19.12.2023 ж . Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай күйшілер мен термешілер арасында сайыс
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық музыкасы факультетінің ұйымдастыруымен Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай
Алматы қаласы бойынша күйшілер мен термешілер арасында сайыс өтеді. Өнер додасының басты демеушісі «Арыс» қоры.
Сайыс ережесімен таныс болыңыздар!
І. САЙЫСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:
- 1.Сайысқа 16 мен 35 жас аралығындағы орындаушылар қатынаса алады;
- 2.Сайыс «Жыр-терме» «Домбыра» номинациялары бойынша өтеді;
- 3.Сайыс Алматы қаласында, 2023 жылдың 19-ші желтоқсаны күні өтеді
(ұйымдастырушылардың шешімімен өткілетін күні мен уақыты өзгертілуі мүмкін, ондай жағдайда қатынасушыларға алдын-ала ескертілетін болады);
- 4.Сайысқа қатынасу үшін 2023 жылдың 1-15 желтоқсаны аралығында «Қайран,
Нарын..» Алматы қалалық күйшілер мен термешілер сайысына қатысуға өтінімді осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес электронды түрде келесі құжаттар жібереді. (бұдан әрі – Өтінім)
ӨТІНІМ:
1. PDF форматындағы сайысқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
2. Сайысқа қатысушының шығармашылық өмірбаяны (PDF немесе docx форматында);
3. Сайысқа қатысушының музыкалық білімі туралы құжаттың көшірмесі (PDF форм.);
4. оқу орнынан анықтама (студенттер үшін), жұмыс жасайтын орнынан ұсыным;
5. Өтінімде қатысушылар алдын-ала көрсеткен бағдарламасы өзгермейді.
6. Өтінім This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына жіберіледі.
Байланыс тел:8 (727) 264 55 66; 8 776 913 33 97
7. Сайыста өнер көрсету тәртібі жеребе тарту арқылы анықталады.
8. Сайыс 2023жылдың 19-желтоқсан күні өткізіледі және сол күні қорытындыланып, марапаттау рәсімі мен Гала-концерт өтеді.
7.12.2023 ж .Ел еркесі - Ақан сері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2023 жылдың 07-желтоқсан күні, сағат 15.00 де, Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Ел еркесі - Ақан сері» әдеби-шығармашылық кеші өтеді.
Ақан сері — өзі өмір сүрген дəуір шындығын əн-музыка, өлең-жыр туындылары арқылы бейнелей білген ұлы суреткер, дарынды композитор. Асыл өнерімен, сəн-салтанатымен дараланған қазақтың серісі. Жақсылық пен əділеттік жолына белін бекем буған, ақыл-парасаты биік гуманист.
«Ел еркесі - Ақан сері» әдеби-шығармашылық кешінің құрметті қонақтары: Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі әрі әдеби қызметкері, жазушы, сатирик Бейбіт Сарыбай, өнертанушы, әнші Ерлан Төлеутай,Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, доцент Амангелді Күзеубай, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының меңгерушісі Нартай Бекмолдинов.
Сонымен қатар, кеште әншілер Рақымбай Ермек, Қастер Қабдел, республикалық конкурстардың лауреаты, Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Жамбылов Мирлан өнер көрсетеді.
Байланыс тел:
А.Уразалина 264 55 66
8 776 913 33 97
01-03.12.2023 ж .Үлкен Шығыс көрмесі
ҮЛКЕН «ШЫҒЫС КЕРУЕНІ»
АТТЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейімен бірігіп, Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесін өткізеді.
Қазақстанның әр аймағынан және Орта Азия елдерінен келген қолөнер шеберлері өздерінің бар жанын, күшін, фантазиясын салып, әр түрлі жанрда, түрлі стильде қолдан жасаған бұйымдарын паш етеді.
Жібек жолы - шығыс елдері арасындағы экономикалық және мәдени қарым-қатынаста үлкен рөл атқарған. Осындай түрлі-түсті, шулы базарларға әр елден келген сатушылар мен тұтынушылар Қытай жібектері мен фарфорын, Үнді дәмдеуіштерін, Хорезм қыштарын, көркем-сурет шығармаларын және де т.б. қолөнер бұйымдарын алып-сатып отырған. Осындай ежелгі мәдени бүгін де жалғасын тауып жатыр.
«Шығыс керуені» атты көрме-жәрмеңкеге келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй мен өз қалауы бойынша таңдаған сыйлықтар, кәдесыйлар: киімдер, жүннен, жібектен, теріден жасалған бұйымдар, зергерлік әшекейлер, жібек орамалдар, қыштан жасалған ыдыс-аяқтар, интерьер бұйымдары, тоқымалар, жұмсақ ойыншықтар тағы да басқа көптеген бұйымдар ұсынады.
Көрме-жәрмеңке аясында қолөнер шеберінің түрлерінен шебер-сыныптар көрсетіледі.
1-2 желтоқсан күні сағат 11-00 – 15-00 киіз басудан шебер-сыныпты Сауғабекова Әлия жүргізеді.
3 желтоқсан күні Лилия Луценко - кескіндеме.
Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 1–3 желтоқсан 2023жг., сағ. 9–00 до 18–00
Өтетін орны: ҚР Мемлекеттік орталыұ музейі (Самал-1, 44 үй).
Көрменің ұйымдастырушысы: «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы ҚҚ
Бахыт Әбдікәрім: +7 701 3908125, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. "> This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ;
Күнсулу Әбдікәрім:
8(727) 303-99-13, +7 7783164165, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. "> This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
6.12.2023 ж . ӘЛЕМДІ ӘНМЕН ТЕРБЕТКЕН ҰЛЫ ДАЛА ДҮЛДҮЛІ
ӘМІРЕ ҚАШАУБАЕВТЫҢ 135 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ӘЛЕМДІ ӘНМЕН ТЕРБЕТКЕН ҰЛЫ ДАЛА ДҮЛДҮЛІ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ Музыкалық тілде жоғары тенор деп аталатын Әміре дауысы – табиғаттың қазақ халқына тарту еткен сирек сыйы. Әміре даусының мінсіз сұлулығы ғасырларда ғана қайталанар ерекше құбылыс. ҚР Мемлекеттік орталық музейі қорында біртуар дарын иесінің жеке мұрағаты бар. Көрме төрінен орын алған аса құнды жәдігердің бірі – XX ғасырдың 20-жылдары Әміре Қашаубаевтың даусы жазылған патефон. Сондай-ақ әншінің домбырасы, портреті, Парижде сатып алған айнасы, өмірі мен шығармашылығын зерттеген ғалымдардың еңбектері мен құжаттарының түпнұсқасы көпшілік назарына ұсынылды. Шараға ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, қоғам қайраткері, Ә. Қашаубаевтың туысы Хасен Керімжанұлы, ақын, журналист, Ә. Қашаубаевқа арналған «Ұлы тенор» поэмасының авторы Шағыр Семейғазыұлы және БАҚ өкілдері қатысты.
Көрме 2023 жылғы 19 - желтоқсанға дейін жалғасады.
25.11.2023. Өзбекәлі және Мәдени Майдан кітабының тұсаукесер рәсімі
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МАЙДАН» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ
Мемлекеттік Орталық музей ғимаратында Отбасы хрестоматиясы сериясымен жарық көрген «Өзбекәлі және Мәдени Майдан» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараны музей директоры Рашида Ерімқызы ашып, Өзбекәлі Жәнібековтың орталық музейдің 3-ші экспозициялық залын жасақтауға қосқан үлесі мен еліміздің мәдени саласын өркендетудегі қайраткерлік істерін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ шара аясында арнайы көрме ұйымдастырылып, оған Өзбекәлі Жәнібековтың музей қорында сақталған жеке заттары мен фотосуреттері қойылды. Көрмедегі ерекше жәдігер - қоғам қайраткерінің кезінде өзі шерткен домбырасы.
Өзбекәлі Жәнібек – қазақ тарихы мен мәдениетін жаңғыртуға, ұлттың бай мұрасын келешек ұрпаққа жеткізуге орасан еңбек сіңірген қайраткер. Ол – Алаш зиялыларын ақтау ісі, Наурыздың қайта тойлануы, Тайқазанның елге қайтарылуы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қалпына келтірілуі сияқты аса маңызды істерге бастамашы болды. Қазақ тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты. Елдегі көптеген музейлер мен театрлар, мәдениет орындары осы қайраткердің арқасында ашылды.
Отбасы хрестоматиясы жобасы соңғы бірер жылдан бері Ө.Жәнібеков жайлы деректер мен фактілер жинауға кіріскен болатын. Сол жұмыстың негізінде «Өзбекәлі және Мәдени Майдан» кітабы жарыққа шықты.
Авторлар Атырау, Қостанай, Арқалық, Астана, Семей, Шымкент, Павлодар қалаларына экспедиция жасап, Өзбекәлінің көзін көрген, онымен қызметтес болған кісілермен жолығып, сұхбаттасты. Өзбекәлі жайлы бұрын-cоңды беймәлім болып келген естеліктер тапты. 1960-1990 жылдар аралығындағы Қазақстанның саяси атмосферасына дәл сипаттама беруге тырысты. Торғай облысының қалай ашылғаны, оның кейін қандай саяси себеппен жабылғаны жайлы сараптама жасалды.
Тұсаукесерге кітап авторлары Санжар Керімбай және Әділбек Нәби, Өзбекәлінің балалары, немерелері, туыстары, оның көзін көрген куәгерлер, «Отбасы хрестоматиясының» барлық мүшесі, оқырмандар және БАҚ өкілдері қатысты.