авто

Переключатель языков

Нумизматикалық коллекция

ҚР МОМ-нің нумизматикалық коллекциясында 8 мыңнан астам сақтам бірлік монета бар. Оларды хронологиялық тұрғыдан 3 кезеңге межелей топтастыруға болады:

Ежелгі дәуір монеталары. Аталмыш кезеңге грек, кушан, сасанид, византия монеталарынан тұратын (б.з.б. IV– б.з. I- VI ғғ.) 38 сақтам бірлік жатады.

 Монета династии сасанидов (Av. Rs.).
Сасанидтер әулетінің монетасы (av.rеv).

 

Ортағасыр монеталары. Ортағасырлық монеталар негізін Түргеш (VI-IX ғғ.), Саманид (IX-X ғғ.), Қарахан (X-XII ғғ.), Жошы (XIII-XIV ғғ.), Шағатай (XIII-XIV ғғ.), Темір (XIV ғ.), Елхан (Құлағу) монеталары (XIII-XIV ғғ.), Жанид (XVI-XVIII ғғ.), Қырым хандығы монеталары (XV-XVIII ғғ.) сияқты мемлекеттер мен әулеттердің монеталары құрайды. Көп жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорындағы шығыс монеталары: шағатай монеталарының Алматы көмбесі» атты инвентарлық ғылыми каталогтың 1-томы (2 кітап) үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) жарыққа шықты. (Қараңыз: Ғылыми басылымдар мен жарияланымдар).

 Золотая монета династии ильханов (Av. Rs.).
Елхан әулетінің алтын монетасы (av.rеv).

Жаңа және қазіргі заман монеталары. Бұл кезеңге бірқатар батыс және шығыс елдерінің және патшалық Ресей (XIX-XX ғғ.) мен КСРО дәуірінің (1917-1991) 5 мыңға жуық монеталарын жатқызуға болады. Олардың ішінен Осман империясы (XVIII-XIX ғғ.), Қытай (XVIII ғ.), Қажар әулеті (XIX ғ.), Қоқан хандығы (XIX-XX ғғ.), Бұхара хандығы (XIX ғ.), Жапон (XIX-XX ғғ.) монеталарын ерекше атап өткен жөн.

Сонымен қатар осы кезеңге Қазақстан Республикасы 1993 жылдың соңында ұлттық валюта теңгені ақша айналымына енгізуіне байланысты шығарылған және күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 номиналды темір теңгелер мен естелік және мерейтойлық теңгелер (1 мыңнан астам сақтам бірлік) кіреді.

 Монета Османской империи (Av. Rs.).
Осман империясының монетасы (Av. Rеv).

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source