авто

Переключатель языков

20.06.2024 ж. «КҮЙ ДӘСТҮРІНІҢ ШЕЖІРЕСІ» көрмесінің ашылуы

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде күйші, Қазақстанның халық әртісі Қали Жантілеуовтың жеке кешеніндегі экспонаттар негізінде «КҮЙ ДӘСТҮРІНІҢ ШЕЖІРЕСІ» көрмесінің ашылуы өтті.

post kali1 post kali3
post kali6 post kali5
 post kali2  post kali4

Алғашқы құттықтау сөз Орталық музей директоры Рашида Ерімқызына берілді. Ол өз сөзінде: «Рухани қазынамыздың өрісін кеңейтуге ерен үлес қосқан күйші кезінде әйгілі академик Ахмет Жұбановпен бірге Құрманғазы атындағы оркестрдің іргетасын қалауға атсалысты әрі шәкірт тәрбиеледі. Өнер саңлағы өзі жинаған киелі мұраны шәкірттеріне табыстай білді. Олардың бірқатары қазір арамызда отырғаны біз үшін зор мәртебе», - деді.

Кештің құрметті қонақтары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрының ардагері Өтепберген Хамзин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, күйші Шәміл Әбілтай, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Қуанышев Медет Ермекқалиұлы, ҚР Мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы көпшілікті көрменің ашылуымен құттықтап, Қали Жантілеуовтің өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды ақпараттармен бөлісті.

Көрмеге «Музейге сый - ұрпаққа аманат» акциясы аясында Орталық музейге тапсырылған Қали Жантілеуовтың отбасылық архивінен жеке портреті, «Қазақстанның еңбек сіңірген Халық Әртісі» атағы берілгендігі туралы куәлігі», тақиясы мен шапан, түпнұсқа фотосуреттері, Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік өнер институтының халық аспаптары кафедрасының 25 жылдыққа арналған түлектер мен мұғалімдердің венеткасы секілді 30-дан астам құнды экспонаттар қойылды.

Шаһар тұрғындары мен қонақтары аталмыш көрмені шілде айының 20-на дейін тамашалай алады. 

14.06.2024 ж. Ислам руханияты көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі барша мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айт мерекесіне орай, «Ислам руханияты» көрмесін ашты.
Алғашқы құттықтау сөйлеген Орталық музей директоры Рашида Ерімқызы Харипова, ислам бүкіл адамзаттың рухани өмірінің кемелденуіне және мәдениеті мен өркениетінің дамуына зор үлес қосқанын айта келіп, қазақ халқының да діни, саяси, мәдени, тілдік және әлеуметтік қарым-қатынастарына зор ықпал еткенін тілге тиек етті.
Сондай-ақ қазіргі уақытта түрлі ағымның жетегінде кеткен жас буынды ислам мәдениетімен сусындатуда осындай шаралардың маңызды рөл атқаратынын айтты.

01  02
 03  04
 05  06
 07  08a
 09  10

 Сонымен қатар, шараның құрметті қонақтары белгілі теолог, Құран кәрімді алғаш рет қазақ тіліне аударған Халифа Алтайдың ұлы Әбдірахим Алтай, шығыстанушы-тарихшы, РhD докторы Өмір Оразұлы, Философия, саясаттану және дінтану институты, Дінтану орталығының директоры Шағырбай Дүйсенбекұлы және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы, дінтанушы, Жүзей Аманқұлұлы арнайы сөз сөйлеп, көрмеге қойылған бірегей жәдігерлердің құндылығын түсіндірді.

Көрме төрінен орын алған экспонаттарды мазмұндық ерекшеліктеріне қарай Құрандар, тәпсірлер, мұхаммадия және мұхтасар кітаптар, діни мазмұнды әртүрлі литографиялық баспа кітаптар деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Көрермендер назарына алғаш рет ұсынылып отырған бірегей құнды жәдігер – бұрама қағаз түрінде жасалған пайғамбарлар шежіресі (ұзындығы – 4 м, 45 см., ені – 25 см.). Қолжазбада Адам Атадан бастап Мұхаммедті қоса алғанда 25 пайғамбар әулетінің, төрт әділ халифаның және ортағасырдағы сопылық ағымның ұстазы Жәлаладдин Румидің шежіресі қамтылған.

Сондай-ақ, көрмеде орама қағаз түрінде жасалған ерекше қолжазба Құран нұсқасы (ұзындығы – 9 м, 50 см., ені – 2,5 см.) қойылды. Құранда 114 сүре мәтіні өте ұсақ әріптермен бөлек-бөлек жазылған және Алла Тағаланың төрт көркем есімі берілген.

Хронологиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ қордағы Құрандардың ең көнесі 1054 һижри/1643 миләди жылдары жарық көрген. Сонымен қатар шығыстың көне қалалары Стамбул, Бомбей, Мысыр баспаханаларында, Ресейдің Петербор, Қазан сияқты ірі орталықтары мен Омбы, Орынбор, Ташкент, Самарқанд шаһарларының табиғханелерінде (баспа) басылып шыққан Құран кітаптар мен әртүрлі діни мазмұнды басылымдар құнды мұра ретінде аталмыш көрмеден көрнекті орын алды.

Құран Кәрімге арналып жазылған тәпсірлер, дұғалар жинағы, Адам атадан ХІХ ғасырға дейінгі кезеңдерді қамтитын қысқаша тарихи шолу басылымы, музей қорына Мәшһүр Жүсіп Көпеев кітапханасынан келіп түскен мухаммадия кітабы, Мұхамеджан Сералин жазған «Қожалар шежіресі» көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды.

Көрме 2024 жылдың 1-ші шілдесіне дейін жалғасады.

31.05.2024 ж. «Түркістан екі империяның билігі астында: отаршылдық және қуғын-сүргін» халықаралық көрмесі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде Орталық музей мен Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Мемлекеттік музейімен бірлесіп, 31 мамыр, 10.00-де Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Түркістан екі империяның билігі астында: отаршылдық және қуғын-сүргін» халықаралық көрмесі ашылады.

afisha-repressiiКөрмеде тұңғыш рет Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Мемлекеттік музейі қорынан Қазақстан мен Өзбекстанның қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлерімен қатар, С. Ходжанов, Ф. Зарипкызы, Т. Отарбаев, М. Мылтықбаев және т.б. фотоқұжаттары, Орталық музей қорынан А. Байтұрсынов, А. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Тынышпаевтың жеке кешендері, С. Сейфуллин, Х. Досмұхамедовтың музейлік заттары қойылады.

Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Айтылған тарих» ғылыми зертханасымен бірлесе отырып Қазақстан және Өзбекстан Мемлекеттерінің ғалымдарының қатысуымен «Орталық Азия елдеріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту барысы туралы: нәтижелері мен жалпы проблемалары» Халықаралық дөңгелек үстелі өткізіледі. Дөңгелек үстел барысында Өзбекстан Министрлер Кабинеті жанындағы Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік музейінің директоры, «Шаһидлар хотирасы» қоғамдық қорының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессоры Бахтияр Хасанов «Реформы в новом Узбекистане по увековечению памяти интеллектуалов-просветителей, репрессированных во время тоталитарного советского режима», Абай атындағы ҚазҰПУ-дің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Мәмбет Қойгелдиев «Қазақстандағы саяси репрессияның себебі мен салдары», Өзбекстан Министрлер Кабинеті жанындағы Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік музейінің бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы (PhD) Бахром Ирзаев «Перспективы совместных исследований истории репрессированных казахов, переселившихся в Узбекстан» және т.б. тақырыптық баяндамалар оқылатын болады.

Іс-шараға қатысушылар сағат 9.00-де Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке тағзым етіп, гүл шоқтарын қояды.

07.06.2024 ж. Танымал қазақстандық суретшілердің "Сұңқар" көрмесі

2024 ж.  7 маусымы сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік орталық музейі танымал қазақстандық суретшілердің "Сұңқар" көрмесін ашады.

Көрменің «Сұңқар» атауы кездейсоқ таңдалған жоқ: ол еркіндік пен шығармашылық ойдың биікке самғауын білдіреді. Шабыт пен сөз еркіндігін іздеген сұңқарлар секілді өнерпаздар да көрермендерге әлемге қайталанбас көзқарас сыйлау үшін өнердің биігіне көтеріледі. Өнердегі сұңқар көбінесе күш пен рухани асқақтаумен байланысты.

afisha-sunkharБұл көрме көркем сөз құдіреті мен самғау жеңілдігінің, биікке ұмтылу мен жан тұңғиығына сүңгудің үйлесімділігін көрсетеді. Көрмедегі әрбір жұмыс – әр суретшінің айналамызға деген көзқарасының ашылуы, шынайылығы және бірегейлігінің көрінісі.

«Сұңқар» көрмесінде сіз есімдері Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал – Асан Молдабаев, Шанов Өмірзақ, Мәлік Жүнісбаев, Қанат Әбдікәрімов, Жандарбек Сүгіров, Шахмұрат Сейітмұратов, Қадырбек Қаметов, Берік Молжігіт, Сергей Алексев, Серік Алексев, Серік Мырзагүл, Фатима Тарази сынды танымал суретшілер мен мүсіншілердің жауһар туындыларын тамашалай аласыз.

Көрмеге қатысушылардың барлығы Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшелері, ҚР өнер қайраткерлері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының, Илья Репин атындағы өнер академиясының, Суриков атындағы Мәскеу көркемсурет институтының, Мәскеу полиграфиялық институты  және Львов Ұлттық өнер академиясының түлектері, сондай-ақ олар республикалық және шетелдік байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары мен дипломанттары.

«Сұңқар» көрмесінің мақсаты – әрбір көрерменнің биік өнерге деген құштарлығына ояту және шабыт беру, қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің шығармашылық әлеуетінің тереңдігін көрсету. Біз әрбір келушінің өнер әлеміне еніп, оның күші мен қуатын сезіне алатын, тақырыптардың, әдістер мен өрнектердің алуан түрлілігін көре алатын кеңістік құруға ұмтыламыз.

Көрмеге әртүрлі жанрдағы 100 жұмыс, оның ішінде мүсін өнері де қойылады.

17.05.2024 ж. «Ұлы даланың Ұлы есімдері» көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2024 жылдың 17 мамыры күні сағат 18.00-ден 23.00-ге дейін Халықаралық музейлер күніне арналған «Білім беру және зерттеудегі музейлер» тақырыбында «Музей түні – 2024» дәстүрлі акциясын өткізеді.  

Акция аясында Қазақстан ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жетістіктерін көрсететін «Ұлы даланың Ұлы есімдері» көрмесі ұсынылады. Қазақстандық ғылым әлемдік ғылыми қазынаға орасан зор үлес қосып, тек мектептер ғана емес, сонымен қатар дербес ірі институттарда рәсімделген ғылымның тұтас перспективалық бағыттарын құрды, қазақстандық ғалымдардың тұтас бір тобын тәрбиелеп, әлемге ашты.

afisha-velikie-stepiКөрменің мақсаты: ғалымдардың қазақстандық ғылымның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін көрсету.

Көрмеде ҚР Орталық мемлекеттік музейінің қорынан көрнекті ғалымдардың мемориалдық кешендері ұсынылады: Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы шығыстанушы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, фольклоршы, аудармашы, журналист, саяхатшы; Ыбырай Алтынсарина – педагог-ағартушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф және жазушы; Абай Құнанбаев – қазақ ақыны, философ, музыкант, халық ағартушысы, қоғам қайраткері; Ахмет Байтұрсынов – қазақ ағартушысы, педагог, публицист, аудармашы, түркітанушы, лингвист және саяси қайраткер; Мұхамеджан Тынышпаев – қазақтардан шыққан алғашқы теміржол инженері, Түрксіб құрылысшысы, бірқатар тарихи жұмыстардың авторы; Сәтбаев Қ.И. – академияның негізін қалаушы, Қазақ КСР ғылымдарының докторы; Марғұлан Ә.Х. – археолог-тарихшы, өнертанушы және фольклоршы; Арғынбаев Х.А. – этнограф, археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Ақышев К.А. - кеңестік және қазақстандық археолог, "Алтын адамды" тапқан ұлттық мектептің негізін қалаушылардың бірі; Жәнібеков Ө.Д. – мемлекет қайраткері, этнограф; Қожамқұлова Б. С. – Қазақстандағы алғашқы әйел палеонтолог.

Көрме экспозициясына Шоқан Уәлихановтың мемориалдық кешендерінен жеке заттар – бөрік, мылтық, шам, күміс қасық және шанышқы, тұмарша (Тұмар), экспедициялық материалдар, эскиздер; Қ. И. Сәтбаевтың жеке заттары – фотоқұжаттар, кітаптар, марапаттар, кәдесыйлар; Өзбекәлі Жәнібеков – фотоқұжаттар, жеке сипаттағы құжаттар, кітаптар, жеке заттардан: аузы ашық және артқы жағында қабыршақтары, сақалы бар балықтың басы түріндегі қамысқа, үстел сағаты, екі ішекті домбыра және т. б. Сондай-ақ Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсариннің қолжазбалары, А.Байтұрсынов пен Мұхамеджан Тынышпаевтың ҚР орталық мемлекеттік мұрағаты мен ҚР Президенті Мұрағатының қорларынан анықталған мұрағат материалдары ұсынылады.

Іс-шара зияткерлік ойындармен, викториналармен және т. б. толықтырылады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source