҚТАРЫ» атты жеке мерейтойлық көрмесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейі 2026 жылы 5 маусым күні суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі – Рысбек Ысқақовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «ЖАНЫМНЫҢ БАҚТАРЫ» атты жеке мерейтойлық көрмеcінің салтанатты ашылуы өтті. «Жанымның бақтары» мерейтойлық көрмесінің экспозициясында суретшінің ұлттық дәстүр, жеке тәжірибе және өмірлік бақылаулар тоғысынан қалыптасқан дүниетанымын бейнелейтін 80-нен астам өнер туындысы ұсынылған. Көрменің ашылу […]
18.05.2026 ж. «Музей түні – 2026»
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай дәстүрлі «Музей түні – 2026» мәдени-танымдық акциясы өтеді. Акция аясында музейлік педагогика бөлімі балаларға арналған арнайы танымдық-ойын-сауық бағдарламасын ұсынады. Бағдарламада: 🔹 музей залдарына арнайы экскурсиялар; 🔹 танымдық квест-ойындар; 🔹 викторина мен интерактивті тапсырмалар; 🔹 шығармашылық және ойын белсенділігі; 🔹 «Ертегі әлеміне саяхат» бағдарламасы. […]
18.05.2026 ж. «Музей түні – 2026» мәдени-танымдық акциясы
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай дәстүрлі «Музей түні – 2026» мәдени-танымдық акциясы өтеді. Биылғы акцияның тақырыбы – «Әрқилы әлемді бір арнаға тоғыстырған музейлер». Ауқымды мәдени іс-шара музейлердің мәдени мұраны сақтау, тарихи сананы қалыптастыру және қоғамдық диалогты дамытудағы рөлін айқындауға бағытталған. «Музей түні» – тарих пен мәдениетті заманауи форматта […]