авто

Переключатель языков

Әкімшілік

Рашида Ерімқызы Харипова - директор

Харипова Рашида ЕрімқызыХарипова Рашида Ерімқызы 04.09.1975 жылы Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген. Тұрмыс құрған. Жолдасы Кайрушев Мадияр- мұнай өндірісі саласында қызмет атқарады. 2 ұл, 1 қызы бар.

Білімі: жоғары - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Биология пәні оқытушысы - 2001), - «Нархоз» университеті (Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры - 2016); - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Педагогикалық ғылымдар магистрі - 2020).

Еңбек өтілі:

- 1993-1994 жж. «Жасталап» оқу өндірістік - комбинатында іс жүргізуші; оқу өндірістік - оқыту мастері;

- 1994-1999 жж. биология пәнінің мұғалімі;

- 1999-2001 жж. кәсіптік бағдар беру жөніндегі - методист;

- 2001-2003 жж. директордың оқу өндірістік істері жөніндегі орынбасары;

- 2003-2009 жж. Атырау облысы тарихи- өлкетану музейінің «Өлке табиғатын ғылыми- - зерттеу» бөлімінің бөлім меңгерушісі;

- 2009-2010 жж. Музей басшысының ғылыми - істер жөніндегі орынбасары;

- 2010-2014 жж. Музей басшысының жалпы - мәселелер жөніндегі орынбасары;

- 2014 жылдың 17 маусымынан 2022 жылдың 14 наурызы музей - басшысы;

Еңбектері:

1. «Музей құндылықтарының есепке алынуы, сақталуы және пайдаланылуы» 2015;

2. «Музейде мәдени шараларды ұйымдастыру және жәдігерлер негізінде баспа өнімдерін дайындау жолдары» 2015;

3. «Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің археологиялық, этнографиялық коллекциялары» ғылыми каталогы (3 тілде) 2016;

4. «Домбыра – дастан» 2017 ;

5. «Миялы қорғандары» 2018;

6. «Ақтөбе-Лаэти қалашығы» 2018;

7. «Күй атасы Құрманғазы» 2018; Кітапты, ғылыми жинақтарды құрастыруға жауапты

8. «Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің археологиялық және этнографиялық коллекциясы» 2009;

9. «Киелі мұралар ордасы», 2010;

10. «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: тарихи ізденіс, жаңаша зерттеу, жаңа көзқарас» аймақтық семинар-кеңес жинағы, 2016;

11. Халық батыры И.Тайманұлының туғанына 225 жыл және 1836-1838 жылдардағы ұлт азаттық көтеріліске 180 жыл толуына арналған «Тарих және тұлға» аймақтық ғылыми практикалық конференция жинағы, 2016;

12. «Алаш тағылымы және тәуелсіздік» аймақтық ғылыми – практикалық конференция жинағы. 2017;

13. «Ибн Баттутаның Ұлы Жібек жолымен саяхаты: мәдениеттар арасындағы диалогты алға бастыру» халықаралық ғылыми практикалық конференция жинағы. (3 тілде) 2017;

14. «Батаменен ел көгерер» -Бата сөздер жинағы. 2018;

15. «Халел Досмұхамедов Ұлы мұрат жолында» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы. 2018;

16. «Профессор Хисмет Табылдиевтің ғылыми мұрасы және өлкетанудың ғылыми негіздері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағы. 2019;

17. «Палеонтолгиялық коллекция» ғылыми каталог 5 тілде;

18. «Археологиялық коллекция» ғылыми каталог 5 тілде;

19. «Қару-жарақтар коллекциясы» ғылыми каталог 5 тілде;

20. «Зергерлік бұйымдар коллекциясы» ғылыми каталог 5 тілде;

21. «Саз аспаптар коллекциясы» ғылыми каталог 5 тілде. Редакция алқасында болды:

22. «Сарайшық бабалар мұрасы» «Ағатай» 2015;

23. «Мәңгілік мінәжәт» «Ақ жайық kz» Астана – 2015;

24. «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» «Флориант» Астана – 2017.

Жетістіктері:

- 2015 Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі ИКОМ Халықаралық музейлер одағының шешімімен «Жыл музейі» атағын иеленді.

- 2014-2018 жылдары Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, және Ресейдің Санкт-Петербург, Астрахань, Калмыкия, Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында, Лондонда тарихи-экспозициялық көшпелі көрмелер ұйымдастырылды.

- 2017 жылы Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» аймақтық ғылыми-конференциясы, «Ибн Баттутаның Ұлы Жібек жолымен саяхаты: Мәдениеттер арасындағы диалогты алға бастыру»; «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық конференциясы ұйымдастырылды.

- Облыс аумағындағы Ортағасырлық Сарайшық, Актөбе-Лаэти қалаларының орнына және Атырау облысы, Қызылқоға, Құрманғазы аудандарындағы ерте темір дәуіріндегі Миялы, Борсық, Балқұдық қорғандар тобына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге жетекшілік етті.

- Музей қорындағы 400 заттай жәдігерлердің фотосуреттері 3D форматында дайындалып, музей залдарындағы сенсорлық экрандарға және музейдің ресми atyrau-museum.kz сайтына енгізілді. Музей заман талабына сай көрермендерге қазақ, орыс, ағылшын, түрік және қытай тілдерінде аудио-гид қызметін көрсету мүмкіндігіне және QR-код арқылы izi-travel қосымшасы іске қосылды.

- Музей жанынан «Жас экскурсоводтар» клубы, «Алтын оймақ» үйірмесі, Атырау КВЕСТ – тележоба жүзеге асырылып келеді.

Марапаттары: «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалі (2010); «Қазақстан-Атырау» телеарнасының «Жыл таңдауы - 2017» номинациясы (2017); Туған өлкенің тарихын зерттеуде сіңірген еңбегі үшін «Үздік өлкетанушы» төс белгісі (2018); «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерекелік медалі (2018); «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2019); Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл медалі (2019); Өзбекстан Республикасындағы қазақ ұлттық мәдени орталығына 25 жыл медалі (2019); Халық қаһарманы Хыйуаз Доспанова атындағы медалі (2020)

Қосымша: Қазақстан журналистер және өлкетанушылар одағының мүшесі.

 

Дандығараева Бибігүл - директордың музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары

Дандығараева Бибігүл

Директордың музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары, тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі (20.05.1968 ж.т). Музейде 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері, экспозицияларды сақтауды қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, кадр жұмысын ұйымдастыру тобының жетекшісі қызметтерін атқарған Б.Дандығараева 2012 жылдың наурыз айында директордың музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары болып тағайындалған. Мәдениет саласында ұйымдастыру жұмыстары бойынша басшылық қызметтегі еңбек өтілі – 15 жылдан аса. Жалпы еңбек өтілі – 25 жылдан аса.

Б.Дандығараева бастамашылдығы, ұйымдастырушылық қабілеті, кәсіби шеберлігі, музей қызметінің жетекші бағыттары – экспозиция және көрме жұмыстары, мәдени-білім беру, өндірістік шаруашылық саласы бойынша жинақтаған тәжірибесі мол, өзіне бағынысты қызметкерлерге талапшыл, жұмысты жүргізу дағдысы қалыптасқан іскер басшы. Музейлік менеджменттің басты шарттары – жүйелілік, тиімділік, әкімшілік басқару, сапалы, табысты жұмыс атқару, екі жақты тиімді іскерлік және әріптестік серіктестік орнату қағидаларын жетік меңгерген. Б.Дандығараеваның жетекшілігімен шетелдік және республикалық жетекші музейлер мен ғылыми, мәдени-білім беру мекемелері арасында табысты ынтымақтастық орнады.

Ол музейдегі «М.Төлебаевтың 90 жылдығы», М.Өтемісұлының 200 жылдығы», «Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 15 жыл», «Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталғанына 50 жыл» атты көрмелерді ұйымдастыруға, этнограф Ә.Н.Жиреншин мен суретші С.М.Дудиннің Павлодар облысына жүргізген экспедициялары бойынша фотосуретшінің каталогын құрастыруға қатысты, бірнеше ғылыми және көпшілік мақалалардың авторы.

Музей ісін дамытуға қосқан үлесі үшін 2016 жылы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен, Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай, еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосып, үлгілі қызмет атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


Ғалия Теміртон - директордың   ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Ғалия ТемиртонДиректордың   ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, философия ғылымының докторы (PhD). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2013 жылдың 15 сәуірінен ғалым-хатшы қызметін атқарды, 2017 жылдың 27 сәуірінен бастап – директордың   ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. Қазақ Мәдениет саласындағы еңбек өтілі 25 жылдан астам.

Ғалия Темиртон 50-ден аса ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы. «Казахстан и мировое пространство: культурная интеграция», «Традиционная музыкальная культура в контексте социокультурной модернизации» сияқты бірқатар еңбектердің авторы және ғылыми редакторы.

Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттеу Ұлттық Комитетінің (ЮНЕСКО) мүшесі (2011 жылдан), Халықаралық «Qs World Universitety Rankings» Агенттігінің сарапшысы (2011жылдан), Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы «Алматы қаласының киелі орындары» бағдарламасы бойынша Комиссия мүшесі (2017 жылдан).

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «жобалау менеджменті» мамандығы бойынша (2016 ж.), Қытай Халық Республикасы Мәдениет министрлігі мәдениет саласындағы жоғары буын қызметкерлерінің Орталық академиясы жанында өткен музейлерді басқару мәселелері бойынша өткізілген курстарды тәмамдаған (2016 ж.).

Мемлекеттік медальдары: «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік орталық музейінің мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген ісшарасына белсенді қатысқаны үшін Алматы қаласы әкімінің бірнеше «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

 

Саметова Анар Төлеушаихқызы - директордың қаржы және коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары

Саметова Анар

Директордың қаржы және коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары (29.08.1976). Алматы технологиялық институтын Экономика және менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған. Анар Төлеушаихқызы «ҚР Мемлекеттік орталық музейі» РМҚК-де 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Ол Бас есепшінің орынбасары, Бас есепші қызметтерін атқарды. 2014 жылдан бастап директордың қаржы және коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары. Жалпы жұмыс өтілі – 20 жыл, мәдениет саласында – 10 жылдан астам.

Кәсіби есепші сертификаты бар (2013 ж.).

 

 

 

 

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source