авто

Переключатель языков

06.09.2024 Отбасы - Бақыт мекені мәдени танымдылық іс-шарасы

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Орталық музей отбасылық рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды тұрақты өткізіп келеді. Биыл 2 – 8 қыркүйек аралығындағы Отбасы күнін мерекелеуге арналған аптаның тиімділігі мен ауқымын арттыру үшін жекелеген тақырыптық бағыттар бойынша өткізу ұсынылды. Осыған орай, ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбы бойынша 6 қыркүйек күні «Отбасым – бақыт мекенім» іс-шарасын өткізді.

post 06.09.20240 post 06.09.20241
post 06.09.20242  post 06.09.20243
post 06.09.20244 post 06.09.20245

Іс-шараны ашқан ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы Харипова үлгілі отбасының иесі атанып, саналы ұрпақ тәрбиелеп, ел дамуына үлес қосып жүрген жандарға алғыс сезімін білдірді.
Шараға Алматы қалалық әкімшілігінің отбасы істеріне қатысты қызметкерлері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Әйгерім Нұрланқызы, Медеу ауданының және Түрксіб аудандарының Отбасын қолдау орталығының жетекшісі Гүлнар Төлегенқызы, көпбалалы ана, еңбек ардагері Қасенова Зүлпия және «Cалауатты ұзақ өмір» орталығының мүшелері қатысты. Шара қонақтарына экскурсия жүргізіліп, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Абдіқадыр Тасқын және Жасұлан Өтемұратовтың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, «Анаға апарар жол» кинофильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

04.09.2024 ж. «Ашық қалпына келтіру орталығының» таныстырылымы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі 2024 жылдың 4 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен «Ашық қалпына келтіру орталығының» таныстырылымы мен «Мәдени құндылықтарды қалпына келтіру жолдары» дөңгелек үстелін өткізді.

Шараны салтанатты түрде ашқан ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы: «Ашық қалпына келтіру орталығын» құрудағы басты мақсат –тарихи мұраларды қаз-қалпында сақтау және музей құндылықтарын қалпына келтіруші мамандардың тапшылығына байланысты болашақ реставраторлар легін қалыптастыру, сондай-ақ орталықта шеберлік сабақтарын өткізу арқылы осы мамандыққа деген жастардың қызығушылығын оятып, көрермендер арасында музей жұмысына деген оң көзқарас қалыптастыру, – деді.

Жалпы орталық музей қоры ХІХ ғасырдың 30 жылдарынан қалыптаса бастаған. 200 жылға жуық тарихы бар музейде реставрациялық жұмыстар 1978 жылдан бастап жүргізіледі. Ал «Ашық қалпына келтіру орталығы» жобасының мақсаты – қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша білім беру алаңын ұйымдастыру, сонымен қатар қалпына келтіру мамандары, тарихшылар мен өнер сүйер қауым арасындағы іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыру. Мұндай орталықтарды қоғамдық өмірге енгізу мәдени нысандар мен музей қорларындағы музейлік заттарды сақтаудың маңыздылығын көрермендер арасында жан-жақты насихаттау және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптасыруға ықпал ету.

post restav01 post restav02
post restav03 post restav04
post restav05 post restav06

«Мәдени құндылықтарды қалпына келтіру жолдары» дөңгелек үстелінің баяндамашылары: ЮНЕСКО және Еуроодақтың Жібек жолы жобасының үйлестірушісі Маджер Масанов «Жібек жолы бойынша ЮНЕСКО жобалары аясында жүзеге асырылған қалпына келтіру жұмыстары»; Қазақстан қолөнершілер одағының төрағасы, материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі және сарапшысы Айжан Бекқұлова және «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының дизайнері және реставраторы Элина Алтынбекова «Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің оюлы есігінің қайта жаңғыруы: консервациялау және қалпына келтіру» тақырыбында баяндамалар жасады.

«Ашық қалпына келтіру орталығының» ашылуы барысында Орталық музей қызметкерлері келесі бағыттар бойынша шеберлік сағаттарын ұсынды:                                      

  • Керамика бұйымдарды қалпына келтіру (А.М.Құрақбаев);
  • Кілем және тоқыма бұйымдарын қалпына келтіру (Д.Ибраева);
  • Киіз бұйымдарды қалпына келтіру (Мекебаева Г.);
  • Киім және мата бұйымдарын қалпына келтіру (Перова О.);
  • Металлдан жасалған бұйымдарды қалпына келтіру (Шайкенов Б.);
  • Бейнелеу өнері туындыларын қалпына келтіру (Заманбекова Ш.).

«Ашық қалпына келтіру орталығының» құрылуы музейге деген қызығушылықты арттырып, музей көрермендерінің, мамандардың (қалпына келтіруші, өнертанушы, суретші, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері және т.б.), ғылыми қоғамдастықтың, сондай-ақ Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мәселелеріне қызығушылық танытатын көпшіліктің назарын аударары сөзсіз.

Таныстырылым аясында бірегей экспонаттар – белгілі зерттеуші, өнертану ғылымдарының докторы, Орталық Азия мен Қазақстанның сәулет өнерін зерттеуші ғалым Лия Юлиевна Маньковскаяның Қожа Ахмет Ясауи кешенін қалпына келтіру жұмыстарына даярлаған сызбалары, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген суретшісі Молдахмет Сыздықұлы Кенбаевтың (1925-1993) Қожа Ахмет Ясауи кесенесі есігінің қарындашпен салған сызбасы ұсынылды.

Сондай-ақ шара барысында Орал Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттеріне метал және керамика бұйымдарын қалпына келтіру бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

14.08.2024 ж. Мәдина Ералиеваның туғанына 70 жыл толуына орай "ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАЯНЫ" мәдени сазды кеші

Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, күміс көмей әнші Мәдина Ералиеваның туғанына 70 жыл толып отыр. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Қазақтың Ақбаяны» мәдени-сазды кешін өткізді.

post Madina01 post Madina02
post Madina03 post Madina04
post Madina05 post Madina06

Мәдина Ералиева өзіне ғана тән қайталанбас әншілік мәнерімен, орындау ерекшелігімен дараланатын «Күрең күз», «Сағым жылдар», «Ақбаян» сынды әндерімен халық жадында сақталған, халықтың сүйікті әншісіне айналған жан. Кешке Мәдина Ералиеваның ұлы Арсен Ералы, сіңлісінің қызы Ақжан және ұстаздары мен жақын достары қатысты.

Шарада Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Аймағанбет Хайролла, Талғар мәдениет үйінің әншілері Гаухар Сардарбек, Баржан Ерғайып және М.Мәметова атындағы мектептің оқытушысы Ая Кемербаева Мәдина Ералиеваның репертуарынан «Есіңе мені алғайсың», «Күрең күз», «Айқаракөз» әндерін орындады. Кештің соңында

Мәдина Ералиеваның «Сағындым, сағым жылдар» әнін шараға келген көрермендер қосыла шырқады.

29.08.2024 ҚР Коституциясы күніне арналған «Ата заң - айбыным» меркелік шара

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде 2024 жылдың 29 тамызы күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Коституциясы күніне орай «Ата Заң - айбыным» салтанатты шарасы өтті.

Алғашқы құттықтау сөз Орталық музей директоры Рашида Ерімқызы Хариповаға берілді. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы демократиялық институттарды нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында қоғамды шоғырландырудың қуатты факторы екенін айта келіп, мемлекеттің басты мерекесі қарсаңында мәдени саланың дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар музей қызметкерлерін марапаттады.  

post 30.08.2024 1 post 30.08.2024 2
post 30.08.2024 3 post 30.08.2024 4
post 30.08.2024 5 post 30.08.2024 6

 

Сонымен қатар, шара қонағы "Офицерлер одағы" ҚБ Президиумның төрағасы генерал майор Телегусов Махмуд Өтегенұлына сөз алып, атаулы күннің мән-маңызына тоқталды.

Шараға Алматы қаласы Полиция департаментінің оркестры, оркестрдың солистері және 97617 әскери бөлімнің қызметкерлері Жоғарғы әскери-техникалық мектебінің курсанттары қатысып, өнер көрсетті.

09.08.2024.«Абай күніне» арналған «Жазамын мен бәйітті.....» әдеби-сазды кеш

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі  2024 жылдың 9-тамыз күні қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, жазба әдебиетіміздің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған  «Жазамын мен бәйітті...» әдеби-сазды іс-шараны өткізді.
Іс-шара мақсаты: Абай шығармалары арқылы әр тұлғаның  бойына адами құндылықтарды сіңіру.

post abai01 post abai01a
post abai02 post abai06a
post abai04 post abai05
post abai06 post abai03

Шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Р.Е.Харипова ашып, Орталық музей қорындағы Абай мұрасына қатысты аса құнды жәдігерлермен таныстырды.

Сондай-ақ Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Мағазбеков Нұр Жандосұлы сөз алып, Абай мұрасын насихаттау қай кезеңде де құндылығын жоғалтпайтынын тілге тиек етті.
ҚР мәдениет саласының үздігі, ҚР жазушылар одағының мүшесі, күйші   Қараш Талапұлы ақынға арналған өз шығармасынан «Абай тойы» күйін орындады.

Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының солисті, Халықаралық конкурстардың лауреаты Балуан Беркенов «Көзімнің қарасы» әнін орындаса, Халықаралық конкурстардың лауреаты Алияр Өтетілеу «Абайға арналған фортепианолық фантазия» шығармасын көрермен назарына ұсынды.

Республикалық Достық үйіне қарасты этно-мәдени орталықтардың өкілдері, Алматы қаласы «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы «Жас қанат» бөлімінің және  облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығының тәрбиенушілері де өнерлерін ортаға салды. Ал музейлік педагогика бөлімі музей қорында сақталған Абай Құнанбаевтың жеке заттарына экскурсиялық шолу жүргізіп, «Абай ақын, Абай сазгер» викториналық ойынын өткізді.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source