авто

Переключатель языков

05.07.2024 -30.08.2024 аралығында Жазғы шығармашылық бағдарлама

afisha master class.kzҚазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 05.07.2024 -30.08.2024 аралығында балалар мен үлкендерді жаздық бағдарлама аясында ұйымдастырылып отырған түрлі шеберлік сабақтар, қызықты квест ойындары мен экскурсияларға шақырады. Шеберлік сабақта жасаған бұйымдарын қатысушы өзімен бірге алып кете алады. Сонымен қоса, «Менің отбасым музейде» фото-байқауына қатысып, үздік деп танылған фотосурет музейдің әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Шеберлік сабақтар мен экскурсия, квест ойындары ақылы түрде өтеді.

22.06.2024 ж. «Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектеп түлектерінің» дипломдық жұмыстарының көрмесі және қорғауы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебімен» бірлесіп, 2024 жылдың 22 маусымы, сағат 9.00-16.00 аралығында мектеп түлектерінің дипломдық жұмыстарының көрмесін және қорғауын өткізеді.

Дипломдық жұмыстарды қорғау аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

22 маусым мен 6 шілде аралығында сағат 9.00-18.00-ге дейін мектеп түлектерінің, сондай-ақ басқа да оқушылардың дипломдық жұмыстарының көрмесі.

afisha kassteva master klass kaz

22 маусым сағат 10.00–16.00-ге дейін балаларға арналған шеберлік сыныптары өтеді.

Әбілхан Қастеев атындағы бейнелеу өнері және дизайн мектебінің құрылу тарихы 1981 жылы Алматы қаласындағы алғашқы бастауыш көркемсурет білім беретін мамандандырылған оқу орны - Алматы Балалар көркемсурет мектебі болған кезден басталады. Қазіргі уақытта мектепте екі бөлім жұмыс істейді: "Бейнелеу өнері", "Техника және дизайн".

40 жылдан астам уақыт ішінде өнер мектебі 100-ден астам конкурстық жобаларға белсенді қатысты, олардың ішіндегі ең маңыздылары: «Қазақстан – жаңа әлемде», Mitsubishi Asian Children`s Enikki Festa (ЮНЕСКО клубтары мен ассоциацияларының Азия Тынық мұхиты Федерациясы), "Невская палитра" (Санкт-Петербург), "Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан", "The planet of Art" халықаралық фестивалі, Қызғалдақ адам" (Нидерландының ҚР Елшілігі), "Lidice" (Czech Republic), "Невская палитра" (Санкт-Петербург көркем бояулар зауыты), «Жан экологиясы» (Калининград қалалық округі әкімшілігінің мәдениет басқармасы) және т. б..

Мектептің ерекше мақтанышы – 2003 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның жыл сайынғы «Балалар әлемді бейнелейді» альбомдық сериясына қатысуы, ол бейбітшілікті нығайтуға, елдер арасындағы ынтымақтастыққа, адамгершілік құндылықтарды насихаттауға ықпал ете отырып, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, қазақ халық қолөнері сияқты балалар шығармашылығының барлық түрлерін көрсетеді. Осы жоба аясында «Балалар әлемді бейнелейді. Орталық Азия» және «Балалар әлемді бейнелейді. ТҮРКСОЙ», «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан» республикалық байқауының жеңімпаздары шығармаларының түрлі-түсті альбомы жарық көрді. Мәскеу қаласында ТМД мемлекеттерінің қатысушылары арасында «Кітап өнері» халықаралық байқауында «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан» альбомы «Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап» номинациясында «Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебі» I дәрежелі дипломмен марапатталды.

ЮНЕСКО-ның алғашқы клубы – «Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебі» жыл сайын талантты жас суретшілер мен болашақ мәдениет қайраткерлерін шығарады. Мектеп оқушылары байқаудың белсенді қатысушылары. Олардың арасында халықаралық деңгейдегі жеңімпаздар да бар. Қорғауға ұсынылған жұмыстардың әрқайсысы бірегей, өзінің колориті бар және жазу стиліне бай. Оқушылардың жобалары кескіндеме, графика, мүсін, инсталляция, графикалық және сәулеттік дизайн, арт-нысандар және т.б. түрлі бағыттарда әзірленген.

Мектеп түлектері Алматы қаласы ғана емес, Англия, Израиль, АҚШ, Жапония, Ресей, Чехия, Канада және басқа да елдерде оқиды.

Көрме аясында өнер мектебінің оқушылары мен педагогтары оқу орнының қабырғасында қалыптасқан бай шығармашылық өмірді көрнекі түрде көрсететін шеберлік сабақтарын дайындады.

2023-2024 жылдары «Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінде» 79 түлек, оның ішінде 34 түлек дизайн бөлімінен және 45 түлек бейнелеу өнер бөлімінен бітіреді. Көрмеге мектеп оқушыларының 100-ден астам еңбегі қойылады.

01-21.06.2024 ж. Музейлік балалар лагері

afisha-lager

Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік музейі 2024 жылдың 1-21 маусым аралығында жазғы мектеп демалысы кезінде «MUSEUM FOR KIDS» балалар лагеріне шақырады!
Сіздерді Қазақстан тарихы, мәдениеті мен өнер әлеміне қызықты саяхат күтеді: музей сабақтары, тарихи квест-ойындар, танымал суретшілермен шеберлік сабақтары, анимациялық және көркем фильмдер, шығармашылық және қолөнер үйірмелері.
Лагерь жұмыс күндері дүйсенбі-жұма аралығында сағ 10.00-13.00 дейін (сенбі мен жексенбі демалыс).

Музейлік сабақтар мен кіру тегін. Музейлік педагогика бөлімі.
Жазылу үшін байланыс тел: 8 (727) 264 46 77; 8 7022214268, Зухра Баянова, 8 7471567554

Нұржанат Алтынбекова, 8 7086947707 Айжан Құрбанова.

19.06.2024 ж. "Әнім қалсын" мәдени-танымдық іс-шарасы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде күміс көмей әнші, композитор, ақын Кенен  Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай мәдени іс-шара өтті.

                 kenen-00 kenen-02
kenen-03 kenen-04

Шараны Орталық музей директорының музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары Анна Викторқызы ашып, Кененнің музыкалық мұрасын ары қарай жалғастыруда бүгінгі жас ұрпақтың қосар үлесі зор екенін айтты.

Мәдени іс-шара барысында өнертану ғылымдарының магистрі, дәстүрлі әнші Аманжол Қуанышұлы балаларға дәріс оқып, Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер ұсынды. Сондай-ақ өнер иесінің «Бастау» және «Игигай» әндерін шырқады.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы “Sanat” өнер мектебінің домбырашылар ансамблі өнер көрсетіп, Кенен Әзірбаевтың таңдаулы шығармаларын орындады.

Шараның мақсаты – жас ұрпаққа ақын, композитор Кенен Әзірбаевтың  шығармашылығын  насихаттап,  әндерімен сусындату, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау.

ХІХ ғасырдың аяғында дүниеге келіп, ХХ ғасырда ұлттық рухтың ұлы өнерпазы: жырауы әрі ақыны, жыршысы әрі күйшісі, әншісі әрі композиторы, шежірешісі әрі ірі қоғамдық қайраткері болып танылған Кенен Әзірбаев халқымыздың алтын қорына сан-салалы мол мұра қалдырды.

Ақынның өте мол жазба мұрасы бар. Он дастан, жүзден астам әндері, мыңдаған өлең-жырлары, айтыстары, жеті күйі, басқа да аты аңызға айналған тарихи тұлғалар жайлы жазған құнды мұралары халық игілігіне айналып отыр. Ақынның ән-жырлары баспадан үздіксіз шығып келеді.

01.06.2024 ж. «Бар мейіріміміз балаларға» мерекелік шарасы

1-ші маусым күні  сағат 11.00-де ҚР Мемлекеттік орталық музейі Халықаралық балаларды  қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз балаларға» мерекелік шарасын өткізеді.

1949 жылдан бастап бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі.

den-detei-kazІс-шара барысында «MUSEUM FOR KIDS» балаларға арналған жазғы музей лагерінің ашылуы өтеді. 

Сонымен қатар бағдарламада қолөнершебері Гүлзира Сәрсембаеваның «Қазақтың дәстүрлі қолөнері», «ByArT» өнер студиясының «Сиқырлы батик» (жібекке сурет салу), Ажар Төлеубаеваның «Қаттама-Құрақ әдісіндегі кулон», Толғанай Сембаеваның «Жүннен жасалған брошь-гүлдер мен моншақтар», Оқушылар сарайына қарасты «Ақ киіз» өнер студиясының жетекшісі Бақытжан Тұрдақынованың «Акварельді кесіндеме», «Ұмай» балалар өнер мектебінің ұстаздары «Пластилинография», «Санат» шығармашылық орталығының ұстаздары «Киізден жасалған зергерлік бұйымдар»,  Орталық музейдің кіші ғылыми қызметкері  Айжан Құрбанованың шеберлік сабақтары қамтылған.  

Осы күні «Барни» компаниясы балаларды аю Барнимен бірге тарих әлеміне қызықты онлайн саяхат жасауға шақырады.

Сондай ак, «Музей экспозицияларындағы  аңдар мен құстар» экосаяхаты, биологтар мен зоологтармен кездесу, танымдық экскурсиялар және  балаларға арналған мерекелік концерт ұсынылады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source