авто

Переключатель языков

Фарфор және керамика коллекциясы

Музей қорында негізі ХІХ ғ. екінші жартысында, яғни Орынбор кезеңінде қалыптаса бастаған фарфор мен көркем керамика коллекциясының орны ерекше. Қазіргі таңда аталған коллекцияда 1200-ден астам экспонат бар. Коллекциядағы ең көне жәдігерлер қатарына ХІІ ғ. Қытай фарфорынан (селадон) жасалған табақша, Алматы қаласы маңындағы Талғар (Талхиз) қалашығына жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған жапон фаянс табағының (ХІІ ғ. соңы – ХІІІ ғ.) фрагменттерін атауға болады. Германия, Ұлыбритания, Франция және Ресейдің Император зауытының, Гарднер, Попов, ағайынды Кузнецовтар зауыттарының бірегей асханалық ыдыстары: табақтар, шәйнектер мен кеселер, сонымен қатар қытай және жапон шеберлері жасаған вазалар, мүсіншелер ерекше қызығушылыққа ие.

Отандық өнімдер белгілі суретшілер – А.Северов, С.Сражадинов, Г.Күреңкеева, Г.Семикашева, Г.Юрченко және З.Хан сынды авторлардың жұмыстары және 1965 ж. негізі қаланған Қапшағай фарфор зауытының, Целиноград фарфор және Алматы қыш зауыттарының үлгілері арқылы көрсетілген.

 

farfor-col-1

Ваза. Фарфор. Франция.
ХІХ ғ.

 Китайская ваза

Қытай вазасы

farfor-col-3

Мүсінше. Алма сатушы.
Фарфор. Ресей, Гарднер
зауыты. ХІХ ғ. ортасы.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source