авто

Переключатель языков

Музейдегі антикоррупциялық саясат («Адалдық алаңы» жобасының аясында)

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты 2021 жылға төмендегідей ақпараттық-насихат жұмысын жоспарлап отыр.

 1. Нұрсан Әлімбай «Қазақ қоғамындағы парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың антропологиясы: генезисі, эволюциясы» мақаласы аясында пікір талас ұйымдастыру. 2021 ж. Наурыз айы.

2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Ішкі Істер Департаменті қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, өткізу. 2021ж. Тамыз айы.

 


 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты 2018 жылы атқарылған іс шарала.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейі ұжымының Қазақстан Республикасының Президенті – ЕЛБАСЫ Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылау бойынша жалпы жиналысы өткізілді (30.01.2018 ж.). Жиналыста сөз сөйлеген музей директоры Нұрсан Әлімбай Президент Жолдауында айқындалған 10 басым міндетке шолу жасады.

Ұжымның барлық мүшелері белсенді қатысқан жиналыста еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттау ісінде ең жаңа сандық технологияларды игерудің маңыздылығы айтылды. Елбасы Жолдауында айқындалған мәселелерге – «өзгерістер мен жаңа білімді игеруге үнемі бейімделіп отыру қабілетін дамытуға» көп мән берілді. Осы орайда музей ұжымы негізгі міндеті өз халқыңның тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыратын, балалар мен ересектер аудиториясына арналған атаулы бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыру қажеттілігі туралы пікір білдірді.

Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыстар мен өмір сапасының артуы» жолдауын талқылау жиналысы

 

Қазақстан Президенті өзінің Қазақстан халқына 2018 ж. 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыстар мен өмір сапасының артуы» Жолдауында жемқорлықпен күреске ерекше назар аударып, «елде жемқорлық деңгейін кеміту бойынша айтарлықтай қадамдар жасалғанымен, жемқорлықтың алдын алу мен жою бойынша жұмысты күшейту қажеттігін» айтты. Сөйте тұра, Президент жемқорлықпен күресте көп жәйт қазақстандық қоғамның белсенділігіне қатысты болатындығын атап өтті.

Сондықтан, Елбасының осы Жолдауын музейдің ұжымдық жиналысында талқылаған кезде (30.10.2018 г.) түрлі теріс пайдаланушылықтармен күресте мемлекеттік саясатты қолдау аса маңызды орын алатындығы да айтылды. Ол бірінші кезекте мекемелер мен ұйымдардың адал жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар мен рәсімдерді тәжірибеге енгізуден, жұмыскерлердің мүдделері қақтығысының алдын алу мен реттеуден, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескерту тақырыбына мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен пікірлесу және кездесулер өткізуден тұрады.

 


 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source